Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов



Pdf көрінісі
бет35/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

 
 
6. ӨНЕРДІҢ МАҚСАТЫ
§1. ӨНЕРДІҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫРЫ. КАТАРСИС 
"Көркемдік" сөзімен, біріншіден, туындының өнер аясына енуі немесе ең құрығанда 
оған қатыстылығы, екіншіден, өнердің өзіндік қасиеті мен нышан-белгілерінің туынды 
бойында айқын да, кезектестікпен кеңінен ашылуы таңбаланады. Көркемдік (өзінің екінші 
мағынасында) өзін-өзі таныта білген талант айқын аңғарылатын, автордың 
шығармашылық дарындылығы толық танылатын жерде кезігеді. Өнер саласының аса 
қажетті табысты шарты ретінде талант көркемдіктің туындыда көрініс табуының бірден-
бір алғышарты болып табылмайды. Н.В. Станкевичше, "өнер рухпен бірлесе біте қайнаса 
өмір сүріп, оның барша тағдырын бірлесе кешеді"[229]. Замана ғалымының ойынша
"еркіндік – өнердің өмір сүруінің бірінші шарты", ал, оның "жаны" дегеніміз – бұл 
"адамдыққа деген құлшыныс"[230].
Сондықтан, көркем шығармашылық үшін оның автономиялығы ("таза өнер" ұраны), 
көркемдіктен тысқары болмыстан бөлектенуі жағымсыз қондырма болып табылады. 
Өнерді тіршіліктен бөліп алушылық түсінігі Н.А. Бердяевтың орынды сынына ұшырады.
Ол туындыгер адамды автономды өнердің құлақ кесті құлына еш айналдыруға болмайды, 
суреткердің еркіндігі тақырыпсыздық болуы мүмкін емес: "Адам шығармашылығының 
барша аясы <...> біртұтас рухани нәрлі алақан және де өнер дегеніміз жай ғана "әдемі 
дыбыстар", ол "өз жүрек қалауымен <...> бетертұлғалыққа үн қосып" қызмет ету деп 
тұжырымдады. Сонымен бірге, философ өнер автономиясы идеясы кейбір жағдайда 
орынды "істің шын мәнісінде, өнер <...> өмірдің моралдық, танымдық, әлеуметтік 
заңдарынсыз өмір сүре алмайтын болса" деп ой түйіндеді[231]. 
Эстетика саласындағы «тұйықталмаушылық» өнердің маңызды атрибуты болып 
табылады. XX ғасырдағы белгілі неміс философы Н. Гартман: "кез келген ұлы өнердің 
құпиясы" "эстетикалықтан үстем" болып келеді деген болатын[232]. Біз әңгіме өзегін 
өнердің мәні турасында бастап, гуманитарлық санаттаманың ең маңыздыларының бірі – 
құндылық ұғымына ден қоймақпыз. Тура осындай пікірді Бахтинде сөз етті. Көркем 
туындыларға «эстетикадан тысқары салмақты мазмұн» керек. Ғалымның айтуы бойынша, 
өнерде «таным болмысы мен этикалық қадам» «көркем әрленуге» ұшырайды[233]. 
Басқаша айтқанда, өнер туындысы әлдебір табиғи туындайтын эстетикалық және басқада 
құндылық бастау көздердің ажырамас «қоспасы» болып табылады. Көркем туынды 
өзіндегі болмыстың сәулеленуі және автордың индивид ретінде түрлі қырынан 
танылуымен құнды. Достоевский Сервантестің «Дон Кихотын» адамзаттың қолынан 


57 
шыққан ең қайғылы туынды деп санайды. Бұған қосымша айтарымыз, өнер өзінің сан 
алуандығымен адамзаттың бүкіл болмысын таныта алады.
Өз кезегінде жоғарғы құндылық негізінде көркем байыпталатын болмыс өзінің қарама-
қайшылығымен, жағымсыз құбылыстарымен әлдебір арайландыратын, үйлесімдіретін 
әлеуетті таба білуге қабілетті. Өнердің бойында ұшырасатын тазалау, келісу, жұбатудың 
басын қосқан Аристотель оның өзінің "Поэтикасында" катарсис деп атады (Бір есте 
ұстайтыны осы сөз термин дәрегейіне көп кейін аристотель трактаттарын түсіндірушілер 
тарапынан ие болды). Катарсис туралы ұғым біздің ғасырымызда да өзінің осы мағынасын 
сақтап қалып отыр. Л.С. Выготский катарсис өз кезегінде заттың бейнеленуін туындатуға 
қабілетті жағымыз сезімнен арылу болып табылады деп тұжырымдайды [234]. Гетенің 
шығармашылығын зерделей талқылаған Д. Лукач катарсис тек қана келісу мен жай 
табушылықты ғана білдірмейді, сонымен бірге имандылық тамырының бұлқына соғуын 
танытады деп ой түйіндейді. Ол өнерді "катарсистік-этикалық" әсер ету турасында сөз етті 
[235].
Катарсис трагедияда (ол турасында Аристотельде де айтылады) және күлкі 
жанрларында (Бахтинше, карнавалдық күлкі катарсисті) ұшырасады. Бірақ ол шарасыз 
скепсис пен тұтасқан иронияға орнаған, әлемді тізгіндеуге қатал шара қолданылуы 
өрнектелген туындыларда (мысалға, Ф. Кафканың әңгімелері мен хикаяттары, Ж.П. 
Сартрдың "Жүрек лоқсуы", абсурд театрының туындыларында) не әлсіз болып, не тіптен 
төбе көрсетпейді. Катарсисті XX ғ. бірқатар өнер қайраткерлері жоққа шығарды (Б. 
Брехт, мысалға, катарсисті "барып тұрған жабайылық" деп санады), өз кезегінде Ницше
"жан ашу, қорқыныш, имандылық асқақтығы" шеңберін қамтымай, трагедиядан ләззат алу 
үшін "таза эстетикалық аяны" іздеу керек дей келе, катаристі әлдебір жалғандықтың 
катарсистік патологиялық оқталуы деп тұжырымдады[236].
Д.С. Лихачевтың ойынша, XX ғ. көркем шығармаларында катарсистік бастау көздермен 
қатар басқа бағыттағы үрейлі, дағдарыс жағдайындағы өнер адамдарының "хаостың 
басындағы жүгенін сыпырып еркімен жіберуін" қажетсінуі кезігеді. Оның үстіне "өмірдің 
бізді үрейлендіретіні сияқты өнердің өзі де бізді қорқытады. Тынымдау үшін қай жерге 
тоқтау керек?"[237]. Бұл арада біздің ең жетекші ғалымымыз жауап берілуін керек етпей, 
қазіргі көркем мәдениеттегі ең өзекті және ең қиын сұрақты төтесінен қояды. Осыған 
байланысты бір аңғаратынымыз адамзаттың мәңгілік серігіне айналған өнер 
туындыларында катарсистік бастау көз тұрақты ұшырасып тұрады.
Сондай-ақ ол біздің ғасырымыздың бүкіл сұрықсыздығын танытатын әдебиет 
түрлерінде де кезігеді. В.Т. Шаламовтың шығармашылығы тап сондай, оның бір өлеңінде: 
"Эти слезы - очищенье,/ Их также "катарсис" зовут" ("Мне не сказать, какой чертою...") 
деген жолдар ұшырасады[238].
Құндылықтардың мәңгілік сақталынуы мен жойылып кетпеуіне деген суреткер 
сенімінің жүзеге асуының сипаты катарсис болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет