Қайып.
Әншімін де. Қандай ән білесің?
Қойшы бала. Мен “Ақбӛбек” деген бес ән білемін.
Қайып.
Менің әнімді кімнен үйрендің?
Қойшы бала. Сонда, Сіз Қайып ақынсыз ба?
Қайып. Ақынмын ба, етікшімін бе, ол жағы белгісіз, бірақ
Қайып
екенім рас.
Қойшы бала. Мен сіздің барлық әніңізді жатқа білемін.
Қайып. Оны саған кім үйретіп жүр.
Қойшы бала.
Осы күні жиын
-
той болса жастар сіздің
әнді ғана
айтады. Үлкендерден жасырып айтады.
Қайып. Ал біреуін айтып кӛрші, тыңдалық.
Қойшы бала.
Кӛшкенде жылқы айдадым қараменен,
Бір құрық алдым кесіп араменен.
Айрылып таңдап сүйген Ақбӛбектен,
Жүрегім қан қақсайды жараменен.
Сұңқардай қомдап қанат іліп едім,
Сүйенер ешкім жоғын біліп едім.
Болған соң айтысқан серт, алысқан қол,
Кете алмай маңайыңнан жүріп едім.
Қайып. Жақсы жаттапсың ғой.
Қойшы бала. Бұндай сӛздерді мен бір
-
екі естігенде
-
ақ жаттап
аламын.
Қайып. Менің сенен бір сұрағым бар. Орындайсың ба?
Қойшы бала. Қайып аға, сіздің сұрағыңызды неге
орындамасқа,
орындаймын.
Қайып. Ендеше мен саған бір ән үйретейін, оңашасын тауып
Ақбӛбек жеңгеңе айтып бер. Менің сәлемімді жеткіз.
56
Қойшы бала. Ақбӛбек маған жеңге емес, апа.
Қайып. Онда одан да жақсы болды. Мен онда саған жезде
боламын.
Қойшы бала. Білемін.
Қайып. Ал тыңда. Қайып ӛлең айтып береді.
Ақбӛбек сәйкілікпен бұраңдадың,
Сұм жалған ӛтер деп ем, тіл алғаның.
Басыңды тауға, тасқа ұрсаң
-
дағы,
Дегені болады екен бір Алланың.
Алашқа атым шықты әйгіменен,
Сұр атқа жал бітпейді бәйгіменен.
Айрылып Ақбӛбектен қалғаннан соң,
Жүрекке ас батпайды қайғыменен.
Мен кәзір жықпылдағы Арлан бӛрі,
Жүзіңді кӛре алмадым жылдан бері.
Шақырам кездесуге келе алмасаң,
Болғаны уағдаңның жалған жері.
Қойшы бала ӛлеңді сол бойда қайталап, кейбір жерлерін қайта
сұрап жаттап алады.
Қойшы бала. Басқа не айтайын?
Қайып. Менің Ақбӛбекпен кездесуім керек.
Сенен қай күні
қайда
кездесетінін айтып хабар берсін.
Қойшы бала. Жезде, тағы ән шығарсаңыз, әуелі маған
үйретіңізші.
Мен тойда жұртты бір таң қалдырайын.
Қайып. Сосын сенің теріңді сыпырады ғой. Қайыпты қайдан
кӛрдің
деп жауапқа тартады ғой, ақылсыз бала.
Қойшы бала. Олар бүкіл даланың аузын жауып қоя алмайды.
Бәрі Ақбӛбек деп ән салып жатыр емес пе!..
Қайып
.
Дегенмен сақ бол. Мен сенен хабар алып тұрамын.
Мені
кӛрдім деп ешкімге тісіңнен шықпасын. Оны ӛзің білесің, басыңа
қауіп.
Қойшы бала. Маған не болушы еді. Сен ӛзің сақ бол, жезде.
Қайып. Рахмет. Ал сау бол. Кетеді
.
Қойшы бала. Қайып деген осындай кісі екен ғой... Қайып
маған ән
57
үйретті десем ешкім сенбейді
-
ау, енді... Тек қана айтуға да,
мақтануға да болмайды...
Шымылдық.
7-
кӛрініс. Бӛбек пен қойшы бала.
Киіз
үй іші. Бӛбекке қойшы бала сыбырлай сӛйлеп
хабар айтып отырады.
Бӛбек. Інім, халың
қалай?
Не хабар бар, мынау меңіреу
дүниеде?
Қойшы бала. Хабар кӛп.
Қазір бүкіл дала Ақбӛбек
-
Қайып деп
ән салып жатқандай. Жақында бір жолаушымен сӛйлестім. Біздің
ауылдың Итбай ауылы екенін естігенде бірден сені сұрады. Сенің
екі туып бір қалғаныңдай боп:
-
Ақбӛбек қандай екен?
-
Сұлу ма ӛзі?
-
Жағдайы қалай?
-
Сорлы қорлықта жүрген болар,
-
деп, сұрақты жаудырды
дейсің.
Сусын сұрап еді, әуелі ерегесіп бермедім. Бірақ Сен туралы
Қайыптың шығарған бір әнін айтып бергесін амалсыз жібіп, шӛлін
қандырып жібердім.
Бӛбек. Ол қандай ән?
Қойшы бала. Ән айтады.
Үстірттің аулым қонды кемеріне,
Кӛз тоймас Ақбӛбектің бедеріне.
Ғашықтан ӛлі айырмай тірі айырған,
Алланың таң қаламын шеберіне...
Бӛбекке елден ерек ӛң берілген,
Жаманның басы малмен теңгерілген.
Бұл елде қанша сұлу кездессе де,
Бәрі де Ақбӛбектен кем кӛрінген.
Күйіктен жанып барам, жылай алмай,
Айрылдым Бӛбегімнен Құдай алмай.
Қайғымен зәр жұтқанмен ақырында,
Ас таттым үш күннен соң, шыдай алмай.
58
Бӛбек. Жылайды.
Мен қайтейін, Қайып!
Талай жалынып едім,
сонда
да біздің бағымызды Құдай ашпады ғой.
Қойшы бала. Тағы бір хабарым бар айтатын.
Бӛбек. Мен кеше Қайыпқа кездестім.
Бӛбек.
Не дедің, інім
-
ау! (Бӛбек балының екі қарынан ұстай
алады)
.
Оны неге айтпай отырсың?
Қойшы
бала.
Қайдан
білейін,
сіздің
не
ойлап
қалатыныңызды?
Сосын әуелі жолаушыдан естіген әнімді айттым ғой. Мүмкін
Қайыптан
айныған боларсыз. Мына жаңа күйеуіңізбен тұрып жатырсыз ғой.
Бӛбек.
Балаға дейін қулық ойлатып қойған қу заман
-
ай!..
Қайтейін...
Қайдан кӛрдің? Қайып не деді?..
Қойшы
бала. Апа,
саған Қайып жаңа ән шығарыпты.
Бӛбек.
Әнді қоя тұршы!.. Ол не айтты?..
Қойшы бала. Жоқ әуелі әнді айт деген.
Бӛбек.
Ал айта ғой.
Қойшы бала.
Айтамын. Бұндай жақсы әнді мен бір естігенде
-
ақ
жаттап аламын.
Бӛбек.
Сыртқа шығып қарап келші. Маңайда ешкім жоқ болса,
жайлап қана айтып бер, айналайын.
Бала далаға шығып келеді. Ешкім жоқ деп жай дауыспен ән
салады.
Қойшы бала
.
Ақбӛбек сәйкілікпен бұраңдадың,
Сұм жалған ӛтер деп ем, тіл алғаның.
Басыңды тауға, тасқа ұрсаң
-
дағы,
Дегені болады екен бір Алланың.
Алашқа атым шықты әйгіменен,
Сұр атқа жал бітпейді бәйгіменен.
Айрылып Ақбӛбектен қалғаннан соң,
Жүрекке ас батпайды қайғыменен.
Мен кәзір жықпылдағы Арлан бӛрі,
Жүзіңді кӛре алмадым жылдан бері.
Шақырам, кездесуге келе алмасаң,
59
Болғаны уағдаңның жалған жері.
Бӛбек.
Менің торға түскен тотыдай күнімді ол кӛз алдына
елестете алады дейсің бе? Әйтпесе маған “уәдең жалған” деп айып
тағар ма еді?..
Қойшы бала. Апа, Сіз оған ренжімеңізші. Оның да келісіп
жүргені шамалы секілді.
Бӛбек. Оны сен қайдан білесің?
Қойшы бала. Жақында кӛрші ауылда шілдехана болып,
Қайыптың әні деп бір әнші отырған бар халықты жылатқан. Ол
елден, жұрттан безіп кетіп, жабайыдай жалғыз жүретін кӛрінеді.
Бӛбек.
(Бӛбек жылайды). Азамат қор болды
-
ау!.. Ол ерекше
жаратылған жан ғой. Оның тұрған жерінде жанға жайлы керемет...
бір ғажайып... не екенін білмеймін... жылылық па, сәуле ме... әйтеуір
ерекше құбылыс пайда болады... Жаның рахатқа батып жүре
береді... Қайтейін...
Қойшы бала. Қазір бүкіл ел аузында Қайып әндері. Сіздер
отырғанда айтпайды. Оңашада Қайыптың Ақбӛбек деген әндерін
бірінен бірі оздырып салады.
Бӛбек. Сен сӛзге айналдырып не созып отырсың.
Ол саған не
айтты?
Қойшы бала. Кездескім келеді деді.
Сӛйлесемін деді.
Оңашасын тауып кездесетін жерін айтсын деді.
Бӛбек. Барамын!.. Жетемін!.. Табамын оңашасын...
Шымылдық жабылады.
8-
кӛрініс. Қайып пен Бӛбек. Қашқындар.
Ауыл маңындағы тоғай іші. Қайып Бӛбекті күтіп тұрады. Жан
-
жағына жалтақтай қараған Бӛбек кӛрінеді.
Қайып.
Ақбӛбек!..
Бӛбек
.
Қайып!..
Екеуі ұмтыла құшақтасып, ұзақ тұрып қалады.
Қайып. Кешір мені, арманым!.. Ақбӛбегім!.. Мына ӛмірдің
иірім
-
толқын ағысының арасынан жол таба алмаған сор маңдайыңды
кешіре
кӛр!
60
Бӛбек. Бәрі менен болды! Сен мені кешір! Қол жетпеске қол
созып... Бәрін бүлдірген мен...Іштен тынып, саған деген сезімнің
жылуына оңаша жылынып, ӛз қасіретімді ӛзім арқалап, жайыма
жүре беретін жӛнім бар екен. Міне енді сені сергелдеңге салып
кеткенім.
Қайып.
Олай демеші! Мен бақыттың не екенін, сүюдің не
екенін
білдім ғой, сенің арқаңда. Сол күндерім үшін қалған бар ғұмырым
садаға.
Менде ӛкініш жоқ. “Ғашықтық та бір тұзды су, ішкен сайын
шӛлдетер” –
деген екен. Менікі қанбайтын шӛл...
Бӛбек. Бұрынғылар: “Бас аман болса бӛрік табылады” –
депті
ғой... Қайып аға, басың аман. Шаңырағыңның қары сынса, жамап
аларсың. Кӛңіліңді кір шалса тазартып аларсың. Біреудің ұстап
-
тұтқан Бӛбегі енді Сізге ӛзіңнің Ақбӛбегіңдей боп кӛрінер дейсің
бе?.. Тыйылалық енді... Кӛнелік тағдырдың басқа салғанына...
Қайып.
Маған тірі ӛлік болып ӛмір сүр дегенің бе? Мен ендігі
жерде тек қана сенімен Қайыппын. Мен сенсіз тірі ӛлікпін.
Бӛбек. Олай болса мен де шынымды айтайын. Мен тек қана
сені бір
кӛрсем деп, осы сәт ұшін ғана ӛмір сүріп келдім... Әйтпесе...
Баяғыда
-
ақ...
Қайып.
Айтпашы аржағын... Екеумізде ұмыталық, аз күн
кӛрген
азап пен жаман түсті.
Бӛбек. Ұмыталық.
Қайып.
Бұл жолы бұлардың құрығы жетпес жерге кетерміз.
Бӛбек. Не болсада шыдадым. Тек ӛзіңмен бірге болсам болды
маған. Азабына да, тамұғына да кӛнермін.
Қайып.
Мен қос атпен келіп тұрмын
.
Бӛбек
.
Мен сенен ӛз еркіммен айрыла алармын ба? Мені енді
қасыңнан тастамашы.
Қайып. Бӛбегім... Ақбӛбегім... (Құшақтайды).
Бӛбек.
Рахмет Тәңіірім. Енді ӛліп кетсем де арманым жоқ.
Қайып. Ей,
Алла! (кӛкке қолын жайып)
Мына сорлы
балапандарыңа пана болар бір ығың жоқ па?.. Ықтатсайшы!.. Бір
түп жусаның жоқ па? Паналатсайшы!..
Шымылдық.
61
9-
кӛрініс. Тҧтқындар. Қҧлшар. Ант.
Просцениум. Кедей мен нӛкер жігіт шығады.
Кедей. Адамдар да қалжырады, аттар да шаршады. Осы
араға ат шалдыртып алалық. Ұстадық қой. Енді онша асықпалық.
Нӛкер жігіт.
Жарайды. Жігіттер де жүрек жалғап алсын.
Кедей.
Ана қаншықтың аузына ара
-
арасында су тамызып
қойыңдар. Ӛліп қалмасын.
Нӛкер жігіт.
Ӛлсе ӛрем қапсын демейміз бе?
Кедей.
Ӛй, бассыз неме! Оның ӛлгеннен кек қайта ма? Ол ӛліп
қалса ердің кегін, елдің кегін немен қайтарасың?
Нӛкер жігіт.
Сонда кек қалай қайтады?
Кедей.
Ер кегі де, ел кегі де ана қатын есік алдында күң
болып азып
-
тозып жүргенде қайтпақ! Қызының қандай қорлықта
жүргенін кӛрген ел
-
жұрты күнде сабылып, Итбай алдына жығылып,
айыбын тӛлеп, басына бостандық сұрағанда ғана қайтпақ!
Нӛкер жігіт. Есберген кегі қайтсе қайтады, батыр аға! Осы
сұрақ ойыма түссе болды, тұла бойым ысып жүре береді. Қашқан
менің қатынымдай
-
ақ, қолым қамшының басын уатып жіберердей
боп, ширығамын...
Кедей. Ол қайтпайтын кек қой! Ол біздің сүйегімізге басылған
таңба! Ол тек қана сол ауылдың ұзатылғалы отырған қызын ат
кӛтіне ӛңгеріп келгенде қайтпақ!
Нӛкер жігіт. Неге солай жасамаймыз?
Кедей. Мен оны баяғыда “қыз қашты” деген хабар жеткен күні
айтқанмын. Кӛнді ме?
Нӛкер жігіт. Неге?
Кедей. Ой, намыссыз неме, ел жауласады дей ме? Жұрт
жәбірленеді дей ме? Біреудің жүрегі жараланады дей ме?.. Сол
індет пәлені солар кімнен үйренген? Түсінбеймін...
Нӛкер жігіт. Есберген ағаны жұрт ақылды жігіт деп мақтан
ететін еді...
Кедей. Ақылды болса болар, бірақ сол қажетсіз нәрсесін ол
ӛзіне қажет емес жаққа пайдаланады.
Нӛкер жігіт. Басына пайдасы жоқ болса, рулы елінің намысын
күйдіріп жатса, ол ақыл бола ма?
Кедей. Ақылды ағаң соған түсінбейді.
Нӛкер жігіт. Қызық екен...
(екеуі кетеді).
62
Шымылдық ашылады.
Демалып жатқан Кедей нӛкерлері. Торсық, мес секілді
ыдыстардын сусын ішіп жатады. Қолы байлаулы Қайып пен Бӛбек.
Сахнаға Кедей мен Есберген шығады.
Есберген. Батыр аға, мына сорлыларға да сусын бергіз.
Шӛлден азап шегіп қалған болар. Ана сорлы қансырап ӛліп қалмай
ма?
Кедей. Жанды жеріне жара түскен жоқ, ӛлмейді...
Есберген. Жарасын таңдырмайсыңдар ма?
Кедей.
Жауыңа жаның ашып тұр ма? Ол сенің абыройыңды
тӛгеді, еліңді масқараға қияды. Ал сенің оған жаның ашиды, а ?..
Есберген. Ол қазір етікші де емес, жау да емес жаралы жан
ғой.
Кедей.
Әй, інім! Күнәһар болма. “Күнәні кешіру, күнәдан ауыр”
–
деген, ақылдылар.
Қайып. Бай мырзаларының ішінде де жӛні түзу, ойы
орындылары болады екен
-
ау! О, Жаратқан! Олар оны кімнен
үйреніп жүр?
Кедей.
Жеті мүшеңе деп жеті жара салып ем денеңе! Тілің
аман қалған екен ғой! Сӛйлеп қал, бүгін! Ертең айтқысы келгенмен
ештеңе дей қоймас!
Қайып.
Ей, ессіз неме! Сен менің денеме жара салдым деп
мәз болып тұрсың ба? Ал мен болсам Ақбӛбегім жолында денеме
таңба түсті деп қуанып жатырмын!
Сен мені кісендеп құл етемін деп ӛзіңе
-
ӛзің риза боласың ба?
Ал мен болсам Ақбӛбегімнің жолында әлі де азап шексем деп
дәметіп жатырмын!
Сен менің ӛлтіре аламын деп қоқиланып тұрсың ғой! Ал мен
сендейлерді аяп жатырмын...
Бар ғұмыры босқа кеткен байғұстар!.. Менің Ақбӛбекпен бірге
болған бір күнімнің шаттығына сендейлердің жүз жылдық
тірліктеріңде кӛрген ләззәттарың жетпейтінін қайдан сезейін деп
едіңдер!..
Бӛбек.
Рахмет, Қайып. Енді ӛлсемде армансызбын!
Кедей.
Тіл сүйексіз, кӛз соқыр! Сайрап қал, етікші... Тағы не
айтасың, не естіп не кӛргенің бар?
Қайып.
Бізді қолға түсіріп кӛңілденіп келеді екенсің ғой! Тыңда
онда... Сендей соқырлардың кӛзін ашып, кӛкірегін оятып жіберейін...
Кедей. Ал тыңдалық.
63
Қайып.
Қарашы аспаныңа! Ана тӛбеңдегі бозторғайды кӛрдің
бе?Не деп шырылдап тұр? Кӛкірегіңмен тыңдашы... Менің
Ақбӛбекке арнаған әнім емес пе шырқап тұрғаны?..
...Мына жел не деп сыбырлап тұр?
Кедей. (Ызалана күледі) Ал жел не депті?
Қайып.
Жел былай дейді...
Тыңдаңыз Кедей батыр құлақ түріп,
Жер ана былай депті жылап тұрып...
Қор болды
-
ау екі ғашық есерсоққа,
Ойнаушы еді қызыл шарқат лақтырып...
Кедей. (Ашулана бастайды) Тоқтат қайыршы! Құдай
осындайларға түк бермесе де, тікені бар тілді аямайды екен...
Ештеңе етпес, ертең шолтаңдатып жүретін боласың...
Бұлардың қасына нӛкер жігіт келеді.
Нӛкер жігіт. Бір топ аттылар кӛрінеді.
Кедей. Жігіттер сақ болсын.
Нӛкер жігіт. Қарулары жоқ, жай адамдар секілді.
Кедей. Киімдері қуғыншыға ұқсамайды.
Нӛкер жігіт. Атқа отырыстарын қарашы!..
Есберген. Сал
-
серілер секілді, бейбіт жолаушылар ғой.
Нӛкер жігіт. Ау, ана ортадағысы ӛткен жылы біздің ауылда бір
ай күй тартқан кісі ғой!
Есберген. Онда о кісі Құлшар күйші болды.
Құлшар күйші мен оның нӛкерлері келеді. Кедей де, Есберген
де Құлшар күйшіні танып, ізетпен сәлем беріседі.
Құлшар сәлем алады. Байлаулы Қайып пен Бӛбекті кӛреді.
Бӛбектің қасына барып қолын шешеді.
Қҧлшар. Кедей батыр! Жасауылың біраз бар екен, мына
сорлы қыз, қолы бос болған күнде де сіздерге зорлық жасай қоймас.
Кедей. Әңгіме оның енді кӛрсетер зорлығында болмай тұр ғой!
Әңгіме оның бұрын кӛрсеткен қорлығында болып тұр ғой.
Қҧлшар. Әй, шырағым
-
ай!
Бүкіл ел болып қорланып қалған
екенсіңдер ғой?.. Болар, болар... Халық сорлының аузына осы
сӛзді
салып шайнатып қойып, ӛздерің қалаған зорлықтарыңды
қалағандарыңша істей беретін баяғы әдеттерің ғой!.. Әйтпесе,
айттырулы бір қыздың басқа біреуге кӛңілі жарасса байтақ елдің
қорлық кӛрердей несі кетеді екен?..
Кедей. Халық ызалы, жарылғалы отыр.
64
Қҧлшар. “Бет қызылы басылар, ет қызуы қасылар” шырағым.
Содан кейін барып ақыл кӛзі ашылар. Кӛкіректегі ыза орнын ақыл
басқан кезде ел алдында қарабет болып шыныменен зорлықшылар
шығатын.
Кедей. Сонда Сіз осылардың істеп жүргенін қостаймысыз?
Қҧлшар. Жоқ,
қостамаймын. Бірақ, болар іс болып қалды емес
пе? Бұлар бала емес пе? Ел дана емес пе?.. Енді бүкіл ел болып екі
баланың қатесін даналықпен жӛндеудің орнына бүкіл ел болып
қателесудің не жӛні бар екен?.. Соны неге ойламайсыңдар?..
Кедей. Сонда осындайларды басына жіберіп, басқаға үлгі
беріп отыра береміз бе?
Қҧлшар. Әй, шырағым
-
ай! Істеген ісіңнің бәрін үлгіден үйреніп
істеп жүрген нең бар еді... Тағдыр дағы, бұларды кездестірген.
Кедей. Ата жолы дейміз... Елдің әдет
-
ғұрпы дейміз...
Қҧлшар. Ата жолы деп жақсы айттың ғой, менің бір сұрағым
бар.
Кедей. Сұраңыз.
Қҧлшар.
Кедей батыр! Ел арасында батыр атағың бар, әдет
-
ғұрып, жол жораны жақсы білесің. Қай заманда да батырдан сауға
алатын, сұраған кісі.
Кедей.
Ондай жоралғы болған.
Қҧлшар.
Сендей батырдан ӛз елінің жасы жеткен мендей
қарты түгілі, тіпті жауы да сауға сұраған. Сұраса алған.
Кедей.
Алған. Алған.
Қҧлшар.
Ендеше, сауға!, батыр Кедей!
Кедей.
Сұраңыз.
Қҧлшар.
Мен сауғаға Қайыпты қаладым. Кегің қайтқан болар,
тұла бойында жара түспеген жері жоқ екен.
Кедей. Елді бүлдірген бұзақы емес пе бұл!.. Ендігі қалған
жазасын ел алданда алғаны дұрыс болар.
Қҧлшар.
“Ерді Құдай ұрарда жауға мінер жампозын, кӛп жабының бірі дер;
Елді Құдай ұрарда жауға салар жақсысын, кӛп жалпының бірі дер” –
дегендей, елдің жақсысы да, жампозы да топ осы Қайып секілділер.
Кедей. О бұзақының зәбірі ӛтіп тұр ғой.
Қҧлшар.
“Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет” –
деген бар емес пе.
Қайыпты біреу бұзақы, ата жолын бұзды деп жек кӛрер.
Жазалағысы келер... Енді бірі жүрегінің қалауына
ұмтылған
ғашықтарға жол кӛрсетті деп, үлгі тұтар... Біреулері бұрынғылардың
айтқанының бәрі қағидат емес екенін, молдалардың айтқанының
бәрі бірдей шариғат емес екенін елге түсіндіріп берді деп, батыр
санар. Жырға қосар. Атын аңызға айналдырар.
|