8
когнитивтік құрылымдар мен адам санасындағы үдерістер қызмет етеді: фрейм (М. Минский, бұл
түсінік Ч. Филлмор арқылы енгізілді), дәріптелген когнитивті модель (Дж. Лакофф) немесе
менталды кеңістіктер (Ж. Фоконье); 2Ѕ-өлшемді үлгі (Р. Джэкендофф); конфигурациялық
құрылым іспеттес семантикалық-грамматикалық суперкатегориялар, күш динамикасы, назарды
бағыттау, «цепция» және т.б. (Л. Талми); Ч. Филлмор мен П.Кэйдің «құрылымдық
грамматикасында» ұсынылған арнайы термин «кешенді көп аспектілі тілдік құрылымдар»;
концептуалды тұжырым ережелері түрінің когнитивті операциялары (Р. Шенк, Ч. Ригер) немесе
А. Ньюэллмен ұсынылған зияткерлік жүйелерді зерттеудің ерекше деңгейі.
Ақпаратты күшейту немесе жою, іздеу сияқты адам есінде сақталатын үдерістердің
негізінде Чейф когнитивті
интерпретацияны ұсынды, мұнымен осыған дейін көптеген
лингвисттер тілдік ақпараттың белгілілігі/белгісіздігі және болмысы/жаңашылдығы тұрғысынан
айналысқан болатын. Бұл категориялар дәстүрлі түрде сөйлеу контекстіне қатысты айқындалып
отырды; Чейф белгілілікті (артиклі бар тілдерде артикль арқылы беріледі) сөйлеушінің өз
болжамын хабарлауы, ал тыңдарман өз есінде сақталған ақпараттан
сол уникалды концептіні
табуға тырысады деп түсіндірді. Ал болмыс (сөз тәртібі немесе интонация арқылы беріледі)
сөйлеушінің болжамын хабарлайды, ал тыңдарманның санасында айтылып отырған ақпарат
концепт ретінде іске қосылған. Екі грамматикалық категорияда да когнитивті негіз бар, мұнда
ақпараттың оған дейін контекстіде кездесуі – болмыс пен белгіліліктің орныққандығының бір
тәсілі болып табылады. 1980 жылдардан бастап мұндай түсіндірме кең етек жая бастады.
Достарыңызбен бөлісу: