Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


§4. АВТОРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚУАТЫНЫҢ АЙШЫҚТАЛУЫ.ШАБЫТ



Pdf көрінісі
бет27/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

§4. АВТОРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚУАТЫНЫҢ АЙШЫҚТАЛУЫ.ШАБЫТ 
Көркем субъективтілік өз бойына өмірді пайымдау мен бей-берекет жан-дүние алас 
ұруының нышан-белгілерінен өзге «шабыт» деп аталатын автордың басынан күй 
кешуінің шығармашылық әлеуетін де сыйдырады. Істің шын мәнісінде, автор өз алдына 
мақсат қойып, оны туындыгерлікпен шешеді. Онысы қиялмен жұмыс істеп (ойдан 
шығарылған образдарды өмірге әкелумен) байланысты, бұны (В.М. Жирмунский) 
композициялық және стилистикалық міндет деп атайды.
Шығармашылық міндетті белгілі бір жағдайда шешу автордан ойын жинақтап, басы 
бүтін «шығармашылық азабына» беріліп, ең бастысы, өзінің қолынан не келетіндігін 
сезініп, айырықша көтеріңкі көңіл күй ауанына бөленіп шабыттануы турасында Сократ 
өзінің платондық сұхбаты "Ионында": ақындар "өздерінің тамаша поэмаларын <...> тек 
шабыттанып, аруақтанған кезде ғана шығара алады "; туындыгердің санасы "арайланып" 
"үйлесім мен ырғаққа иелік етіп", - бойын "құдіретті күш" жайлайды, онсыз суреткер 
өзінің алға қойған мақсатына қол жеткізе алмауы мүмкін[162]дейді.
Сократтың осы айтқанына дәлел ретінде Пушкиннің "Күз" өлеңінде шығармашылықтың 
арайлы сәті төмендегідей төгіледі:
И забываю мир - и в сладкой тишине
Я сладко усыплен моим воображеньем,
И пробуждается поэзия во мне:
Душа стесняется лирическим волненьем,
Трепещет и звучит, и ищет, как во сне,
Излиться наконец свободным проявленьем... 
Өзінің еркін шығармашылығымен шабыттануы суреткер үшін: зер сала зерделеу, жан-
сезімдік, көңіл қоюшылық формасына айналады да, көбіне тысқары түкпірлердегі 
шынайы да қайталанбас ізгі нәрсені сезіне алуына септеседі. Осы ой А.К. Толстойдың 
өлеңінде төмендегіше көрініс тапқан: "Тщетно, художник, ты мнишь, что творений своих 
ты создатель..."
Танымал ақындарда керекті сөзді тылсымданған біреудің әмірлі үнмен: махаббат, ар-
намыс, борыш жайында өмірдің тереңде жатқан бастау көздерінен алып айтып тұруымен 
жазғандай көрінетіндігін "Құдіретті комедия" ("Тамұқ". XXIV Бөлім. 52-58-ші жолдарда) 
Данте және ол тәріздес ақындардың қаламына тән нәрсе: "сендіретін ой <...> балаша 
бағынып, қағаз бетіне төмендегідей төгіледі": 
Когда любовью я дышу, 
То я внимателен; ей только надо 
Мне подсказать слова, и я пишу. 
Поэтикалық қажып азап шегудің қалай өз мәресіне жеткендігін А.А. Ахматованың мына 
бір өлең жолдары танытады: 
Тогда я начинаю понимать, 
И просто продиктованные строчки 
Ложатся в белоснежную тетрадь. 
("Творчество" из цикла "Тайные ремесла") 


45 
Тап бір біреудің дауысына құлық қойып, бағыну арқылы ақын өзінің шығармашылық 
еркіндігін паш етеді. Бұл турасында А.А. Блоктың "Ямбтар" циклындағы өлеңдері куә 
бола алады: 
Да. Так диктует вдохновенье: 
Моя свободная мечта 
Все льнет туда, где униженье, 
Где грязь, и мрак, и нищета. 
Ақындардың шығармашылық еркіндікпен шарық ұруы көріп отырғанымыздай, үзілді-
кесілділік, бейберекеттік және тылсымдылық формасына ие болады. Осы ойымызды Р.М. 
Рилькенің: "өнер туындысы сол кезде тамаша, егер ол ішкі қажеттіліктен өмірге келетін 
болса"[163] деген иланымды сөзімен бекемдеуге болады.
Шығармашылық әлеуеттің таңбаланған мөрі туындының өмірге келуінде өз көрінісін 
табуын Т.С. Элиоттың "ақын үні өзімен өзі кеңеседі"[164] деген сөзімен кестелей 
отырып, оған шабыт үнін алып қоспақпыз. Осы бір анық емес, бірақ көркем 
субъективтіліктің ең маңызды бөлінбес қыры турасында XX ғ. көп сөз болды. «Өнер» – Г. 
Г. Шпеттің сөзі бойынша, "өз бойына шығармашылық әлеуеттің <...> интимдік культін 
сыйдырады"[165]. Романтизм дәуіріндегі неміс эстетикасының өкілдері суреткерлер 
табиғатқа еліктеуде ең алдымен оның шығармашылық әлеуетіне жүгінеді деп есептеді. 
Б.Л. Пастернак та өзінің "Қорғау марапасында" осындай рухтағы ойды айтты. Оның 
айтуынша, өнердің өзегі дауыстың күші мен оның ұшырасуынан тұрады[166]. Осы бір 
көркем мазмұнның шығармашылық аспектісі қабылдаушылар үшін қашаннан да маңызды. 
П. Валери: "Өнер туындыларынан мені қашанда ең алдымен қызықтыратыны, оның өмірге 
келуіндегі шығармашылық күш-жігердің іздерін іздеу",- деп жазады[167]. 
Көркем субъективтіліктің (мағынадан тысқары, жасампаздық, әлеуеттік делінетін) 
аталған қыры кейбірде шектен тыс әспеттеліп, басқаларына өз салқынын тигізеді. О.Э. 
Мандельштам өзінің 1919 жылы жазылған "Акмеизмнің таңы" атты мақаласында 
суреткер «құрылыскерлік рухымен есі шыққан жан» ол үшін белгілі бір ғалам сипатын 
ұғыну тек қана «тас қалаушының қолындағы қалақ сияқты құрал немесе амал-тәсіл» деп 
ой түйді[168]. 
Суреткердің туындыгерлік-шығармашылық тынысы оның туындыларында әр қилы 
көрініс табады. Автор кейбірде өзінің шығармашылық талпынысының қауырттылығын 
танытады (кейінгі бетховен сонаттарын немесе Л.Н. Толстой романдарындағы әдейі 
алынған ұғымға ауыр сөздерді еске түсірейік). Осы бір көркем шығармашылық типі 
турасында Т. Манн: "Өнер деп атауға тұратындардың бәрі мүмкіндіктің шегіне 
батылдықпен барып, белгілі мөлшерде күш-жігер жұмсаудан туындағандар" деп 
жазды[169]. 
Сонымен бірге, көптеген жоғары деңгейдегі көркем туындылар жеңілдіктің, әртістіктің, 
көңілділіктің реңкіне оранып, кейбірде Пушкин поэзиясындағыдай "моцарттықтың" 
шапағына бөленеді. Бұл арада өнердің ойынмен байланысы аңғарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет