195
алмайды". "Шағын әдеби энциклопедияға" енген "Символ" мақаласының авторы С.С.
Аверинцевпен келісе отырып, Бахтин мағыналарды интерпретациялауды әрі танымдық,
әрі сонымен бірге білімнің "бейғылыми" формасы деп бағалайды[723]. Оның айтуынша,
өзінің гуманитарлық аясына дәті берік әдебиеттанудың өлшенімі "танымның дәлдігі емес,
оның тереңірек бойлауы болып табылады. Бұндағы таным индивидуалдылыққа
бағытталған. Бұл ашылымдардың, аян болулардың, тану, хабарлаулардың аясы"[724].
Скафтымов пен Бахтиннің (бір-бірінен алшақтығына қарамай) біз келтірген ой
толғаулары бірін-бірі толықтырып отырады. Олар интерпретацияның
өзіндік ғылыми
танымға қатыстылығы туралы байыпты проблеманы төтеіснен қояды. Осыған байланысты
қарама-қарсы
пікір
туындайды.
Бір
жағдайда
интерпретациялау
іс-әрекеті
әдебиеттанудағы доминант деп ьағаланса, келесі жағдайда керісінше, не жекелей, не
тұтастай оның шеңберінен шығарылып тасталады. Бірінші көзқарас Д.С. Лихачев
тарапынан айқын көрініс тапқан. Оның айтуынша, интерпретация дегеніміз – бұл әдебиет
туралы ғалымның діңі: оның икемді, қатылықтан ада орталығы интерпретация үшін
"қатал үзеңілес" (биографияны, мәтін тарихын, өлеңтануды зерттеу) болатын нақты
ғылыми пәндер қоршауына алынған[725].
Соынмен бірге әдебиеттанушылар арасында интерпретацияға қатысты оның
ғылымилығына күмәнділікпен қарайтын көзқараста кең орын алған. Ол
өз бастауын
көркем шығармадағы мағыналық назар аударған романтикалық эстетикадан алады.
Осылайша, Шеллинг өнер туындысы "шексіз санды тәпсірлеулерге орын береді, оның
үстіне ешқашанда осы шексіздікті суреткер енгізген немесе туынды тап сондай болып
ашылуға тиісті деп айтуға еш айтуға болмайды" деп ұйғарды[726]. Және бұдан кейін де
өнер қызғаншақ және әмірлікпен өз тереңдігін ынтазар адам парасатынан тыққыштайды
деп талай мәрте сөз етілді[727].
Ғылыми поэтика мен интерпретацияны формалды мектеп пен структурализмнің
өкілдері бір-біріне қарама-қарсы қойды. Цв. Тодоров ғылыми поэтика турасында "Жеке
туындылардың интерпретациясынан өзгешелігі, ол олардың мәнін ұғуға тырыспайды,
көрініс берумен шарттылыққа ие заңдылықтарды танып білуге талпынады" деп
жазды[728]. Бұл тақлеттес пікір түюлер "дәлді" ғалымдардың үлгісінде түзілген
әдебиеттану тәжірибесімен байланысты. Олар ибсендік Брандтың "түгел немесе ештеңке"
ұранымен тамырлас: егер әдебиеттанулық интерпретация туынды турасында түгесе білім
бермесе, онда ғылым оны еш керек етпейді.
Тодоровқа қарағанда сыпайы, бірақ та толықтай айқындылықпен әдебиеттану туралы
ғылымнан интерпретациялық іс-әрекетті жеке бөліп шығарған Ю.М.
Лотман оның
жалына жабысу замана ғалымы үшін әлі ертеректеу деді. "Осы оқу құралында поэтикалық
мәтін жеке және қоғамдық хал кешулер туындататын өзінің барша байылығымен, яғни,
өзінің толыққанды мәдени міндетінде жағынан қарастырылмайды, тек қана заман
ғылымның қолы жеткен бір шама шектеулі көзқарастар тұрғысынан қарастырылады <...>
Әдебиеттану ең алдымен жауап беруге асығуға емес, сауал қоюға үйренеді. Қазір алдыңғы
қатарға белгілі бір зерттеушінің дербес тәжірибесінің байлығы емес, оның жеке
тәжірибесінен, талғамы, мінезінен бөлініп алғысыз, біршама татымды, бірақ та өте қатал,
анализдің типтік әдістемесі шығады" деп жазды[729]. Бұл арадағы анализ, бір сөзбен
айтқанда здесь, можно сказать, теснит
интерпретацияны ығыстырып, оны қашан
туындары белгісіз алыс болашаққа қарай жылжытады.
Сипаттама мен анализді марапалау (культивирования) интерпретацияға нұсқан келтіріп,
кейбірде шеттетудің көрініс беруіне ұрындырады, не болмаса, ғалымның өзі
қарастыратын тақырыбына деген тоңмойындық салқындық қарым-қатынасын танытады.
В.Б. Шкловский: "Ескі форманы бақаны зерттегендей қарастыру керек. Өйткені, физиолог
бақаны бақылдауды үйрену үшін зерттемейді" деп жазды[730]. Бұдан бөлек В иной,
спокойно академиялық мәнердегі осыған ұқсас ойды А. К. Жолковский мен Ю.К.
196
Щегловтар да айтты: ғалым қаламгермен арқашықтықты сақтай отырып, оған "не
ұстаздықты, не сұхбаттасты, не шәкіртікті таңбайды", ол авторға "ұшар биіктен" -
"әдебиеттанудің тәжірибелік қояндары" ретінде қарайды[731]. (Бұл жерде бахтиндік
сұхбаттылық концепциясына – оқырманның автормен
жолығысуына айқын емес
пікірталастың ұштығы аңғарылып тұр).
Әдеби туындыны қарастырудың принциптері, әлбетте, аяқталуы мүмкін емес, түрлінше
түсіндірулерге жол ашады. Аксиомдарға қарағанда шешуін таппаған проблемалар жетіп
артылады.
Соған
қарамай,
біз
әдебиеттанудағы
интерпретацияға
қатысты
жалпытеориялық ережелерді түйіндей аламыз.
Біріншіден: көркем мазмұны әлдебір туындының жекелеген тәпсірленуі арқылы өзін
түгесе аламады. Әдебиттанулық интерпретация (ғылыми білімнің басқа формалары
сияқты) өзіне тек ықтимал ақиқаты таңдап алуға қабілетті. Өнер туындысындағы ешбір ой
жүгірту актісіне (тіпті ол ең ендірімді, ең тереңдіктегі болса да) бірден бір және түгесуші
құқығы берілмейді. Ұлығ туындылардың мәніне қол жеткізу процесі шексіздікке ие болып
келеді. Олардың әрқайсына кейде өте кең көлемді, түзетуші және адекваты оқылым
ауқымдылығы сай болып келеді.
Екіншіден: бірнеше мәрте айтылған пікірлер негізінде (оның ішінде -А.П.
Скафтымовтың) сөздік көркем шығарманы әдебиеттанушылық тәпсірлеуде ең алдымен,
күрделі де, көп қырлылығы есепке алатын дәлелдеуші, әрі айқындықтағы мәтіннің әр
элементінің тұтастығымен байланыс қажет екен деп санауға еш болмайды.
Егер ол
әлдебір ғылымилықтың дәрежесіне ұмытылатын болса, интерпретацияға қойылатын
біртұтастықтағы талап осындай болып келеді. Әдебиеттанушылық оқуларға белгілі
ақиқатты шексіз қайталаушылық, автордық айтқан ойынан аулақтап кететін көркем мәтін
сілемін қиялдың жетегінде кетушілік қайшы келеді. Интерпретацияның соңына басы бүтін
түсуді мақсат еткен әдебиеттанушы нар тәуекелдің қайығына мініп, көркем туынды
құрамында бұғып жатқан құпиялардың соңына сақтана және ұқыптылықпен жайлап
жақындай түседі [732].
Ақыр соңында, үшіншіден: Осыған дейін біз сөз етіп келген имманенті зерттеу біз қазір
тоқталатын контекстуалды (конмәтіндік) қарастыруға ілесіп, бекемделетін болса, онда
әдебиеттанушылық интерпретация толықтық пен тереңдікке ие бола түседі.
Достарыңызбен бөлісу: