Қойшы бала.
Апа... Ашшы кӛзіңді... (қойшы бала жылайды).
Апа... Бұның не?.. Жұмбашы кӛзіңді, апатай?.. Күтпейсің бе,
Қайыбыңды?.. Мен екеуіңнің қатар отырғандарыңды кӛрсем деп
армандаушы едім... Ол міндетті түрде келеді... Апа, Қайыптың әнін
айтып берейін бе?.. Тыңдашы тағы бірін айтып берейін...
Қойшы бала жылап орнынан тұрады.
Апатай
-
ай... Қуаныш пен шаттыққа жаратылған апатайым
-
ай...
Неге бұлай? Ақ махаббат пен пәк сезімнің ӛтеуі ӛлім бе екен?
Неге бұлай?
Құлшар ата!.. Мен міндетімді енді түсіндім!.. Атажан
айтқаныңның мағынасы енді жетті жүрегіме!.. Мен енді Ақбӛбекті
жырлап ӛтермін!.. Ешқашан ешкім ұмытпайтындай етіп жырлайтын
боламын...
Қойшы бала Ақбӛбек басын сүйемек болады, басына жастық
қоймақ болады. Қайғылы саз күшейе түседі. Жарық күші азая
бастайды. Қара түнекте қайғылы саз үні естіліп тұрады.
Сӛз соңы
(Сахна жабыларды терме сарынымен орындалып жатады).
Қасиетті Маңғыстау
Ғашықтардың мекені.
Шынайы сезім туғызар,
75
Осындай дала деседі.
Жырға қостық біз бүгін,
Ақбӛбек пен Қайыпты,
Есте қалған кешегі.
Ақбӛбек деген бір сӛзден
Махаббат лебі еседі.
Қарғыс айтқан бір жан жоқ,
Тиер деп жұртқа кеселі.
Жырлаған сайын сағыныш,
Күннен
-
күнге ӛседі.
Адай деген ел едік,
Бабалар әнін жырлаған.
Тыныстайды сол әнмен,
Ғасырдан астам бұл далам.
Ӛткен деп бір кез осындай,
Ақбӛбек дауы шырғалаң.
Бақытын іздеп ғашықтар,
Тап болған жолға бұрмалаң.
Сүйіскен жандар сезімін,
Мақтаныш етіп тұр далам.
Қалың елі, қарындас,
Сӛкпеді жастар сезімін.
Ӛртене жаздап отына,
Махаббат тапқан кезінің.
Шындығы айна бетіндей,
Жыраудың осы сӛзінің.
Шымылдық.
Екінші бӛлімнің соңы.
Ант
76
үш бӛлімді, тоғыз кӛріністі драма
Алғы сӛз
Осы еңбегімді сан ғасырлар шалғайда жүріп тарихи отанына
қайта оралғанда алғашқылар боп табаны Маңғыстау жеріне тиген,
алғашқылар боп жамбастары Маңғыстау топырағына тиген
қасиетті бабаларымыз: Бекет пен Саназар әулиелердің; Шотан
мен Қармыс батырлардың; Абыл менен Қалнияз ақындардың және
сол
секілді
есімдері
еліміздің
есінде
сақталған,
істері
жұртымыздың жүрегінде сақталған аталар мен аналар рухына
арнадым.
Сайын Назарбекҧлы
Ант
(
үш бӛлімді тоғыз кӛріністі драма)
Бірінші бӛлім “Ер анты”
аталады.
Тайсойған жерінде ас беріп жатырған құрдасы беріш
Мәсбатыр аулына келген Қожаназар бай ӛзінің баласы Есбердінің
сұрауымен жастар отырған үйдің жабығынан сығалайды. Мәсбатыр
байдың ерке қызы Шолпан Қожаназарға ауыр сӛздер айтып, келеке
етеді. Ашу үстінде намыс қысқан Қожаназар “мен сені әйел етіп
аламын” деп ант етеді. Мәсбатыр қызына құда түскен Қожаназар
құрдасына қыз бермеймін демей, мәселені ӛзінен қашырып “осы
мәселені билер шешсін” дейді. Қожаназар келіседі. Билер
Қожаназардың құда түсуін орынсыз деп есептемейді, құдалықты
қабыл алады. Бірақ қысқа мерзім беріп, тағы да басқа
орындалмастай талап қояды.
Қожаназар мен баласы Есберді билер қойған талапты
орындап шығады.
Екінші бӛлім
“Ару анты”
аталмақ.
Қожаназар мен баласы Есберді беріштердің барлық
сұрақтарын
орындайды.
Мәселе
шешіліп,
той
мезгілі
тағайындалады. Қожаназар Мәсбатыр үйіне келіп құрдасынан
кешірім сұрайды, қызыңды шақыр деп ӛтінеді. Қожаназар
Шолпаннан, ӛзінің қатты кеткеніне ӛкінетінін айтады, кешірім
сұрайды. Егер қыз қаласа ол ӛз ойынан қайтатынын, қыздың басын
босататынын хабарлайды.
Қожаназардың ісі мен сӛзін қатты бағалаған және
ӛз қатесін де
сезінген Шолпан қыз Қожаназар мен әке
-
шешесінің алдында ант
77
етеді. Қожаназардың ӛмір бойы құрметтеп ӛтетінін, тіпті жолына
құрбан болуға даяр екенін айтады. Әке
-
шешесіне қызым жасы үлкен
кісіге кетті деп ӛкінбеуін сұрайды.
Бұл бӛлімнің соңында бес жасар Қошанды қызықтап отырған
Қожаназар мен Ақшолпан қуанышын суық хабар алып келген
Орынбор мен Маната бӛліп жібереді. Адайлар мен түрікпендер
арасындағы дау туралы хабар жетеді.
Үшінші бӛлім
“Ел анты” аталмақ.
Бір тойда Адайлар мен түрікпендер арасында кезекті жанжал
басталады. Түрікпендер де, адайлар да Маңғыстау біздің ата
мекеніміз еді деп дәлелдер келтіреді.
Арты жер дауына айналады. Түркімендер Алланың алдында
ақталамыз, қазақтар ақтығына ант берсін, антқа Қожаназардың
Ақшолпаннан туған
жалғызы Қошанды ұстасын деп талап қояды.
Анттасу рәсімінде Бекет Қошанды алдына алып, қара тұлпар
мініп шығады.
Ант адайлар пайдасына шешіледі. Ел бекетті Пір тұтады. Аты
ұранға айналады.
Сол уақиғадан елу
-
алпыс жыл ӛтеді. Оғландыдағы Бекет –
Ата
мешіті алдында мінәжат етуге келіп отырған адамдар әңгімелесіп
отырады. Қарт Маната түркімендер мен адайлар арасындағы
болған ант туралы жиналған кӛпшілікке әңгіме айтады. Әңгіме
аяқталғанда ел “Бекет! Бекет!” деп әулиеге ризашылығын білдіреді.
Шымылдық жабылады. Сахна сыртынан “Бекет
-
Ата” әні орындалып
жатады...
78
Бірінші бӛлім. Ер анты
Бірінші кӛрініс. Намыс
Кӛктемнің соңы. Тайсойғанда аталарына ас беріп жатырған беріштер
ауылы.
Шеттеу тігілген бір киіз үйде жастар сауық құрып жатады. Үйде бас сұғар
орын жоқ. Жұрт үй сыртынан ән тыңдап, үй жабығынан сығалап қыздар кӛркін,
жастар ӛнерін әңгіме етіседі.
Жазғы жайлауға кӛшіп бара жатқан Қожаназар бай, баласы Есберді,
қосшы жігіті Маната асқа келеді.
Қожаназар:
Тайсойған жерінің құлпыруын
-
ай! Биыл түгін тартсаң майы
шыққалы тұр екен!
Есберді:
Әке! Бұлардың кӛктемде аталарына ас беріп жатқаны да
соның арқасы екен. Малдары тез қоңданатын жер болғаны ғой.
Маната:
Қожеке! Жері сондай болғанда, елі неге бай емес?
Қожаназар:
Бар ғой байлары.
Ас беріп жатқан Мәсбатыр құрдасым бай
адам. Бірақ бұлар жартылай отырықшылау болғандықтан малды
шексіз кӛбейте бермейді.
Алдарынан бұларды күтіп алуға Мәсбатыр ұлы Жайықбай мен
Сұлтанғали би шығады. Жайықбай бұрынырақ сәлем беріп, бұрынырақ қолын
ұсынады.
Жайықбай:
Ассалаумағалайкум, Қожеке!
Сҧлтанғали:
Ассалаумағалайкум, Қожеке!
Қожаназар:
(сәлемін сәл кешіктірген Сұлтанғалиға назар аудармай
Жайықбаймен амандасып жатады)
Бар бол балам! Жайықбаймысың!? Менің қҧрдасым
Мәсбатырдың кенжесісің ғой, сірә?
Жайықбай:
Таныдыңыз Қожеке! Бірақ мен кенже емеспін. Менің Шолпан
деген қарындасым бар!
Қожаназар:
79
Ия, солай еді ғой. Мен сені ұлдан кенже деп жатырғаным ғой,
әйтпесе Мәсбатыр қыз балалы болып ұлан
-
ғайыр той жасағанда біз
де қатынасқанбыз сол тойға!
Сҧлтанғали:
Ие, ол бір үлкен той болған еді.
Қожаназар:
Ата
-
бабаларыңа бағыштап беріп жатқан садақаларыңды
Аллатағала қабыл еткей! Мал
-
жандарың аман ба, шырағым?
Жайықбай:
Айтсын! Мұздай қаракӛк!
Қожаназар:
Е
-
е, кісі болып қалыпсың ғой! Сӛз саптауың жақсы екен!
Мәсбатыр байдың дені
-
қары сау ма? Құрдасын ӛзі қарсы
алмай, баласын жібергені қартайғаны ма?! Бірақ ондай
боркеміктердің қартаятын кезі де жеткен болар!..
Жайықбай:
Сізден бұрын қалай қартаяды!
Қартайған жоқ, ӛзіңіздің
құрдасыңыз емес пе...
Қонақтарды қарсы аламын деп қолы босамай қалды.
Құрдасыма сәлем айт, маған ӛкпелемесін деген.
Сҧлтанғали:
Жайықжан, Қожекеңнің алдын босат. Біз де амандасалық.
Қожаназар:
Жайықбайжан! Тігілмген үйдің тӛріне таласып жатқан мынауың
кім!
Жайықбай қысылып, ыңғайсызданып қалады.
Жайықбай:
Әкем Сұлтанғали ағаны сізді қарсы алсын деп әдейі жіберген.
Сҧлтанғали:
Қожеке! Сӛзге де, тӛрге таласым жоқ! Таласқанда да Адай
байымен қол алысып еді деп менің қолыма қозылы қой жұғып қалар
деймісің?
Қожаназар:
Қолыңа қозы тұрақтамағанмен тіліңе шиқан тұрақтаған реті
бар ғой?.. Ие, Сіз де аман
-
есенсіз бе?
Қожаназар мен Сұлтанғали қолдасып амандасады.
Сҧлтанғали:
Құдайға шүкір!
80
Мәсбатыр асыма құрдасым Қожаназар келеді деп дүйім елді
күбінтіп қойды. Тап қазір ӛзінің қолы тимегесін алдыңыздан шығып
амандасып жатқанымыз ғой. Әйтпесе онша кӛрнекті кісі емеспіз.
Жарлы жатақ, балықшымыз.
Маната:
Шарғаң шағын екен. Мына бойыңмен суға қалай бойлап
жүрсің? Әлде балықты жағада тұрып аулайтын балықшымысың?
Сҧлтанғали:
Адам суға түскенде бойына сеніп түспейді. Жүзіп білетініне
сеніп түседі. Бірақ су жағдайын, су қадірін Маңғыстау мен Орынбор
арасын шаңдатып кӛшіп жүретін адайлар қайдан білсін!
Сұлтанғали Қожаназарға сынай қарап қояды.
Қожаназар:
Маната! Естіп тұрмысың! Қақпанды қалай құрады!
Маната:
Шаян құйрығындай тілінің ащысын
-
ай мына беріш ағамның!
Қалай ойлайсың, айтшы қані! Су қадірін қара тасты қашаумен
қашап, шапашотпен шауып, тереңдігі жүз қадам шыңырау қазған
біле ме, әлде шалқып шатқан Жайыққа мал жаптырған біле
ме?
Сҧлтанғали:
Біз су қадірі туралы ойлап кӛрмеппіз. Бірақ Қожаназар бай
жайлауға кӛшкенде Үстіртті кесіп ӛтіп, шӛл жылқысын Жемге
жапқанда ӛзен суы бір тұтам ортайып кетеді екен деп еститінбіз.
Алды Жемнен су ішіп жатқанда үйірлерінің соңы Манатадан жаңа
кӛтеріліп жатады екен деседі ғой. Бұ жақтағы ел Қожаназар қадірін
жақсы біледі.
Қожаназар:
Сұлтанғалиға сынай қарап:
Рас, мал ӛсірдік. Біз емес ел ӛсіріп жатыр. Біздің малымыз –
елдің малы. Бірақ Қожаназар елге қадірлі еді деген пікірді қайдан
алдыңыз?
Сҧлтанғали:
О не дегеніңіз Қожеке! Сіздің қадіріңіз ӛз еліңіз түгіл біздің елге
де Алатау асқарындай емес пе? Ал Алатау асқарын сӛзбен де, ой
мен де аласарта аласың ба?
Қожаназар:
Мынадай сӛзіңді доғармасаң мені түбі қозылы қойсыз
қалдыратын түрің бар! Мадақтауыңды шектеші! Жаңа жатақпын,
жарлымын деп жатырған жоқ па едің? Жарлы емес, тіліңнен
жарылып тұрған жорғасың ғой, ӛзің!
Сҧлтанғали:
81
Шешем адайдың қызы еді. Жиендік жасап жатырғаным ғой.
Қозылы қой қайда қашар дейсің. Аузыңыздан шықты. Алармыз. Бір
реті болар. Алажағыңды алып кет десең іздеп те барармыз. Ат
мінгізсең айдап та қайтармыз. Биыл қай жақты жайламақ ойларың
бар еді?
Маната:
Қыз дегенді басқа жұртқа бермеу керек
-
ау деймін, Қожеке!
Қарашы, біздің апамыздың бар ӛнерін бойына сіңіріп алып,
тақылдауын! Сӛйлетсең болды ӛзі болғандай
-
ақ, ӛзі туғандай
-
ақ...
Қожаназар:
Сӛйлесін! Сӛз адамнаң ішін ашады. Нағашыларыңнан қозылы
қой аламын, ат мініп қайтамын десең биыл Тұзтӛбе жақтан іздейсің.
Маната:
Қожеке! “Құлан қырда, құндыз суда” демейтін бе
еді? Құланға
ұқсап түзде жортып кӛрді дейсің бе? Жайықтан түстік жолға шықса
шӛлдеп қалады ғой, бұ жиендер!
Сҧлтанғали:
Сонда Маңғыстау мен Тұзтӛбе арасы қанша жер?
Маната:
Малдың жағдайымен санасып, елдің жай
-
күйін ойлай, асықпай
жылжығанда екі ай кӛшетін жол.
Жайықбай:
Сонда сіздер шынымен Тұзтӛбеге дейін кӛшесіздер ме?
Қожаназар:
Мәсбатыр
құрдасым
биыл
Тайсойғанды
жайла
деп
шаужайыма жабысып жалынып жатпаса солай болады.
Сҧлтанғали:
Неге жабыспасын? Жабысады! Мәсбатырға қосылып ел де
жабысады. Сіздей қайырымды байдан бір түйе сауын алса да, бір
аттың майын мінсе де жатақ елге қайыр емес пе?
Жайықбай:
Қожеке! Мен Сіз түсетін үй дайындығын байқайын.
Қымыз сапыртайын.
Қожаназар:
Шаруаңнан қалма, балам. Мына шиқан тілді жиен бізді
адастырмас.
Жайықбай кетеді.
Бұлар бір киіз үйдің қасына жақындайды. Жұрт сол үйдің
жабығын кӛтеріп таласа ішке қарап, ән тыңдауға тырысып жатады.
Маната:
Есберді! Мыналар не істеп жүрген адамдар!!
82
Есберді:
Шынымен де! Құрттаған қойдың құйрығына үймелеген
шыбындай ана адамдар үй жабығына жабысып қалыпты ғой!
Оларды соншама құмар қылған не болды екен?
Сҧлтанғали:
(Есбердіге)
Әкең Қожаназардың құрдасы Мәсбатыр байдың алты ұлы бар.
Бұл үй байдың алты ұлдан кейін сағынып кӛрген сүйікті қызы
Шолпанның отауы. Осындай тойда
байдың ерке қызының жастарды
жинап алып, сауық құратын әдеті бар. Ал жұрт Шолпанның кӛркі мен
сӛзіне құмар. Дәмесі бар да, дәмесі жоқ та бір қарап қалмақ.
Есберді:
Шолпан қыздың жұртты несімен қызықтырып жатқанын білсек
қайтеді? Әке, біз де қарайық па?
Қожаназар:
Қараңдар! Қарай беріңдер, шырақтарым! Қымызды кім ішпейді,
қызды
кім айттырмайды деген.
Есберді:
(жабықтан сығалайды)
Астафралла! Әке! Мынадай да сұлу жан болады екен ғой!
Қараңызшы!
Қожаназар:
Қой
шырағым!
Сақалым
сапсыйып
қыз
жабығынан
сығалайтындай маған не кӛрініпті. Қанша сұлу болғанда да шешең
Айсолымнан сұлу деймісің...
Есберді:
Әке! Қарай салшы! Нең кетеді!
Есберді үзіктің жиегін молырақ кӛтеріп береді. Қожаназар жабықтан
немқұрайлы қарай салмақ болғанмен Шолпан қызға кӛзі түсіп кеткенде қатты
таңырқағанын жасыра алмайды... Күбірлеп...
Қожаназар:
Мынау перінің қызы ма?.. Әлде періштенің ӛзі ме?..
Есберді:
Айттым ғой, әке! Айтқаным сол ғой! Шынымен де ана қыздар
ішінде Шолпандай жарқырамай ма?
Қожаназар:
Қалған қыздар жұлдыз болса мына қыз жай Шолпан емес
Ақшолпан болар! “Ән сазымен, қыз назымен” дегенді шешендерге
осындай сұлулар айтқызады екен
-
ау, шіркін!
Киіз үй ішіндегі ән тоқтап қалады. Барлығы да жабықтан
қарағандарға қарап, бір
-
бірімен сыбырласып кетеді.
83
Тҧмар:
(Шолпанға сыбырлап)
Сені ана шал –
мына қыз Шолпан емес Ақшолпан –
деп
жатыр.
Жастардың сыбыр, күбірі кӛбейіп кетеді.
Жастардың бірі:
Мына кісінің сақалын
-
ай!
Жастардың тағы біреуі:
Бұлар жабықтан неге сығалай береді екен?
Шолпан:
(ӛзіне бажырайып қарап қалған Қожаназарға естірте
дауыстап)
Неменеге бажырайып қалған мына шал! Күз айында қошқарға
күйекке жарарлық ана сақалынан ұялмай ма?
Қожаназар:
Астафралла!
Шолпан:
Анадай сақалды ӛз орнына пайдалана алмайтын болғасын,
басқа пайдасына асырып, бір жеріне белдемше етіп байлап алмай
ма! (жастар күледі).
Қожаназар:
Астафралла!
Шолпан:
Қартайғанда қыз жабығынан сығалап, ойынымызды бұзғаны
несі? Бұ заманның қарттары ерте алжи бастаған болар ма?
Есберді:
Әке! Мына қыздың кӛргенсіздігі кӛркінен де асып кетті ме?
Қалай, қалай ҥдетеді, әңгімесін?
Қожаназар:
Естіп тұрмын!
Есберді:
Әке! Бірдеме демейсіз бе?
Қожаназар:
Дегім
-
ақ келіп тұр! Тек қана мына қызға ұқсап сіздер,
әйелдерім мен балаларым, маған ӛкпелейсіңдер ғой, кейін!
Есберді:
Әке! Деші! Ӛз мойныма аламын! Ешкім ӛкпелемейді! Мына
қорлық сӛзді естігенше, ӛмір бойы сол үшін бір шаруаның соңында
жүрейін!
Қожаназар:
(даусын кенеп, “Ей шырағым!” дейді). Жұрт тына қалады.
Ей, шырағым! Ей, адуын қыз! Құлағың естігіш екен! Енді қапы
қалмай тыңдап ал! Жай айта салған сӛз үшін менің алты алашқа
84
қадірлі басымды да, періштеге мекен болған қасиетті сақалымды да
жұрт алдында масқараламақ болдың!
Шолпан:
Ӛз обалың ӛзіңе!
Қожаназар:
Бірақ сен кісі танымайды екенсің, ерке қыз! Кімнің кім екенін
сезе алмадың!
Шолпан:
Сонда кім екен ол!
(күледі, жастар қосыла күледіі)
Қожаназар:
Мен бұрын кім болғанымды айтпай
-
ақ қояйын! Бірақ ендігі
жерде саған кім болатынымды болжап берейін!
Шолпан:
Ал, кӛріпкел шал! Айтыңыз, жыныңыз не деп сыбырлап тұр,
құлағыңызға!
(Жастар шуылдасып, күліп жатады)
Қожаназар:
Ендеше тыңда, тәрбиесіз қыз! Менің ендігі қалған
ғұмырымдағы
тӛсектесім сен болатын боласың, ерке сұлу...
Шолпан:
(абдырап қалады)
Тәрбиесіз дейді... Тӛсектесі несі?..
Қожаназар
:
Бұны “бақыт” десең бақытты етермін. “Сорым” десең менен
жалынып ӛзің сұрап алған ӛкінішің болар. Неде болса ендігі қалған
ғұмырымдағы менің тӛсектесім сен болатын боласың!”...
Шолпан:
(Орнынан тұрады)
Тҧтақ!
Қожаназар:
Осы жасқа келгенше берген уәдемді аяқсыз қалдырып
кӛрмеген жанмын. Алла тағаланың кӛзі дұрыс болса, тағы да солай
болады.
Шолпан:
“Інгенімді қараймын деп мінгенімнен айрылдым” –
деген сӛз
бар емес пе еді. Мына сӛздеріңді естісе менің алты ағам еліңе дейін
жаяу қуар, сақалыңды желпілдетіп.
Жастар шулап күледі.
Қожаназар:
Алты ағаң түгіл алпыс атаңнан сескенбедім!
Мені қатты ерегестірдің, шырағым! “Күшті қауіпті емес, кекті
қауіпті” –
деген сӛзді де біз шығарған жоқпыз. Біз күшті едік, ендігі
жерде кекті де болатын болдық. Бір ауыз сӛзіңнен түскен от, осы
85
Тайсойғанды емес, мына он екі ата Байұлы даласын тұтас ӛртеп
кетіп жүрмесін!..
Әңгімені сақтана тыңдап отырған Тұмар ортаға түспек болады.
Достарыңызбен бөлісу: |