15
жөніндегі барлық мәліметтер жиынтығының көзі болса, кейде бұл фразеологиялық, лексикалық,
паремиологиялық тілдік жиынтық ретінде қабылданады.
Белгілі зерттеуші С. Воркачев: «концепт - бұл мәдени
белгіленген вербальдық мағына,
сөйлеушілердің өзіне тән тілдік қолданыстарын айту үшін жеке концептіні тілдік тұрғыдан түсіну
үшін, соған сәйкес лексика-семантикалық парадигма жасалады» - деп қарастырса, ал академик
Д.С.Лихачев: «концепт қатарына кіретін лексемалардың (өмір, махаббат, ес, бақыт, іс-әрекет т.б)
мағынасы ұлттық тілдік сана мен ұжым тілінің «қарапайым әлем бейнесін» жасайды. Бұндай
концепттердің жиынтығынан тілде концептілік қабат құралады» - деген пікірді ұстанған.
Концептінің енді бір анықтамасын беруге тырысқан ғалымдардың бірі В.И.Поставалова
«концептілік талдау мақсаты - бір ғана таңбаның аясында жинақталатын жалпы концептілерді
тауып, когнитивті құрылымындағы сол таңбаның болмыс-бітімін анықтау» деп болжамдайды.
Шындығында, отандық тіл білімі саласында концепт теориясы мен оның құрылымдары
біраз талданды, яғни қазақ тіл білімінде концепт теориясын жан-жақты зерттеген ғалымдар С.
Жапақов, М. Күштаева, Г.Снасапова, А. Әмірбекова, Ш.Елемесова т.б. болып есептеледі.
Лингвистиканың танымдық саласы шындық әлемінің адам санасындағы көрінісін зерттей
бастағаннан-ақ, қазақ тіл білімінде де әлемнің тілдік бейнесі мен ұлттық танымның
ерекшеліктеріне көркемдік тұрғыдан концептуалдық талдаулар жүргізіле бастады.
Тұлғалық және ұжымдық санадағы мәліметтер жиынтығы болып саналатын концепт
когнитивті лингвистиканың іргелі ұғымы. Бүгінгі таңда
бұл термин психолингвистика,
когнитивті линвистикада және лингвомәдениеттану тұрғысынан зерттелуде.
А.В.Маслованың зерттеулеріне сүйенер болсақ, концептінің сан түрлі сипаттамасын
кездестіре аламыз: " концепт - біздің санамызды ментальдік немесе психикалық ресурстарының
бірліктерін және адамның білімі мен тәжірибесін бейнелейтін ақпаратты құрылымды түсіндіру
қызметін атқаратын термин; концепт - сақтаудың, ментальдік лексиконның, концептуалдық жүйе
мен тілдің, ақыл-ойдың, адам жүйкесінде бейнеленген дүниенің бүкіл бейнесінің мазмұндық
бірлігі; концепт - өзінің іске асырылатын бүтін бір тілдік тобымен берілетін,
тиісті лексика-
семантикалық парадигма жасайтын, мәдениеттің таңбаланған вербалды мағынасы, сондай-ақ тіл
арқылы айтылатын этномәдени ерекшелікте таңбаланған ұжымдық білім бірлігі".
Баршамызға белгілі аталмыш ұғымды логикамен және философиямен сабақтастыра
отырып ұғыну соңғы уақытта жарық көрген лингвистикалық бағыттағы ізденістерде көп
кездеседі. Дәл осы зерттеулер көрсеткендей концепт сөз деген мағынаға саяды,
сөйтіп ол
адамзаттың менталдық
функциясы болып табылады.
Енді, «концепт» терминін лингвомәдени бағытта ұғыну барысында оның этномәдени
сипатына басымдық беріледі. Сонымен қатар, концептінің тілдік жүйеге енгізілуі лексика-
семантикалық парадигманың белгілі бір мәні, яғни ұжымдық құрылымның тілдегі көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: