Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов



Pdf көрінісі
бет38/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

 
 
 
 
 
 


62 
II ТАРАУ. ӘДЕБИЕТ – ӨНЕР ТҮРІ 
 
Жоғарыда әдебиетті басқа өнер түрлерімен ненің байланыстыратындығы турасында 
баса сөз етілді. Енді осы тараудың басты өзегі оның өзіндік нышан-белгілері болып 
табылады. Оның алғашқы үш бөлімшесі әдебиет сияқты бейнелікке (осы сөздің бастапқы 
мәнінде заттық пен образдылыққа) ие өнер түрлеріне арналған. Төртінші және бесінші 
бөлімшелерде сөз өнерінің өзіне тән айырықша нышан-белгілері қарастырылады. 
Алтыншы және жетінші бөлімшелер өнер саласы мен оның тарихи өзгермелі 
арақатынастағы түрлерімен арадағы әдебиеттің орны сипатталады. Сегізінші бөлімше 
көркем әдебиеттің мифологиямен байланысына арналған.
1.ӨНЕРДІҢ ТҮРГЕ БӨЛІНУІ. БЕЙНЕЛЕУ ЖӘНЕ ЭКСПРЕССИВТІК ӨНЕР 
 
Өнер түрлерін шектеу негізінде туындының қарапайым, сыртқы, формалық нышан-
белгілері бойынша жүзеге асырылады[261]. Тіпті Аристотельдің өзі кезінде өнер түрлері 
еліктеу амал-тәсілдері бойынша ажыратылады деп атаған болатын ("Поэтика", 1 Т.). Осы 
ыңғайда Лессинг пен Гегельдерде ой толғады. Замана өнертанушылары өнер түрлері 
арасындағы шекара "формамен, көркем айшықтау амал-тәсілдерімен (сөзде, көрінетін 
бейнеде, дыбыста және т.б.) анықталады <...> Осы ілкі «жасаушалардан» бәрін бастаған 
ләзім деп әділетті тұжырымдайды. Осылардан шығара отырып, біздің ұғынуға тиіс бір 
нәрсеміз, оның бойына қандай таным мақсаты еніп, оның белгілі бір өнер түріне тән 
әлеуеті қаншалықты екендігі"[262]. Басқаша айтар болсақ, образдылықтың материалдық 
өкілі әр өнер түрінде өзіндік, арнайы, ерек сипатқа ие болып келеді.
Гегель бес ұлы өнерді бөліп көрсетіп сипаттап шықты. Олар: сәулет, сұңғат, сурет,
музыка, поэзия. Бұлармен бірге би мен пантомима (XVIII-XIX ғғ. кейбір теориялық 
еңбектерінде көрініс табатын дене қимылы өнері), сондай-ақ, ХХ ғасырда қойылымдық 
режиссура – мизансцена (театрда) және кадрларды (кинода) өмірге әкелу өнері белсене 
түсті; бұл арада образдылықтың материалдық өкілі уақытпен бірін-бірі ауыстырып 
отыратын кеңістіктік композиция болып табылады.
Жоғарыда сипатталған өнер түрлері туралы (бүгіндегі ең мықты және ең беделді) 
түсініктермен қатар басқаша мәнердегі "категориалды" деп аталатын сипаттау бар, оның 
тәпсірленуі романтизм эстетикасынан бастау алады да, образдылықтың материалдық 
өкілдері арасындағы ерекшеліктерге үлкен мән берілмей, оның есесіне, бірінші қатарға 
(кез келген өнер формасын қол жетімді деп санайтын) поэтикалық, музыкалық, суреттілік 
сынды жалпытұрмыстық және жалпыкөркемдік санаттамалар жылжытылады[263].
Әдеби туындылардағы образдылықтың материалдық өкілі хатқа түсірілген (лат. littera -
әріп) сөз танылады. Сөз (оның ішінде көркем) қашанда әлденені таңбалап, заттық сипатқа 
иелік етеді. Басқаша айтар болсақ, әдебиет бейнелеу өнерінің қатарына жатады да, кең 
пәндік мағынада онда жекеленген құбылыстар (тұлға, оқиға, ғаламзат, адамдардың 
әлдебір ой ауанынан туындаған бет бұрулары) өмірге келеді. Осы ыңғайда, ол сурет пен 
сұңғаттағы (басымдыққа ие "фигуралық" түр ерекшелігі) секілді бейбейнелік және 
бейзаттық өнер түрлерінен ерекшеленеді. Біз бұның соңғысын экспрессивті деп атаймыз 
да, онда әлдебір затпен, фактімен, оқиғамен тікелей байланыстан тысқары жалпы 
сипаттағы хал кешу айшықталады. Абстрактілі бейнелеу өнері, сұңғат деп аталатын 
музыка, би (егер ол дене қимылы арқылы шындық өмірді бейнелеуде пантомимға өтіп 
кетпесе), орнамент тап осындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет