Итбай.
Сіздермен енді
сӛз жоқ. Біз Сіздермен сӛзді доғардық.
Әкеле алсаңдар қыз бен ұрыны алдыма әкелесіңдер, тек қана сол
кезде сӛйлесеміз. Басын босату туралы әңгіме де жоқ...
Мамыртай
.
Ит
-
еке! Қомы бауырына кеткен буыршындай
туламаңыз. Адамға қай уақытта да жӛн мен шама керек... Ит
-
еке...
Кедей.
Ей, сенің қайта
-
қайта ит
-
екең не, осы?
Мамыртай.
Оның атын Итбай қойған мен деп пе едің?
Ұрынудың да жӛні болу керек емес пе, Кедей батыр? Құда деп
айтқызбаса, ӛзі ауызға ұрса... Атын айтқызбай енді сен ауызға
қақсаң?.. Қалай сӛйлесеміз енді біз?.. Ей, айтыңдаршы!.. Бұл не
тулау?.. Ел
-
жұрттарыңнан бұрын қыз қашып кӛрмегендей..
Сіздердің қыздарың емес пе еді, осыдан үш жыл бұрын,
түрікпенмен қашып кетіп, екі елді бір жыл бойы соғыстырған?..
Итбай.
Әй, Кедей! Неғып отырсың? Бұлармен сӛз жоқ дедім
ғой! Тыңдама сӛзін... Тұр, бәрін ӛргіз. Бәрін аяғынан тік тұрғыз!..
Жердің астына кіріп кетпесе, екеуін де тірілей осында жеткізіңдер.
Қыз бұлардікі болса, келін біздікі... Бұлардың сүйегіне таласы болса,
біздің етіне таласымыз бар. Әзірге тірі тұрғанда еті біздікі... Жүр,
кеттік...
Итбай мен Кедейлер Мамыртайды қалдырып шығып кетеді.
Мамыртай. Ай, Бӛбекжан
-
ай! Мыналар бізді осылай қорлай
алар ма еді? Мені ӛз үйінде жалғыз қалдырып, тарап кеткенін
қарашы... Құда деп те, қонақ деп те сыйламады
-
ау!.. Ай, Бӛбекжан
-
ай! Арттағы жұртыңның ел арасындағы бағасы осындай болып
47
қалды... Ӛзіңнің күнің не болар екен?.. Байғұс балапан
-
ай!..
Бӛбекжан
-
ай... Бӛбекжан
-
ай...
Кемсеңдеп, қорланады. Шымылдық жабылады.
3-
кӛрініс. Кедей мен Есберген.
Кедей және сарбаздар жолға жинақталып жатады.
Кедей.
Сарбаздар! Ер қаруы бес қару, сақадай сай болатын
болсын!
Олар Маңғыстауға қашсын деп тілелік. Осы жерден Маңғыстаудың
ойына құлайтын ұрымтал екі
-
ақ жол бар. Онымен кетсе ешқайда
барып тығыла алмайды.
Бұлардың үстіне Есберген келеді.
Кедей. Есберген!.. Шырағым
-
ай... (күмілжиді)
Есберген. Естіп келемін!..
Ештеңе айтпашы,
Кедей аға!
Кедей. Бұл таңба сүйегімізден енді кете қоймас!
Есберген. Батыр аға! Бәріне де шыдауға болар еді,” тек қана
мені кіммен айырбастағанын білесің бе?
Кедей. Білемін!
Есберген. Есік алдындағы етікшімен! Тегі де жоқ, елі де жоқ
қаңғыған қара тобырдың бірі... Қолындағы балғаман былай етіп
шеге қағып, аузындағы тарамыс кірін шырт
-
шырт былай түкіріп
отырған етікшіге...
Кедей. Ӛтеуі жоқ қорлық болды.
Есберген. Құдайым
-
ау! Нар кӛтермес мынау жүкті мен қалай
кӛтермекпін?.. Ит арланар мынау қорлыққа мені қалай шыдайды
деп ойладың?.. Не жазығым бар еді басыма қасіретті үйе салатын?..
Ел бетіне қалай қараймын... Кедей аға?..
Кедей. Ал, інім! Ойламаған жерден басымызға сын сағаты
туды. Бұл
уақиғадан абырой жоғалтпай шығу қажет. Енді соған еңбек етелік.
Есберген. Сенің айтып тұрғаның қай абырой, аға? Сол абырой
дейтін нәрсеңнің әлі де біздің басымызда қалғаны бар деп ойлайсыз
ба?
Кедей
.
Шырағым қыз қашқан деген елге мін емес. Қашқан
қызды
басына жіберсе мін сол болар. Мәселе қашқан қызда да емес.
Мәселе қызды аздырған ерде. Сол еркекті аяқ астына салып,
48
былайша таптамай, еркекпін деген кеудесін ездік кейіпке түсірмей
ел сӛзін тоқтата алмаспыз...
Есберген. Елдің несі кетіп жатыр? Менің ішімнің от боп жанып
жатқанын неге ойламайсыз?.. Ӛртеніп барады ғой!..
Кедей. Сен ер жігіт емессің бе? Тек ыңғай білдірші! Тап қазір
барып
Есжан аулының бір қызын ӛңгеріп келейін. Қалыңмалы тӛлеулі. Ана
Есжан қызынан он есе сұлуын таңдап әкелейін!
Есберген. Жоқ ағасы... Онымен жара жазылмас...
Кедей. Баласыңдар ғой! Жара дейді... Жазылмайды дейді...
Жоқ,
жазылады... Күзге дейін бірін емес екі қатынды қатар алшы... Қалай
жазылмас екен!..
От орнында күл қалар. Күл
орнына гүл шығар!..
Есберген. Ағажан
-
ай! Жүрегім күйіп барады... Ӛртеніп
барамын... Ішімде біреу бардай... Сол іші
-
бауырымды ащы
запыранға салып, улап жатқандай... Қайтейін, ардақтап жүрген асау
басымды құл
-
құтанға қор ететін болды
-
ау!..
Кедей. Ойбай
-
ай, мына азған заманның бозбан адамдарын
-
ай!
Зығырданымды қайнатып... Жүрегі несі... Жарасы несі... Ау, сен жігіт
емессің бе?.. Айтып тұрған басың не?.. Жігіт осындайда ӛз басын
ойламас болар. Берісі ауыл намысын, әрісі ру намысын ту етер
болар.
Есберген.
Кедей, аға! Мен енді не істеймін?
Кедей.
Бұл мәселенің екі түрлі шешуі бар.
Біріншісі, қашқан қызды тауып әкеліп, қатын ету. Бірақ қашқан
қызды қайтарып алып келіп қатын қылғаннан абырой
-
атақ
кӛбеймейді. Менің ойымша екіншісі дұрысырақ. Екіншісі Есжан
аулының басы бос бір қызын ат кӛтіне ӛңгеріп келу!.. Осы
дұрысырақ! Кек қайтады. Жұрт та разы болады.
Есберген. Аға сен мені тағы сӛгесің ғой, сӛге бер, мен Бӛбекті
жақсы кӛремін. Мен оның сұлулығын сағынамын, атағына мастатын
едім... Әнін тыңдап құмарымнан шығармын
-
ау деп армандаушы
едім!
Кедей. Мәс
-
саған!.. Намыссыздықтың да шегі бар емес пе? Сен
білсең етті, мына әжелерің мен шешелеріңнің жартысынан кӛбі
қалмақтар мен жоңғарлардың қыздары екенін! Соларға сенің ата
-
бабаң ғашық болып үйленіп, айттырып алып па екен?
Есберген. Ол басқа заман ғой.
Кедей.
Заманның бәрі бір заман. Тек адамдары басқа. Сенің
ӛзіңнің арғы шешең қалмақтың қызы емес пе еді...
Есберген. Ол рас.
49
Кедей.
Не ғажабы барын, солардың шетінен жатыры асыл!
Адайдың барлық атақтылары сол қалмақтар жиені. Аталарың
ғашықтық, сүйіспеншілік демей
-
ақ, жаудан алып келіп қатын қылып
ала салатын.
Есберген. Бәріміз әйелді қалмақ пен жоңғардан алсақ қазақ
қызын кім алмақ?
Кедей. Мына шіркін не деп тұр!.. Елін ойлайтын ер бір
қатынмен шектелуші ме еді? Әдетте, үлкендер баласына
бәйбіше етіп қазақтан айттыратын. Ӛзіне тең құда таңдайтын.
Сӛйтіп ұлын ӛз теңіне, болашақ бәйбішесіне, қазақ қызына
үйлендіретін. Ал тоқалдыққа жігіт ӛзіне ұнаған кез
-
келгенін,
қалағанын, тіпті жаугершілікте қолға түсіп бұйырғанын ала
беретін. Отыр ғой біздің үйде екі тоқал... бірі түрікпен, бірі ӛзбек
шешелерің... Олар ешкімнен ӛздерін кем санамайды...
Есберген. Үйде береке жоқтығы да содан басталады емес
пе?..
Кедей.
Үй берекесін ойламас бұрын ел берекесін ойлау қажет,
шырағым. Ұлының саны онға, баласының саны он беске толғанша
ер жігіттің ел алдындағы міндеті орындалмақ емес. Бір әйел сонша
бала туа бере ме? Қатын алу, есіңде болсын, сүю мен күю үшін
емес, ол мына жан
-
жағың жауға толы еліңді қорғаудың бірден
-
бір
жолы. Сол жолда әр еркектің қолынан келер жалғыз ерлігі қатын
алу. Сосын бала таптыру!.. Міне солай, інішек!.. Барлық еркек
қолына қару алып жау қайтара алмайды. Ал әлгі шаруа, қатынмен
істелетін шаруа, тіпті түнде дәретіне шығуға қорқып қатынын ерітіп
шығатындардың да қатырып істейтін шаруасы...
Есберген. Жаным жылап, тәнім күйіп сізге шағынып тұрсам...
Кедей.
Ер жігіт ешқашан ӛз басының қайғысына жыламас
болар.
Жалғызы жауда қаза болған, мақтанар болар... Балам жауда ӛлді
деп ер жігіт елге міндет етпейді. Ел азаматтары сондай болғанда
ғана ел ел болады. Ал, болды, жарар, інім. Бір сӛзді қайталай
бермелік. Мен айттым жаңа, бұл істі екі түрлі жолмен аяқтауға
болар, қайсысын қалайсың?
Есберген. Бӛбекті тауып әкелелік.
Кедей.
Әлгі сӛздің бәрінің желге ұшқаны ма?
Есберген.
Әуелі біреуін аяқталық, қалғанын кейін кӛрерміз.
Кедей. Екі шаруаны қатар бастасақ қайтеді. Үйленбеген
жігітсің.
Қашқан Бӛбекті үйге бәйбіше дәрежесінде кіргізген ұят болады.
Есжан аулының бір қызын бәйбішең етіп кіргізелік әуелі, сосын
тоқал
етіп Бӛбекті де әкелелік.
50
Есберген. Жоқ, аға! Әуелі Бӛбекті табамыз. Бірақ оларды жау
деп іздемейміз. Мен Бӛбекпен сӛйлескім келеді... білгім
келеді... Мені етікшіге неге айырбастады?.. (қызына бастайды)
Қайып дейтінін де кӛргім келеді!.. Оның бағы неліктен менен
артық болды?.. Түсінгім келеді!..
Кедей. Билік сенде, шаруа сенікі, інім. Онда іске кіріселік.
Айтар
ақылың бар ма?
Есберген.
Жақында менің бір жігітім Қайыптан ән үйрендім
деп жүрген.
Кедей. Түсінбеймін... Сендей жігітті қиып, ӛз ауылын жерге
қаратып, біздерді масқара етіп... Сондағысы бір жалаңаяқпен
қашып... Әйелдерде де шайнам ақыл жоқ. Ән салатын болса жын
иектеген әуелілердің бірі болды ғой...
Есберген.
Немен қарайсаң сонымен ағарарсың деген. Бӛбекті
менен ажыратқан Қайып емес Қайыптың ӛнері мен әні болар.
Мен де сол құралды, сол әнді пайдаланам. Той жібермеңдер.
Шілдеханадан қалмаңдар. Қайыптың әні айтылған жерден сол
әннің ізімен ілесе беріңдер. Ән ақыры иесіне жеткізеді.
Кедей. Мынауың ақыл екен. Енді бұ Арқадағы бірде
-
бір той
біздің кісілерсіз ӛтпейтін болады. Әншінің Қайып әнін қайдан,
кімнен естігенін сұрастыра жүріп, қашқындардың жасырынған
аулын да тауып аламыз.
Есберген. Сол дұрыс.
Кедей. Ақылдысың інім. Тек қана сол ақылға қайсарлық пен
намысты жолдас ете алсаң, шіркін! Жауға мейірімсіз бола алсаң!
Есберген. О қасиеттер сіздің басыңызда бар ғой, біздің ауылға
жетер сондай бір кісі.
Кедей. (кӛңілденіп қалады).
Жарамайды. Қазақтың әр ер
жігітінің бас қасиеті –
жауына деген мейірімсіздігі, сонымен
қоса оның қайсарлығы, намысы.
Есберген.
(Есберген кетіп бара жатып тоқтайды). Аға! Жау
деген сӛзді кісі ӛз елінің адамдарына да пайдала бере ме?.. Қалмақ
пен хиуа баскесерлеріне тағылар жау деген сӛзді жалғыз жетімге
қосарлау қаншалықты дұрыс болар екен?.. Ал жалғыз жетім біздің
елдің жауы еді деп даурыққаннан ел не абырой табады дейсің?..
Кетеді.
Кедей.
(Кедей аңырып қалады).
Мен мына заманның
жастарына түсінуден қалдым... Бұлар кімдер? Ерлері қайсы, ездері
қайсы? Шалалары кім, даналары кім?..
Не десеңдер о деңдер, менің жауым Қайып!
Ол итті табаныма салып таптамай, қара қанын ағызбай...
51
Жонына найза қадамай... Менің қуанышыма қызыққан кӛзін
ағызбай...
Кӛзіне кӛк шыбынды үймелетпей... ендігі жерде менің демімде
дұрыс тыныс, ұйқымда дұрыс тыныш болмас...
Шымылдық.
4-
кӛрініс. Қалашылардың оралуы.
Қалашылары Бесқаладан келген Бегей ауылы мәре
-
сәре боп
жатады. Әр қалашының алдынан жақындары шығып, қуануда.
Қайыпты ешкім қарсы алмайды. Алақтап жан
-
жағына қарағанмен
Ақбӛбек кӛзіне түспейді.
Ауыл адамдары :
-
Аман
-
саусыңдар ма?
-
Олжалы оралдыңдар ма?
-
Бесқаланың қай қалаларында болдыңдар?
Бегей. Бәрі жақсы, сапарымыз сәтті болды.
Ауыл адамдары:
-
Кӛш
-
кӛліктерің аман ба?
-
Дәл екі ай жүріп келдіңдер.
Бегей. Ӛздерің де амансыңдар ма?
Қарт кісі. Ауыл азамтсыз қалып, қорлық кӛріп
отырмыз.
Қайып. Ау, ағайындар! Менің үйімнің түндігі неге жабық?
Бегей.
Солай ма?.. Қорлығы несі?.. Ақбӛбек келін қайда?
Қарт кісі.
Қапияда аяулымызды алдыртып отырмыз.
Шырағым, Қайыпжан! Алыс жолдан келдің ғой, үйге кірелік.
“Құлақтан кірген суық сӛз,
жүрекке жетіп мұз болар” –
деген екен,
үлкендер. Дем алыңдар. Жайғасып отырып айталық.
Қайып. Ақсақал мен шаршап келіп едім, дем алдыр деп
тұрғаным жоқ. Менің үйімнің түндігі неге жабық деп сұрап тұрмын
ғой.
Бегей. Ау, айтсаңдаршы не болғанын?
Қарт кісі
.
Айналайын
-
ай! Аузым барып қалай естіртсем екен!
Ақбӛбекті Кедей батыр бастаған тентектер келіп тартып алып кетті,
бізден. Қапы қалдық.
52
Қайып. О дүние!, жалғандығың рас екен ғой!..
Ұрлаған екенсің
ғой басымдағы бақытты, ұшырған екенсің ғой!..
Құдайым
-
ай,
нем
бар еді со Бесқалада? Не жоғалтып ем? Ең болмағанда Ақбӛбегімді
арашалап, жан бере алмағанымды
-
ай!.. Бұ тірліктің мәні не, енді?
Бегей. Неғып хабарсыз жатып алды деп едім
-
ау... Айласын
асырғанын
-
ай!.. Ұмыттырып барып, қапы қалдырғанын
-
ай! Әттеген
-
ай
...
Қарт кісі. Кедей батыр қашқындарды паналаттың деп, бізге де
салмақ салып кетті. Енді бұларға қамқоршы болсаңдар аулың
шабылады дейді, бас жауым Қайып емес сенсің, деп кетті, Бегей
шырағым.
Қайып. Әттең, шіркін!
Ауған асып, Иран ӛтіп кетпей... Ел... ел
деп... Ел дегенде кӛрсеткені осы ма, бұл елдің?
Бегей.
Қайыпжан!, ел емес саған зорлық жасап жатырған.
Елден түңілме.
Қайып.
Ел болмаса жалғыз Кедей осылайша талтаңдап жүрер
ме еді? Ел емес пе билігін соған беріп қойып отырған?
Бегей.
Елден түңілме, шырағым. Ел оны бүгін қолпаштаса,
ертең сені қорғайды.
Қайып. Қорғағаны осы ма?
Бегей.
“Жол сұрамай жолға түспе” –
деген екен, үлкендер.
Әуелде де бір қате жіберіп едің. Тағы жаңылыс баспа.
Қайып. ”Жолдан адасу айып емес, жолға жүрмеу айып”.
Бегей.
“Бар уақытта болған іске ақылмен кіріс”... “Ашу дұшпан,
ақыл дос”,
-
депті, үлкендер.
Қайып.
Ақыл деген бір рет дос болса, екі рет дұшпан болатын
болып жүр ғой, біздей жалғыздарға.
Қарт кісі.
Енді не істемек ойың бар?
Қайып. Ең алдымен сіздерге зиянымды тигізбеуге тырысамын.
Ендігі жерде менің тұрақты орным болмас.
Бегей. Жалғыз ӛзің не тындырасың? Босына мерт боласың
ғой.
Қайып. Бар арманым Ақбӛбек жолында мерт болу. Басқа
тірлікті қаламадым мен.
Бегей. Сабыр ет, ақылға кел шырағым.
Қайып.
Ақбӛбек мен үшін бәрін құрбан етіп еді, мен ең
болмаса арашаға да түсе алмадым. Ой, шіркін
-
ай! Арашаға да
жарамадым
-
ау!.. Ақбӛбегім
-
ай! Мен үшін бәрін таразыға тартып
едің
-
ау! Мендей жарлының жалғыз жанынан басқа не бар! Ендігі
жерде шалдым құрбандыққа сол барымды...
Қайып ӛз үйіне беттейді.
53
Бегей. Қайыптың үйінің түндігін ашсаңдаршы.
Бір келін асығып барып түндігін ашады
5-
кӛрініс. Қайып қасіреті.
Қайып үйінде теңселіп әрлі
-
берлі жүреді.
Қайып. Ай, пендешілік
-
ай! Базар шығып Ақбӛбекті үлде мен
бүлдеге орағым келді
-
ау!.. Бай қызы ғой, дүниеден тапшылық
кӛрмесін деппін. Ол болса “осы сапарға бармашы” деп қанша
сұрады, қанша жалынды... Кімге керек енді мана алтынзер
маталар... алтын түймелер... Иесіз қалған... Адыра қалған...
Ақбӛбегім
-
ай, жүзіңді
бір кӛрмекке зар болып келгенде...
Әкелген заттарын қоржынынан шығарып, лақтырады.
Кереге басында ілулі тұрған Ақбӛбектің қызыл шарқат
орамалын қолына алады.
Зар қылдың
-
ау, жүзіңді бір кӛруге...
Домбырасын күйге келтіреді. Атақты “Ақбӛбек” әні туады
.
Қайып.
Барады кӛшіп аулым Ақкӛлмекке,
Жарасар алтын түйме ақ кӛйлекке.
Жаңғақтан алып келген Ақбӛбегім,
Зар болдым ақ жүзіңді бір кӛрмекке.
Ән салдық Айрақтыдан құлап тұрып,
Ойнаушы ек қызыл шарқат лақтырып.
Барма деп бұл сапарға жалынып ең,
Сүйеніп үзеңгіге жылап тұрып.
Ақтаудың түлкі қашар қуысынан,
54
Артық ең сен ерекше тусыңнан.
Адайдан таңдап сүйген Ақбӛбегім,
Кеттің бе шығып менің уысымнан.
Үй маңына ел жиналып қалады. Қайып жинақтала бастайды.
Бегей. Шырағым, қайда жиналдың?
Қайып. Бегей аға! Рахмет саған. Кезінде мендей жаңғызға
пана болдың. Қорықпадың. Бірақ олар айласын асырды. Ақыры
алып тынды. Енді мен не істесем де жүрегімнің сілтеуімен,
Ақбӛбектің қалауымен істейтін боламын. Ешкіммен ақылдаспаймын
да, кӛмек те сұрамаймын. Ендігі жерде жалғыз жортамын. Хош, сау
болып тұрыңдар.
Бегей. Қайыпжан, сенің бізге бӛтендігің жоқ еді. Жалғыз кетем
дегенің батып тұр. Бірақ керек кезінде арқа сүйер ел керек болса біз
дайынбыз. Шама
-
шарқымыз келгенше кӛмегімізді кӛрсетерміз.
Сендер келгелі аулымыз
кӛріктеніп қалып еді. Сағынатын болдық.
Қайып. Рахмет, жездеке. Мен енді тірлік қамын ойлай
алмаспын. Ақбӛбек жолында жан берсем, маған ендігі жердегі
ең үлкен мұрат сол болар.
Бегей. Билер сотына жүгінсек қайтеді?
Қайып.
Билер соты дегенің мен үшін Итбай соты емес пе?
Олар некелі қалыңдықты, ұзаатайын деп тойын дайындап
жатырған қызды алып қашқан адаамды қорғаушы ма еді?
Бегей. Білмедім, Қайыпжан... Ақыл таппай тұрмын.
Қайып.
Ақбӛбекті тағы бір қолыма түсірсем, бұ адайлардың
кӛзі кӛрмеген, құлағы естімеген бір елге асып кетермін.
Бегей. Туған жерден жырақтап...
Қайып.
Қайтып оралармыз, кейін.
Бегей. Қайда жүрсең де аман бол, Қайыпжан! Аллаңа
сыйынып, еліңе сүйеніп іс қыл. Сонда ғана қате қадам баспассың...
Ешқашан елден түңілме, шырағым. Елі жоқ адам бақытты болмақ
емес.
Қайып.
Ел деген мына сіздер емессіз бе... Сіздер тұрғанда
мен де елсіз емеспін. Ашу үстінде артық айтылған сӛз болса
кешіріңіздер...
Қош, сау болып тұрыңдар... Қайып кетеді.
Бегей. Аман бол, шырағым... Ай тағдыр
-
ай... Ай, тағдыр
-
ай...
Қайыптай асылдарды қасірет қазанына малып қайнатқан...
Шымылдық.
55
6-
кӛрініс. Қойшы бала.
Дала. Жайылып жатқан мал. Қойшы бала домбыра
тартып отырады. Келе жатқан Қайыпты кӛріп алдынан шығып
сәлем береді.
Қойшы бала. Ассалаумағалайко
-
ом!
Қайып
.
Інім, күйшісің ғой ӛзің!
Қойшы бала.
Күйшілік қайда. Қой баққан кісіде уақыт кӛп.
Ермек етеміз, осылай. Бірақ мен кӛбіне ән айтамын.
Достарыңызбен бөлісу: |