61
дәуірінде өнердің философиялық танымға, діни түсінікке, ғылыми ойлау прозасына өтуі
байқалып; өнер формасы рухтың жоғарғы қалауы болып табылмай қалады[259].
Өнердегі жаппай дағдарыс туралы, оның тығырыққа тіреліп, өлім құшағында
тұрғандығы жайлы (XX ғасырды көркемдіктің жоғары сатысы санаған) біржақты көбіне
жартыкеш ойды Гегельдің ізін ала Хайдеггер мен Маркузе, Сорокин мен Вейдлелер сөз
етті. Өнердің тағдыры туралы ақиқат, біздіңше, дау-дамайдан тысқары тұруға тиіс. Әл
әзір өз ерік-жігерін ойлау мен азап шегу (Traume und Sehnsuchte) арқылы таныта алатын
адам барда өнер құрып бітпейді: "Әрбір байыбына бармай, ағаттықпен жар сала айтылған
өнердегі ақырзаман жаңа өнердің аяғынан қаз тұруы болып табылады",-деп айтқан Г.Г.
Гадамердікі дұрыс. Замана әдебиетіндегі дағдарыстық құбылыстың қауіптілігіне (елдің
эстетикалық талғамының мәнісін кетіретін кез келген суррогаттар мен жасындылықтарға
толы шексіз қойыртпақтауға) қарамай, белгілі неміс ғалымы, сонымен бірге, нағыз
суреткер қаншалықты қиын қыстау жағдай болса да, техника дәуірінің контрмәдениетіне
қарсы тұра алады дегенді де айтты [260].
Біздің жүз жылдықта сырқаулы-дағдарыстық көркем құбылыстың орнығуы ғана емес,
сонымен бірге (бұл, әрине, ең бастысы) түрлі өнер түрлеріндегі, оның ішінде, әдебиеттегі
ұлық көкке самғаулар атойлады. XX ғ. жазушыларының тәжірибелері толыққанды
теориялық талқылауларды қажет етеді. Қазірде біздің ғасырда орын алған жоғалтулар мен
қол жеткізулердің нәтижесін шығару кеңінен сөз болуда.
Достарыңызбен бөлісу: