Жҧлдызай:
Жарайды жеңеше!
Кетіп бара жатып артына бұрылып қарайды
Жҧлдызай: ойнақа үнмен
Шолпан жеңеше! Бауырсақты күйдіріп алып жүрме! Бір
бауырсақты күйдірсең ағама айтып сабатып аламын!
Жайдары күледі.
Шолпан:
Айман екеумізге қол кӛтеретін еркек туа қойған жоқ әзірге.
Ӛзің байқа, ертең мына еркелігіңді қоймасаң ӛзің сабалып
қаласың!
Күледі.
Айман:
Қойшы, қайдағыны айтпай!
Жұлдызай кетіп бара
жатады. Екі жеңгесі артынан қарап
тұрады.
Анасы мен қызы
Анасы:
Жеңгелерің бауырсақ пісіріп жатыр ма екен?
Жҧлдызай:
Пісіріп жатыр!
Анасы:
Кӛп тұрдың ғой, не деп жатыр?
Жҧлдызай:
Не десін, мені мақтады.
Анасы:
Сен мақтауға тұратын баласың ғой, жарқыраған...
Анасы қызын бауырына басады да, сыбырлап:
278
Күнім менің! Жұлдызым менің! Айым менің!
Жҧлдызай:
Әкем де мені еркелетеді. Ұлдарының басынан сыйпамайды.
Ал маған жарық жұлдызым,аппақ айым, кӛктегі күнім дегенде мен
қыз болып туғаныма ӛкіне бастаймын. Сіздер соңғы кезде мені тым
еркелетіп барасыңдар, себебі не? Әлде...
Анасы:
Жоқ қызым! Әлдесі жоқ. Әкең сенің ӛз қалауыңа кездесіп
емеурін білдірер ме екен деп дәметіп жүрген секілді. Құда жібергісі
келетіндерге сол тоқтау болып тұрғандай.
Жҧлдызай
:
Жеңешем бір нәрсені бықсытып кеше басымды қатырып еді.
Анасы:
Не бықсытты?
Жҧлдызай:
Балпаң байдың ақын баласы саған жұмбақ дайындап жатыр
дейді ме? Жауап бере алмай ұятқа қалма дей ие? Әйтеуір сенде
кӛңілі бар дей ме?
Анасы:
Бұл жаман хабар секілді кӛрінбейді, маған. Тең
-
теңімен, тезек
қабымен деген. Әкелерің замандас, құрдас, сыйлас адамдар.
Жҧлдызай:
Мен жұмбағын шеше алмай қалсам қалай болады?
Анасы:
Әңгіме жұбақта емес қой, қызым? Ақындар айтыса береді.
Бірде біреуі жеңсе, келесі жолы екіншісі жеңеді. Кӛріп жүрген
адамың ғой. Не ойың бар?
Жҧлдызай:
Әлгі сіздер айта беретін емеурін дегенді қалай білдіреді?
Анасы:
Біздің қазақ маңдайға қойып қалғандай етіп ештеңе айтпайды
да, істемейді де.
Ал қыздарына ұнатқан жігітіне емеурін таныту жолын ата
-
бабаң тіпті оңайлатып жіберіпті.
Жҧлдызай:
Қалай?
Анасы:
Мысалы Наурыз жеті күн тойланады. Осы жеті күн ішінде
адамдар қырық үйден дәм татып, сәлемдесіп дегендей ағайындық
міндеттерін атқарады. Бір
-
біріне сыйлықтарын беріседі.
Кӛріседі. Жылына бір рет кӛрісу міндет! Біздің жақтың әдеті
бойынша адамдар бір
-
бірімен қол ұстасып жылына бір
-
ақ рет
279
кӛріседі. Байқамай екінші кӛріспек болып қол ұсынғандарға «Саған
күнде «амал» деп ұрсып тастайды.
Мысалға Балпаң байдың баласы саған жұмбақ айтпақ. Оның
ақындық ӛнері ұнап жатса, мінезі мен ӛңі сыпайы болса сен де
емеурін білдіруіңе болады.
Жҧлдызай:
Қыздар қалай білдіреді?
Анасы:
Наурыз мейрамына бой жеткен қыз сүр сақтайды. Наурызда
кӛрісе келген жігітке ақ уызға пісірілген сүр тартады. Бұл қыздың
жігітке деген ынтық ниетінің, ӛзінің пәктігінің белгісі болмақ!
Жҧлдызай:
Ғажап екен! Жеңешем жақында орта қап ұнды биікке қой деп
жоғары қойғызып жатырған. Неге жоғары қойғыздың десем маған
кӛзін қысып: «Бұл сенің сүрің!» деп еді. Сол сӛзде де мән бар екен
ғой! Ой арам
-
ай! Қалай айтпайды соны! Мен қазір оған кӛрсетейін!
Анасы:
Қой, жаным! Ештеңе демей
-
ақ қой! Ол бәрін сен үшін жасап
жүр ғой! Білмеген секілді болып жүре бер!
Жҧлдызай:
(ойланып қалады)
Солай екен ғой!
Жұлдызай күбірлеп кетіп бара жатады.
Жҧлдызай:
Солай екен ғой!
Анасы:
Қызым
-
ау саған не болды?
Жҧлдызай:
Ештеңе... (кетіп бара жатады)
Анасы:
Бұ қыз да бой жетіп қалды...
Аналар ҥрдісі
Таң қылаң бере біраз ақсақалдар шығып келе жатқан күнді
күтіп тұрады.
Ауыл ҥлкендері
280
1-
ші
Есте жоқ ескі заманда біздің түркі бабаларымызда бір ерекше
заң болыпты. Ел басшысы Наурыз күні тағынан түсіп ӛзі жақсы
кӛретін құлын бір күн таққа отырғызып ел билетеді екен. Содан
барып бұл күн:
Құл құтылар құрықтан,
Күң құтылар сырықтан,
--
деген мәтелмен ұлықталған күн.
2-
ші
Ұлыстың ұлы күні ғой Наурыз мейрамы. Бұл күн –
барлық адам
ӛзін барлық адаммен тең ұстайтын күн.
Біздің қазақтар бұл мейрамды бір апта бойы тойлаған.
Бұ кезде біреулеріміз басын алып, 14 жұлдызын, екіншіміз соңын
алып 22 –ші жұлдызын ұлықтаймыз.
3-
ші
Біздің ежелгі түркі бабаларымыз Наурыз мейрамы күні
жастарға алты күн садақ тартқызып мергендерін анықтайды екен.
Жетінші күні алтын теңге –
жамбы атқылып жарыстырады екен.
Кімде
-
кім жамбыны бірінші жебемен атып түсірсе, сол адамға «бір
күн» патша болып, ел билеуге ерік беріледі екен дейді.
4-
ші
Тай қазанға мол етіп «Наурыз кӛже» пісіріледі. Жеті түрлі
дәннен: бидай, арпа, тары, жүгері, қарамық, күріш, бұршақ
дәндерінен дайындалатын «Наурыз кӛже» атты құрметті тамаққа
ет, сүр ет, қазы, май, тағы басқа тамақ түрлері уақталып қосылады.
Әлгі тамақтар усақ туралады. Ӛйткені дәмнің аты «Наурыз кӛже».
Бұ кӛжеден сол күні тойып ішу қажет. Сонда елде жыл бойы
тоқшылық болмақ.
Бала
Сүйінші! Сүйінші! Асыл жеңгем ұл тапты! Асыл жеңгем ұл
тапты!
Далада тұрған үлкендерге «Сүйінші» деп бір бала жүгіріп
келеді.
Бала:
Ата сүйінші! Асыл жеңгем ұл тапты!
Құдай берген екен! Біздің жылқыдан қалаған бір асау тайды ұстатып
алып, ӛзің жуасытып ал. Ал, арғымағың құтты болсын, бара ғой!
Басқалардан да сүйіншіңді ал!
281
Бала «Сүйінші! Асыл жеңгем ұл тапты!» деп шаттаны
айқайлап жүгіріп бара жатады.
келін босанды, ұл тапты деген хабар жетеді. Қарт ойланбастан
«Сәбидің аты Наурызбек» дейді.
Үлкендер ауылға Жаңа Жыл келіп қалған екен ғой деп далаға
шығып, жастар ойынын қызықтайды.
Таң алдында ерте тұрып ауыл әйелдері күнді күтіп тұрады.
Жаңа кӛрініп келе жатқан Күн анаға «Армысың Күн ана» Ырысың
мол болғай деп тілек тілеп жатады.
Алыстан қарап тұрған ауыл үлкендері ауыл әйелдерінің сыртынан
қарап тұрып «Құт дарысын» деп, тілектерін қосып жатады.
Алтыбақан
Екі бала, Асан мен Үсен сӛйлесіп келе жатады.
Асан:
Енді қайда барсақ екен!
Үсен:
Ана жақта алтыбақан құрып жатыр. Жүр, сонда баралық!
Асан:
Кеттік!
Балалар жүгіріп алтыбақан құрылып жатырған тӛбе басына
жетеді.
Ауыл жастары «Алтыбақан» құрып жатады.
Жақын жердегі тӛбе басынан бірнеше аттылар кӛрінеді.
Алтыбақан басына ауылдың бір жігіті шауып келеді.
Ауыл жігіті:
Сақтаныңыздар, жігіттер!
Жау!
Жау келіп қалды!
Жҧлдызай:
Жауы
несі!
Ауыл жігіті:
282
Жау деген кәдімгі жау дағы!
Ол ол ма, ішімізде сатқын бар болып шықты!!
Жҧлдызай:
Ей кӛріпкел! Оны қалай сезіп қалдың?
Ауыл жігіті:
Сезіп тұрған жоқпын, кӛріп тұрмын! Кӛзімді жұсам да кӛз
алдымнан кетпей тұр!
Асылы, Алла тағала маған мол ақыл сыйлаған деп жүрсем,
маған кӛріпкелдік қасиетін де бере салған секілді!
Кӛзін жұмып шыр айналады да (кӛзінің астымен сығалап тӛбе
жаққа бетін түзеп алады) «Әне» дейді.
Басқалар да тӛбе басынан түсіп келе жатқан аттыларды
кӛреді.
Жҧлдызай:
Па шіркін! Қалай шалықтайды, мына пері соққан сорлы! Олар
жау емес, кӛрші ауылдың жігіттері емес пе!
Ауыл жігіті:
Ойбай
-
ау олар жаудан да жаман ғой! Олар осылай келса
болды, айдың күні аманында енді бір жетіде біздің ауылдың бір
қызына құрық түседі деген сӛз!
Тал түсте атыспай
-
шабыспай бір қызымыздан айрыламызда
жатамыз! Ай сайын бір адамды жоғалтып жатсақ, оларды жау
демей дос дейміз бе?
Ауыл келіншегі:
Ӛздерің де қарап қалмапсыңдар ғой! Мен қалай келіп қалдым
осы ауылға! Әзірге ұмыта қойған жоқ шығарсыңдар!
Ауыл жігіті:
Түсінікті болды. Мен сіздерге жақындап қалған жауды
кӛрсеттім, енді сіздерге орталарыңдағы сатқынды да тауып берейін.
Қане кӛзімді байла!
Жігіттің кӛзін байлайды да, айналдырып, айналдырып
жібереді.
Ауыл жігіті:
Мен қолымды созып сіздерге «Сен» деймін. Ал менің
саусағымның ұшына ілінген кісі «Мен» деп жауап қатады. Мен
келесі кісіге «сен» деймін. Ол да «мен» деп жауап қатады. Егер бір
кісіге мен екінші рет «Сен» десем, сол кісі сатқын!
Жҧлдызай:
Қані, дӛңгеленіп тұра қалалық! Мә орамал, Айман кӛзін байла!
283
Айман кӛзін байлайды. Айналдырып жіберелі де «Ал баста!» дейді
Айман:
Ал, баста!
Ауыл жігіті оң қолының саусағын шошайтып «Сен» дей
бастайды. Жастар «Мен» деп жауап қатысады. Кезегі келіп әлгі жас
келіншек «Мен» деген кезде, ауыл жігіті «Сен» деп кӛзін таңған
орамалды бір искеп, мойнына орап алады.
Жҧлдызай:
Әй кӛріпкел! Әуелі менің орамалымды қайтар, сосын менің
жеңешемді сен неге сатқын атандырып жатырсың?
Ауыл жігіті:
Әуелі орамал қайтарылмайды, оны ӛз қолыңмен бергенсің!
Сосын сені жеңгең
ана ауыл жігіттеріне бізде бүгін алтыбақан
құрылатынына астыртып хабар жеткізді!
Ауыл келіншегі:
Әй сайқымазақ! Сен олармен жауласпа, қайта достасып ал!
Сонда сен де сопайып тӛсегіңде жалғыз жатпайтын боласың!
Ауыл жігіті:
Менің сорым жақсы кӛрген қыздарымның жеңгелерінен болып
жүр. Қайнысіңлілерін азғырып
-
азғырып ӛз ауылдарына асырады да
жібереді. Мен сопайып жалғыз қала барамын!
Жастар мәз болып күлісіп қалады.
Шолпан:
Жігіттер мына алтыбақанды тездетіп дайындап қоялық.
Қонақтар келе жатыр ғой!
Жұлдызай сен дайын бол! Сенің ақындығың бүгін біздің
ауылдың пайдасына жарап қалар!
Жастар қонақ жігіттердің алдынан шығып, аттарын байласып,
қаңтарысып жатады.
Қонақ жігіттер «Жаңа Жылдарыңызбен! Мереке құтты болғай!
Орта толсын!» деседі.
Ауыл жастары: «Орта ӛздеріңмен толсын! Жол болсын!»
деседі.
Шолпан:
Қош келдіңіздер, мырзалар!
284
Жас келсе –
іске деген, бірден іске кіріселік!
Біздер мен Сіздер қазір Алтыбақанға алғашқы болып
кӛтерілетіндерді анықтауға тырысамыз!
Алтыбақан тағына алғашқы боп кӛтерілетіндер тек қана қазір
ұйымдастыратын жарыстарымыздың жеңімпаздары бола алады.
Қонақ жігіттер:
Біз дайынбыз!
Шолпан:
Алғашқы жарысымыз –
Жұмбақ айтыс!
Қонақ жігіттер:
Жұмбаққа да дайынбыз!
Жҧлдызай:
Қонақ қаде деген бар, сіз бастаңыз!
Айтыс
Қонақ жігіттер аз ғана ақылдасып ортаға аласалау, ашаң жүзді
бір жігітті ортаға шығарады.
Қонақ жігіт:
Сәлем бердік сіздерге біз,
Жігіттер мен ханым қыздар!
Сау
-
саламат,
амансыз ба,
Қыздар
-
ау деп жаным сыздер!
Жұбақ –
ӛнер, ол –
ӛнеге
Ата жолын біз қосталық!
Қонақ қаде десеңіздер,
Қостаңыздар, біз басталық!
Бір Кӛкем бар алып жүрмін,
Жүгі ауыр жүз жаста, алып!
Арқасында сол кӛкенің
Бірде шалқып, бірде толқып,
Кейде қалам мұз жастанып!
Жҧлдызай:
285
Қонақ жігіт, ұрыншақсың,
Сезім шығар бұрын шапсаң!
Заман саған не істейді,
Мұз жастантпай қырын шапсаң!
Ауыр жүгің Заман шығар,
Дұрыс болар сырыңды ашсаң!
Жігіт:
Ел құлағы елу деген,
Біздің елге хабар жетті!
Келе жатыр ел аралап,
Бір керуен базар кепті.
Хан иіліп сәлем берер,
Жігіт дейді ӛте текті!
Жеті дәннен кӛже жасап
Қарсы алыңдар мені депті!
Жҧлдызай:
Қонақжаймыз, қазақпыз біз,
Қазақ қонақ таңдамайды!
Жетеу емес он жетісін,
Салам сүрді, салам майды!
Тек құтымен келсе келсін,
Жаңа жылым осы болар!
Қабарыңыз қуанышты!
Хабар екен жанға жайлы!
Жігіт:
Бұ жұмбақты шештің қалқам!
Мен әділет адамымын!
Келіп қалды салтанатпен,
Бір жыл күткен Жаңа Жылың!
Естіп тұрмын мол дүбірді,
Шат
-
шадыман Амал үнін!
Тек қасында ажырамас
Алтын Күндей Атасы бар!
Кисең сезім, жапсаң ұйқы,
Қара мақпал Анасы бар!
Шешетіндей бұ жүмбақты,
Қыздың қандай шамасы бар!
Жҧлдызай:
Біз де сездік Амал үнін,
286
Кеткен бабам аманат қып.
Біз дайынбыз қарсы алуға,
«Наурыз кӛже»
--
қазан астық!
Ал жұмбағың әдемі екен
Күн деп Түн деп шамаластық.
Жігіт:
Олар ӛзі қауым екен,
Он екі ауыл шамасы бар.
Зер шапанды атасы мен
Қара мақпал анасы бар.
Жҧлдызай:
Он екі ауыл –
он екі айың,
Наурыз келер жылды бастап.
Наурыз аты қасиетті,
Наурыз –
Ұлы, Наурыз –
Асқақ!
Наурыз ата
жеткізеді,
Келер жылға бізді бастап!
Атасы –
Күн, анасы Түн,
Ақыл айтар бізді жасқап!
Жігіт:
Біздің қазақ ежелден де
Малын бағар, егін егер.
Кӛгерсін деп байтақ жері,
Ұл мен қызы терін тӛгер.
Адамдардың кӛп ісі бар.
Тындырмаққа тырысатын.
Осы жұмбақ оңай тимес,
Тапшы құрбым дұрыс атын.
Әр атызда отыз баудан
Он екі атыз егісі бар.
Қорғамасаң қор боласың,
Тақылдаған жегісі бар.
Ақылды жан сақтанады,
Атыздарын қорып күтер.
Ал жегілер кілең жебір,
287
Отыз күнде орып бітер.
Үш жүз алпыс ағайынды,
Қисықтарды
түзетеді.
Үш алпыс қарындасты,
Тыныштығын күзетеді.
Жҧлдызай:
Әр айыңыз отыз күннен,
Он екі рет оралады.
Он екісі –
үш жүз алпыс!,
Бір жыл ӛмір бола алады!
Табиғатты алдамаңыз,
Тыңдап жатар Жер анасы!
Ұмыттыңыз сіз бес күнді,
Бес күн –
бір жыл ӛларасы!
Ертең –
Наурыз, құттықтаймыз
Қуанышты түріміз бар!
Ақ уызға пісірілген,
Сақтап қойған сүріміз бар!
Айман.
Ойлап келген жұмбағыңды,
Оймен шешті біздің бала!
Қате кетті сізден шырақ,
Айып шапан Сізден, бала!
Осыменен тоқтатамыз
Жұмбақ жарыс аяқталды
.
Ене берген уақыт аз,
Мезгіліміз таяп қалды.
Балпаң байдың баласы:
Тек осылай жеңілсем ғой,
Бабам ғажап ӛмір сүрген!
Бұйртса Алла дәм таталық,
Ақ уызға пісен сүрден!
288
Ақсҥйек
Келесі бәсеке –
Ақсүйек!
Кім бірінші боп Ақсүйекті тауып әкеледі, сол жеңімпаз.
Жеңімпаз қалаған қызымен, не жігітімен алтыбақан тебеді. Әні мына
жұртқа ұнаса үш әнге дейін мүмкіндік беріледі.
Ал, кеттік!
Ақсүйекті лақтырып жібереді.
Жастар күліп
-
ойнап ақсүйек іздеуге тарасып кетеді.
Бұл күндері ауыл бойжеткендері ӛздері ұнатқан жігіттерге
арнап соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп, «ұйқыашар»
аталатын ерекше дәм дайындаған.
Жігіттер мен бозбалалар қыздарға «селт еткізер», «дір еткізер»
сыйлықтарын (айна, тарақ, иіс су) сыйлайды.
289
Кӛрісу
Пәуескемен адамдар келеді.
Пәуеседен түскен қала әйелі кӛріспекке қолын ұсынады. Ауыл
бәйбішесі:
«Бетім
-
ай» мынаған не дейін! Ұлыстың Ұлы Күні жӛнімен дұрыстап
кӛрісе алмаған!» Кел, құшағыңды жай» Міне былайша! Айқара аш!
Сосын үр рет
.
Қаладан келген әйел кӛрісу салтын орындай алмай, ауыл
әйелдері келеке етіп жатады.
Жастар үлкендерге кӛріседі.
Сүйінші!
Балалар сүйінші!
290
Асан ағам келіншек алып келе жатыр!
Той деген тамақ ішу емес. Той
-
ұлттық рәсімдердің
орындалуы. Беташар рәсімі басталғанша,
Беташар рәсімі
Ентікпе рәсімі. Асаба тойға “ентігіп” басқалардан бұрын
жеткен алғашқы үш қонақты жұрт алдына шығарып рахметін
айтады, той иелері “ентікпе” атты сыйлық үлестіреді.
291
Мҧра тапсыру рәсімі
Әрбір шаңырақта ата
-
аналарынан қалған “ескінің кӛзі”
делінетін ұрпақтан ұрпаққа мұра боп келе жатқан қадірлі нәрсесі
болады. Жас келінді бір әулет шаңырағының иесі деп жас келін
енесі ӛз енесінен қалған мұраларының бірін тапсырады. Ол
нәрсенің киелі
нәре екенін түсіндіреді.
Ауыл жастары, балалар
Күн астынан жаңа жыл келе жатады.
Ауыл жастары бір тайды ерттеп үстіне жас бала (аппақ
қуыршақ) мінгізеді. Тай мойнына қоңырау, тӛбесіне қарқара (құстың
бір шоқ қауырсыны) тағып, үстіне әр түрлі сылдырмақтар іліп
дайындап қояды. Түн ортасында тайды ұзын шылбырмен жетектеп,
үркітіп, тулатып, ауылды азан
-
қазан етеді. Тай үстіндегі «Ақша қар»
қуыршақты мақтап: «Нағыз ақша қар екен, Нұр әкелді, нұр жауды»
деп мақтап жатады.
Балалар «Пәленше шүлен таратып
жатыр» деп айқайлайды. Шүлен
–
мырзалық...
Түнде балалар: Бүгін бар арманыңды ойлайтын, орындалатын күн
«Жетіқарақшы жеті жұлдыз, Ақбоз, Кӛкбоз екі жұлдыз, Темірқазық
жеке жұлдыз –
жеті қайтарып айтқан сауап дейд»
292
Мазмҧны
Ақбӛбек
2
Ант
75
Ең асыл мұра
120
Абай ішіп үлгермеген "У"
173
Адайдың жеті қайқысы
274
Ай кӛрдік, аман кӛрдік
274-293
Достарыңызбен бөлісу: |