11
2.
Тілдік қабілет жалпы когнитивтік механизмдердің көрініс табуы болып табылады,
осыған орай, тіл арқылы адамды, оның ойын, есін, танымдық үдерістерін және т.б. зерттеуге
болады.
3.
Адамның психикалық құрылымы мен тілдік білімнің арасында органикалық
байланыс бар екендігі айтылады, бұл тілді алгоритмдік тәсілмен сипаттау мүмкіндігін жоққа
шығарады.
4.
Антропоцентристік қағидат (ғылымның жалпы «адамдануы», антроптық сипатқа
ие болуы [Караулов 1987: 19]) когнитивті лингвистикадағы тіл білімінің жаңа заманғы сипаты
ретінде тілдің когнициямен, таныммен, адам психикасымен байланысынан келіп туады.
5.
Адамның түйсік жүйесіндегі қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің физикалық
тәжірибесінің рөлі айқындалады.
6.
Лингвистикалық зерттеулердің субъектіленуін талап ету – «нейтралды» ортада
қызмет ететін «орташа» сөйлеушінің тілдік құзыреттілігін негізге алған генеративисттердің тілді
«объективті» сипаттауына қарсы әрекет.
7.
Функционализмнің (жаңа заманғы тіл білімінің тағы да бір ерекше сипаты)
когнитивтік лингвистикаға жататындығы сөзсіз, өйткені, оның айналысатын бағыты тілді
қолдануға қатысты әр түрлі аспектілермен байланысты, яғни, сөйлеу әрекетін қабылдау және
тудыру, интерпретация, ақпаратты еске сақтау және есте сақтау.
8.
Когнитивті лингвистиканың негізгі пәні тілдік мәннен құралады, себебі, ол тіл мен
когниция арасындағы байланыстырушы тетік болып саналады.
9.
Эксплатанаторлылық,
немесе
тілдік
фактілерді
түсіндіру
құралы
дескриптивисттердің көзқарасымен сай келмейді, олар лингвисттің міндеті - не бар, соны
белгілеу, ал сол бар жағдайды түсіндіру оның міндеті емес деп есептейді.
10.
Структурализм кезеңінде қалыптасқан тұрақсыздықтың шекарасы (тіл мен
когниция арасындағы, семантика мен психология, тіл білімі мен әлем туралы білім, сөздік және
энциклопедиялық ақпараттың, семантика мен прагматика, полисемия мен омонимияның
арасындағы шекара) оның құлдырауымен бірдей.
Аталған қағидаттар когнитивті лингвистиканың теориялық базасын құрайтын секілді.
Олардың өзара сәйкестенуі және өзара байланысы аталмыш бағыттың ішкі бірлігін қамтамасыз
етеді. Структурализм мен генеративизмнен межелеп ажыратуға бағытталған пікірлердің дау
тудыруы, алдыңғы дәстүрден қол үзуі назар аудартпай қоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: