1. Пән туралы мәліметтер



Pdf көрінісі
бет9/33
Дата11.11.2022
өлшемі411,89 Kb.
#49449
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Байланысты:
Когнитивті лингвистика

Бақылау сұрақтары: 
1. Когнитивті лингвистиканың филологиямен байланысы қандай? 
2. Когнитивті лингвистика мен психолингвистика саласымен байланысуының мәні 
неде? 
 
5-дәрістің тақырыбы: Когнитивтік лингвистика және терминология. 
Сағат саны: 1 
Дәрістің мақсаты: Терминологияның когнитивті ғылыммен байланысын зерттеп,
ерекшеліктерін айқындау. 
Қарастырылатын мәселелер:  
1. Когнитивті лингвистиканың мақсаты және пәні 
2. Концепт зерттеудің нысаны ретінде 
Қазіргі таңда когнитивтік зерттеулер өте кең таралып келе жатыр. Менталитет, 
этноконцептілер аясындағы зерттеулер лингвистикада танымалдылыққа ие болуда. Мұндай 
зерттеулердің авторлары оларды когнитивтік деп атайды. 
Заманауи лингвистика, шынында да көбінесе ұлттық тілдердің концептуалды жүйелерін 
зерттеуге бағытталып жатыр. Аталмыш зерттеулердің қызық және маңызды екендігі даусыз. 
Олар жаңа заманғы лингвистиканың жалпы даму жолында болып саналады – антропоцентризмге 
бағытталған тілді тек жүйе ретінде зерттеу мәселесіне емес, «адамға қатысты», «халыққа 
қатысты» бағытта зерттеу мәселесіне мән береді. Алайда, когнитивті лингвистиканың пәнін 
анықтап алып, оны зерттеу материалына және мәселесіне жақын ғылымдардан бөліп алу қажет.


12 
Мақсатты түрде лингвистика, когнитивті лингвистика, психолингвистика және 
когнитология ғылымдарының пәні мен мақсатын ажыратып алу керек. 
Лингвистика тілдің жүйелік құрылымын зерттейді, ол тілде бар заттарды, яғни, бірліктерді, 
құрылымдарды, дамуға әсер ететін үрдістерді зерттейді. Оның пәні – статика мен динамикадағы 
жүйе ретіндегі тіл. Лингвистиканың мақсаты – тілдің жүйелік сипатын жасақтау, ол тілдік 
бірліктердің жүйелік, жалпыланған мәндерін айшықтайды. 
Психолингвистиканың пәні – тілді сана феномені ретінде жасақтау, соның ішінде, сөздердің 
мәндерін психологиялық шындықта жасақтау. Психолингвистиканың мақсаты – сөйлеу 
әрекетіндегі тілдің қолданылуын жасақтау.
Психолингвистика тілдік бірліктердің мәндерінің психологиялық құрылымын ашады
тәжірибелік 
психолингвистикалық 
әдістердің 
көмегімен 
лексикографалармен 
шын 
құрастырылған мәннің құрылымын сипаттауға мүмкіндік береді. Психолингвистика дәстүрлі 
лингвистикаға қарағанда, тілдік бірліктерде көрсетілген концептілердің компоненттері туралы 
көбірек ақпарат береді, өйткені, өзінің әдістерінің арқасында ол арнайы тәжірибеде анықталатын 
сөздердің ассоциативті байланысында көрінетін концептілердің көптеген қосымша қасиеттерін 
анықтауға жағдай жасайды.
Ал, когнитологияның пәні – бүкіл халықтың санасындағы, әлеуметтік жасаралық 
топтардың санасындағы концептілерді жасақтау. Когнитология лингвистикалық емес, 
философиялық-психологиялық ғылым.
Этнопсихология – көбіне психологиялық ғылым болып саналады, ол этноаралық қатынаста 
және стереотиптердің өзара әрекеттесуі кезінде жүзеге асатын әр түрлі жағдайлардағы этникалық 
топтардың психологиясын және жүріс-тұрысын зерттейді.
Когнитивті лингвистиканың зертттеу пәні тілде және сөйлеу барысында көрініс табатын 
тілдік бірліктерді және белгілі бір концептілерді зерттеу болып саналады.
Когнитивтік лингвистикада ойлау бірліктері сияқты концептінің бөліктері қарастырылады. 
Когнитивтік лингвистиканың пәні – тілде қандай да бір концептіні көрсететін бірліктердің 
семантикасы.
Когнитивті-лингвистикалық зерттеудің мақсаты – зерттеліп жатқан концептіні анықтайтын 
тілдің бірліктердің толық құрамын анықтау, аталған бірліктердің (сөздер, сөз тіркестері, 
мәтіндер) толық семантикасын барынша сипаттау, ұлттық (әлеуметтік, жасаралық, гендерлік, 
аймақтық болуы да мүмкін) болмыстағы жаһандық ойлау бірліктері ретіндегі концептінің 
мазмұнын теориялық тұрғыдан сипаттау, жасақтау, ұлттық (топтық, жеке) концептосфераның 
бірліктері ретінде концептінің мазмұнын сипаттау. 
Басқаша айтқанда, когнитивті лингвистиканың мақсаты лингвистикалық бірліктердің 
көмегімен концептіні сипаттау болып келеді. Когнитивті лингвистика концепт ұғымын бір 
жағынан зерттеу нысаны ретінде қолданса, екінші жағынан, зерттеліп жатқан тілдік материалды 
шектеу құралы, сонымен қатар, тілдің лексика-фразеологиялық және синтаксистік жүйелерінің 
ішкі тұтастығы мен құрылымын анықтау үшін қолданады.
Сөйтіп, концепт тілдік бірліктердің белгілі бір жиынтығын анықтауға арналған бастапқы 
база болып саналады. 
Лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, этнопсихология, мәдениеттану сияқты 
ғылымдар өздеріне тән әдістердің көмегімен белгілі бір концептіге жүргізілген талдау 
нәтижелерін ұсына алады. 
Когнитивті лингвистика осы аталған ғылымдардың қатарына жатады, ол тілдік бірліктер 
арқылы концептілерді лингвистикалық бірліктердің семантикасы арқылы анықтау және 
сипаттауда өз үлесін қосады. Когнитивті лингвистиканың беретін нәтижелері ұлттық 
концепторсфераның концептілерін сипаттауда үлкен қазына болып саналады, алайда, ол 
зерттеліп жатқан материалмен және қолданылып жатқан әдістермен шектеледі. Осылайша
аталмыш 
тілдік 
материалдың 
құндылығы 
когнитивтік 
лингвистиканы 
ұлттық 
концептосфераларды зерттейтін басқа ғылымдардың арасында әлдеқайда жоғары деңгейге 
көтереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет