192
Дәстүрлі, канондық жанрларда автор белгілеген түзілімдік
тәртіп алдын ала кесіліп-
пішіліп. Көне грек трагедияларындағы хорлық көрінстер мен "эписодилердің"
кезектестігін; ертегілердегі үшемдік қайталауларды; дәстүрлі жанрлардағы ретке
келтірілген, катарсистік шешімдерді; сонетадағы мүлтіксіз орындалуға тиісті қатаң
ырғақтық түзілімдерді еске түсірейік.
Сонымен бірге, шынайы көркем туындының композициялық реттілігі белгілі бір ереже
мен қатаң кестелікке көзсіз ерген қаламгерлікпен еш сорпасы қосылмайды. Тамаша, әрі
композициялық принциптерге құрылған туындыларда әлдебір еркін және қайталанбас
төлтумалық өмірге келіп, бізге ұсынылады. Тап осыны қарастырған А. С.
Пушкин
"туындыгерлік пен жаңалық батылдықпен қабаттаса өрілгендігі, шығармашылық ойлар
кең ауқымды тамадалғандығы" айқын танылатын У. Шекспир, Дж. Мильтон, Ж.Б.
Мольер, И.В. Гете туындыгерлігін жоғары бағалады. Пушкин А. Дантенің "Құдіретті
комедиясына" қарайлап: "Единый план "Тамұқтың" бірыңғай жоспары жоғары
данышпандықтың жемісі" екендігін аңғарды[710].
Түзілім аясындағы қаламгердің индивидуалды-шығармашылық бастамасы дәуірден
дәуірге өткен сайын өте айшықтана түсті. М.М. Бахтиннің соңғы жүз жылдықтардың
әдебиетіне қарата айтқан: "Біз белсенді авторды ең алдымен туынды композициясында
ұшыратамыз"[711].
Бізге жақын дәуірлерде құрылымдық қатаңдықтың
гипертрофиясы табандылықпен
бөлектенеді. Ф.М. Достоевский туынды бойындағы жоспардың көптігі оның кемшілігі
болып табылатындығы турасындағы тамаша сөзі; И.Э. Грабарьдің (В.А. Серовтың
суреттері туралы) – "өмірлік кездейсоқтықтың композициясы" деп айтқаны[712]; АА
Ахматованың – "өлеңдерде адамдардағыдай емес, / Бәрі де өз ретімен болуы керек"
дегендері. Сондай-ақ, "минуттық, еркін сезімдік" шабыттану мен қозғалысқа кедергісін
келтіретін "алдын ала жазымыштықтың суықтығынан" сақтандыратын
Пушкин сөздері
қалай тауып айтылған[713]. Шынайы көркем туындыларда "хаос шығарманың жеңіл
жамылғысы арқылы айқын сезіледі" деп пайымдады В.М. Жирмунский [714].
Көркем композицияның ең басты заңдылықтарының бірі – сан алуандықты бір ізге
түсіре білушілік. Сан алуандық принципінің барлық дәуірдегі өнерде ұшырасатындығы
тарапынан Қайта Өрлеу философиясы мен эстетикасы ұғылып, терең мәнділікке ие
екендігі пайымдалды[715]. Ол келесі дәуірлердің де өнерінде де өзекті бола түсті.
Ағылшын суретшісі және өнер теорияшысының трактатынан (XVIII ғ.) біз мынаны
оқимыз: "Өнерді тап-тұйнақтай жинақтау дегеніміз –
бұл оны тәп-тәуір сан
алуандандыру". Және тағыда: "Бұл арадағы менің айтпағым өте жақсы ұйымдастырылған
сан алуандық, не болмаса, шатысу мен ажарсыздықтан ада хаосты сан алуандық болып
табылады"[716].
Өнер туындыларындағы реттілік пен сан алуандықтың басын бір жерге біріктіру сөз
зергерінің өз бетімен кеткендікті емес, қайта бір ғана диссонанстар мен бейберекеттіктер
ғана емес, гармония, тәртіптік бастау көздер ұшырасатын болмыстың мәнін ұғыну актісі
болып табылатын шығармашылық еркіндігін жүзеге асыруы.
Демек, "композициялық тапсырманы//композиционные задания" (В.М. Жирмунский
ұсынған термин) қаламгерлер кең ауқымды кеңістік пен шетіндік
қарабайыр кестелілік
арасында табысты кәдеге жаратады. Бұл жерде күрделі түзілім мен қарапайымдылық пен
айқындылық үшін амал-тәсілдерді үнемдеудің арасындағы әлдебір үйлесімді "баланс" өз
тиімділігін танытады.
Достарыңызбен бөлісу: