9
философияға қатысты зерттеулері кейінгі зерттеушілер үшін құнды қазына болды деген
тұжырым күні бүгінге дейін ғылыми ортада айтылып келеді.
Бастапқы кезде танымдық тіл білімі нейролингвистика ғылымымен сабақтаса
қарастырылды (жасанды интеллект және компьютерлік ғылымдар).
Жүргізілген зерттеулер кезінде ғалымдар оның жалпы
адам баласының ойлау деңгейін,
дүниетанымын, парасаты мен пайымын, тілдік білімін қатар қарастыратындығына көз жеткізген
болса, кейін келе
адамның білімі мен білігін, ойы мен танымын, ойлау қабілетінің сан түрлі
қырларын аша білу аталмыш ғылымның өзекті нысанына айналды.
Когнитивтік лингвистиканың атқаратын рөлі қандай және оның ерекшелігі неде? Е.С.
Кубрякованың пікірінше, лингвистика жай ғана когнитивтік циклдің ғылымдарының бірі емес,
ол «когнитивтік ғылымды жасайтын жүйедегі дисциплиналардың қатарына» кіреді. Оның адам
миының құрылымының жалпы мәселелерін қарастыратын басқа дисциплиналардан ерекшелігі
оның концептуалды мазмұнға аса мән беруі. Адамдар өздері және әлем жөнінде не біледі, бұл
білімнің қалай ұйымдастырылғандығын олар қайдан біледі және ол қалай жүзеге асады – міне,
дәл осы сұрақтар когнитивті лингвистиканың зерттейтін орталық сұрақтары. Бұл сауалдарға
тілдік фактілерді талдау арқылы жауап беруге болады. Тілдік мәліметтерден тура
когнитивтік
құрылымдардың тұжырымына өту мүмкіндігі тіл мен когниция жөніндегі мәліметтерде
айтылған. Когнитивтік лингвистика танымдық механизмдер мен сана құрылымдарының үнемі
тілде көрініс табуынан бастау алады. Сондықтан, тіл когницияның ортақ аспектілерін айқындау
және түсіндіру арқылы жүзеге асатын адамның менталды «инфраструктурасы» жөніндегі
мәліметтердің құнды қазынасы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: