47
маңыздысы оның туындыгерінің "тұлғасының шығармашылық тініне жетіп, тереңдей
ену"[177] деп береді.
Жазушының шығармашылығы мен оның тұлғасы
және тағдыры арасындағы
байланысқа биографиялық әдістің жақтаушылары шешуші мән беріп, ең алғаш француз
сыншысы, қомақты еңбек болып табылатын "Әдеби-сыни портреттердің" (1836-1839)
авторы Ш.О. Сент-Бёв тарапынан қолданыс тапты[178].
Қаламгердің іс-әрекеті белгілі бір мөлшерде туынды бойында өз санасын, әлбетте,
өзінің ғұмырнамалық тәжірибесін, өмірдегі іс-әрекетіне ненің түрткі болғанын
«айшықтайды». Г.О. Винокурша: " Поэзияның
стилистикалық формасының мәні, бір
мезетте жеке өмірдің стилистикалық формасы" ақынның тап өзі болып табылады[179].
Осы тәрізді ойларды жазушылар мен ақындар талай мәрте айтты. "Өмір мен поэзия –
біртұтас", -деп тұжырымдайды В.А. Жуковский. Бірақ та, бұл формула нақтылай түсуді
қажет етеді. Туындыдағы автор бейнесі өмірдегі автор кейпімен дәлме-дәл келмейді.
Мысалға, А.А. Фет өз өлеңдерінде өзінің күнделікті өмірдегі байбатшалық кейпін емес, өз
дербестігінің өзге тұстарын айшықтады. Көбіне көркем субъективтілік пен жазушының
өмірлік іс-әрекеті мен күнделікті тірлігі арасындағы байыпты алшақтық пен
сәйкеспеушілік орын алады. Осылайша, "шындық өмірдегі" ауру-сырқаулы,
өзіне-өзі
сенбейтін К.Н. Батюшков өлеңдерінде айшықталатын ләззатқа батуға құштар ашынаға еш
ұқсамайды.
Сонымен бірге, туындыдағы автор образы мен өмірдегі автор бейнесі бір-бірімен тығыз
байланысты. Белгілі орыс философы С.Л. Франк өзінің "Пушкинтанудың міндеттері
туралы" (1937) мақаласында: "Ақынның өмірлік тәжірибесі мен поэтикалық
шығармашылығы арасындағы айырмашылық, оның рухани тұлғасы біртұтас қалыпында
қалады да, оның жеке өмірі мен адам ретінде өмірді байыптауы сияқтылар оның
туындысындағы тұлғасының терең қойнауынан туындайды.
Көркем шығармашылықтың
негізінде, шын мәнісінде, жеке өмір тәжірибесі емес, рухани тәжірибе жатыр",-деп
жазды[180]. Көркем шығармашылық туралы осы тәрізді ойда: В.Ф. Ходасевич пен А.А.
Ахматова (өзінің Пушкин туралы еңбектерінде)[181], сондай-ақ, данышпанның тіршілігі
"шынайы ғұмырнамасының тәжірибесінде тынымдап <...>
оның тамыры тікелей дөрекі
имандылықты сезіне білуінде жатыр" деп ұйғарған Б.Л. Пастернак та болды[182].
Қаламгер келбеті мен оның өмірі кейбірде замандастары мен ұрпақтары тарапынан зер
сала қызығып, қастерлейтін тақырып болып табылып, дербес маңызды мәдени
құндылыққа айналады. В.Короленко туралы оның замандас сыншысы А.Горнфельд:
«Оның үздік туындылары оның өзі, оның өмірі мен тіршілігі»[183] деп жазды.
Гл.Успенский, Толстой, Чехов, Блоктардың ғұмырнамасы мен көркемдік тәжірибесін
және Короленконың Белинский жайында айтқан ой түйіндеулерін негізге ала отырып,
замана әдебиеттанушысы: «Олардың «тірі бейнесі» «үздік туындылармен»
бір қатарға
қойылған шақта жазушыға қарай қадам жасау орыс мәдени дәстүріне тән қас сипат» деген
ой айтады[184].
Бұл арада гуманитарлық аяда орныққан
«жауапкершілік» терминін еске алуға тиіспіз.
Суреткер жауапкершілігі екі жақты: біріншіден, өнер алдында, екіншіден, өмір алдында.
Осы жауапкершілік пайымдаушы-моралдық лауазымдылық емес, көркем тақырыптар мен
мәндерді, сөз, дыбыс түзілімдері сияқты шығармашылық концепциялардың
маңыздылығын айқын да, бекем сезіне білу. Автор көркемдіктен тысқары болмысқа
тікелей қатысты болып, оған өзінің туындыларымен ат салысады.
Біздіңше, шынайы
автордың өзінің көркемдік іс-әрекетіне қатыстылығының ең оңдымды да, дұрысты
нұсқасы тап сондай.
Ең бастысы, өзін "басқа санада" сезінетін, "көркемдік қайырымдылыққа" ие (ойдан
шығарылған қаһарман емес, табылған) тақырып қажет, ол әдеби туындыда "конмәтіндік
құндылық" арқылы жүзеге асырылады. "Өмірілік жағдайға" автордың қатыстылығы оның
48
жауапкершілік аясын құрайды да, болашақ дербес тұлға
ретінде өзі де қарапайым
пенделер сияқты социмуның белгілі бір тобының өкілі болып табылады. Ол оның көркем
іс-әрекетінде өзіндік таңбасын қалдырады. Сондықтан, әдеттегі оқырман үшін де, кәсіби
әдебиетші үшін де қалмагер жататын буын (толқын), мұрагерлікпен ұстанған дәстүр, оның
ұлттық өмірге, белгілі бір әлеуметтік тапқа немесе топқа (үйірме, салон, партия),
қоғамдық ойдың белгілі бір ағымына, шағын ортаға (тәрбиелену жағдайы, отбасы-ошақ
қасы) т.б. қатыстылығы маңызды болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: