1. Пән туралы мәліметтер



Pdf көрінісі
бет13/33
Дата11.11.2022
өлшемі411,89 Kb.
#49449
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
Когнитивті лингвистика

Бақылау сұрақтары:


17 
1. Концептуалды құрылымдардың тармақтары қандай? 
2. Концептуалды құрылымдардың концептімен байланысы неде? 
 
9-дәрістің тақырыбы: Тіл мен сана 
Сағат саны: 1 
Дәрістің мақсаты: Когнитивті лингвистикада таным мен сананың алатын орнын айқындап
түсіндіру. 
Қарастырылатын мәселелер:  
1. Концептілерді анықтау әдістері мен тәсілдері 
2.Концептілерді меңгерудегі когнитивті және лингвомәдени тәсілдер 
Концепт категриясын түсіндіру жолдары қаншалықты әр түрлі болса, соншалықты 
концептіні анықтау тәсілдері де әр түрлі. Заманауи зерттеушілердің жиі қолданатын келесідей 
әдістемелерін атап көрсетуге болады:
1. 
Кілт сөз (берілген концептіге атау) таңдалады. Одан соң түрлі мәтіндерге сүйене 
отырып, сол сөзге қатысты мысалдардың (мысалы, ар және ұят) картотекасы жасалады және 
аталмыш сөздің лексикалық сәйкестігі анықталады. Кілт сөздің қандай сөз класстарымен сәйкес 
келетіндігін толық талдау маңызды тұстарды айқындауға жағдай жасайды (Арутюнова 1997, 
Рахилина 1998). 
2. 
Келесі әдіс аталмыш кілт сөздің түсіндірме сөздіктердегі (барынша көп сөздік) 
түсіндірмелерін талдаумен қатысты. Түсіндірмелердің көмегімен концептінің мүмкін 
сипаттамалары таңдалады ( Гончарова 1999). 
3. 
Үшінші әдіс – сөздің даму үдерісіндегі көпмағыналылығын зерттеу. Сөздің жаңа 
мағыналарының пайда болуын зерттеу концептінің дамуын анықтайтын ерекшеліктерді табуға 
мүмкіндік береді ( Гришаева 2000). 
4. 
Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді талдау келесі әдістің бірі болып табылады
оған кілт сөздің өзі, концептіні бағалау жатады. Бұл әдіс белгілі бір құбылысты халықтың 
қаншалықты түсінгендігін көрсететін әдіс ( Печенкина 2000). 
5. 
Концептілерді зерттеуде әр түрлі тілдердің ұқсас лексемаларын тура мағынасында 
контрастивті талдау әдісі де маңызды болып саналады. Мұндай әдісті қолдану барысында 
концептінің ұлттық ерекшелігі нақты көрініс табады ( Бибок 1996). Контрастивті талдау концепт 
пен сөздің мағынасы арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
6. 
Концепт белгілі бір логикалық классқа (мысалы, ағаш класы, құстар класы) 
жатқызуға қажетті белгілердің жиынтығы ретінде сипатталады ( Харитончик 1999). 
7. 
Грамматикалық формаларды белгілеу арқылы етістік кластарының прототиптік 
сипаттамаларын анықтайды ( Шарандин 1998). 
8. 
Мәтінді талдау әдісі арқылы көркем шығармалардағы жеке-авторлық концептілер 
анықталады, мұндай концептілерді сипаттау жазушының әлемді танудағы ерекшеліктерін терең 
түсінуге мүмкіндік жасайды (Тильман 1999, Романова 2001, Пугач 2001). 
Концептілерді анықтаудағы әр түрлі әдістерді Г.В. Токарев біріктіреді. Мәдени 
концептілерді зерттей келе ол тілдік бірліктердің ішінен мәдени ақпарат табады. Ондай 
бірліктерге ол төмендегілерді жатқызады: 
• Сөздің семантикалық құрылымы; 
• Сөздің парадигматикасы, синтагмагиткасы, этимологиясы
• Сөздің деривациялық желілері; 
• Концептінің кілт сөздерінің жиілілігі. 
Бұл тілдік бірліктердің барлығын автор орыс тіліндегі «трудовая деятельность» 
концептісінің ерекшеліктерін жасақтау үшін зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет