§3. ӘДЕБИ ТУЫНДЫНЫҢ ҚҰРАМЫ.ОНЫҢ ПІШІНІ МЕН МАЗМҰНЫ
Теориялық поэтиканың ұғымдық-терминологиялық аппараты, бір жағынан, бірқатар
тұрақтылыққа ие болса, келесі жағынан, біршама даулы әрі бірін-бірін жоққа шығарушы
болып келеді. Әдеби туындының аспектілерін (қырларын, деңгейлерін) жүйелеудің
негізіне ғалымдар түрлі ұғымдар мен терминдерді енгізіп отыр. Теориялық поэтикада ең
тамыр жая орныққан ұғымдық жұп "пішін мен мазмұн". Осылайша, Аристотель өзінің
"Поэтикасында" туындыларды әлдебір "не" (еліктеу тақырыбы) және әлдебір "қалай"
(еліктеу амал-тәсілімен) шектеді. Ежелгілердің тап осындай пікір айтуларының жібі орта
және Жаңа уақыт эстетикасына дейін тарқатылады. Гегель XIX ғ. пішін мен мазмұн
ұғымының (оның ішінде өнердегі қолданысын) егжей-тегжей белгілеп берді. Осы
105
ұғымдық жұп біздің жүз жылдығымыздың әдеби-теориялық еңбектерінде үнемі
қолданылып келеді.
Сонымен қатар, осы терминдердің көркем туындылардағы қолданылысы жайында
талай мәрте дау-дамай туындады. Осылайша, формалды мектептің өкілдері "мазмұн"
ұғымы әдебиеттану үшін басы артық нәрсе, көркем бейтарап болып келетін "форма"
өмірлік материалдарды салыстыра қарауға лайық деп тұжырымды. Ю.Н. Тынянов әдеттегі
терминдерді: "Форма – мазмұн = стақан – шарап. Бірақ та, форма ұғымына қолданылатын
барша кеңістіктік аналогиялардың маңыздысы сол олар аналогиямыз деп тәлімси қалады,
ал, шын мәнісінде, форма ұғымына үнемі кеңістікпен тығыз байланыстағы қозғалыссыз
нышан-белгіні тықпалайды"[427] деп әзілге жығып сипаттады. Араға жарты ғасыр салып,
тыняновтың осы пікірін қолдаған Ю.М. Лотман өзі келеңсіз мағыналы, бір жақты
"дуалистік" деп санайтын дәстүрлі терминдерді "структура мен идеяның" "монистік"
терминдерімен алмастыруды ұсынды[428]. Осы бір әдебиеттанудың "структуралистік"
дәуірінде (жұртты тойдырған пішін мен мазмұнның орнына) әуелі "таңба мен мағына", ал
одан кейінірек "постструктуралистік" уаықтта – "мәтін мен мән" келді. Әдеттегі "форма
мен мазмұнға" қарсы шабуыл үш ширек ғасыр бойы жүріп келеді. Е.Г. Эткинд өзінің О.Э.
Мандельштамның поэзиясы туралы таяуда шыққан мақаласында тағы да бір рет өзі
"мағынадан айырылған" терминдер деп санайтындарды "сөз өнеріндегі бүгінгі көзқарасқа
өте лайықты өзгелерімен ауыстыру керек" деген ұсыныс жасады[429]. Бірақ та, бүгінгі
күнге қандай ұғым мен терминдер керек екендігі турасында жақ ашпады.
Бірақ та, дәстүрлі форма мен мазмұн кейде "деп аталатын" "пресловутые" келекелі
тырнақша алынып, не болмаса, В.Н. Топоровтың кітабындағыдай F және S
аббревиатурасымен алмастырылса да өз өмір сүруін жалғастыруда. Мәнді факті: Р. Уэллек
пен О. Уорреннің кең танымал және беделді еңбегінде әдеттегі туындыны "мазмұн мен
формаға" бөлшектеу "талдауға кедергі келтіріп шатыстратын және алып тастауды қажет
ететін" деп саналады; бірақ кейін, стилистикалық нақтылыққа зер салғанда авторлар
(интуитивист Б. Крочемен пікірталасқа түсіп) әдебиеттану үшін туындының элменттерін
бөлшектеген кезде, әсіресе, аналитикалық интеллектінің әлеуетімен "форм мен
мазмұнды, ой мен стиль қолданыстарын" бір-бірінен бөлектеуде "олардың бірлігін <...>
есте ұстау керек"[430] деп атап өтеді. Көркем туындыны әлдебір "қалай" және "не"
дәстүрлі шектеуінсіз атап өте алмаймыз.
Теориялық әдебиеттануда туындының (дихотомиялық амал-тәсілі) екі іргелі
аспектісімен қатар басқа бір логикалық түзілім кең қолданылуда. Осылайша, А.А.
Потебня және оның ізбасарлары (сөз, образ, идея түрінде әдебиетте қолданылатын) өнер
туындысының үш аспектісін: сыртқы форма, ішкі форма, мазмұнды сипаттады[431].
Феноменологиялық әдебиеттану ұсынған көпдеңгейлі амал-тәсіл де бар. Осылайша, Р.
Ингарден әдеби шығарма құрамын төрт қабатқа (Schicht) бөледі: 1) сөздің дыбысталуы; 2)
сөздің мағынасы; 3) заттардың бейнелену деңгейі; 4) белгілі бір көзқарас тұрғысынан
қабылданатын зат түрлерінің деңгейі (Ansicht), олардың естілу және көрілу келбеті[432].
Көпдеңгейлі амал-тәсілдің жақтаушылары біздің отандық ғылымда да бар[433].
Өнер туындысына қатысты аталған теориялық (дихотомикалық және көпдеңгейлік) ой
өрімдеулері бірін-бірі жоққа шығармайды. Олар бір-біріне шақ келіп, өзара
толықтырушылар болып табылады. Н. Гартман осыны өзінің "Эстетикасында" (1953)
сенімді дәлелдеп шықты. Неміс философы туынды өзінің құрылымы жағынан көп
қатпарлы, бірақ та "тіршілік ету амал-тәсілі бойынша" "үнемі қос қатпарлы" болып келіп:
оның бірінші қатарын материалды-сезімдік заттылық (образдылық) құраса, соңғы қатарды
"рухани мазмұн" түзеді деп тұжырымдады[434]. Біз Гартманның кеңістіктік аналогия
(метафора) атанған лексикасына сүйене отырып, көркем туынды теңдестіктегі үш
өлшемді жартылай айқын затқа (мейлі, ол: шар, көпбұрыш немесе кубқа) ұқсап,
қабылдаушыны қашанда белгілі бір жаққа (ай секілді) бағыттайды. Осы заттың
106
"алдыңғы", көрініп тұрған жағы (мейлі ол абсолютті болмаса да) айқындыққа ие. Бұл –
форма. "Артқы" жақ (мазмұн) толық көрінбегендіктен өте аз мөлшерде айқын болып
келеді; осы арадан көп нәрсе аңғарылады, не болмаса құпиясын ашпаған күйі қала береді.
Оның үстіне, көркем туындыға түрлі өлшемдегі "мөлдірлік" тән. Бір жағдайда өте
салыстырмалы, шамалы болып келсе (У. Шекспирдің "Гамлеті" ең үлкен жұмбақ), басқа
бір жағдайда, керісінше, біршама айқындау: авторлар ең басты ашық та, тікелей, батыл да,
мақсатты сөз етеді, мысалға, Пушкиннің "Еркіндік" одасы немесе Л.Н. Толстойдың
"Жексенбісі".
Замана әдебиеттанушысы, әлбетте, шым-шытырық ұғымдық-терминологиялық түзілім
ішінен бағдар ұстануы "лажсыздыққа" ұшыратады. Төменде біз әдеби туындының құрамы
мен құрылымын синтездеуші ұстаным арқылы қарастырудың тәжірибесін қолдануға
тырысамыз, ол үшін түрлі бағыттар мен мектептердің жүзеге асырғандарын барынша
қарпып, ондағы айтылған пікірлердің бір жерге топтасып ортақтаса ұғынысуына
тырысамыз. Ол үшін біз түп негізге: дәстүрлі форма мен мазмұн ұғымын алып, оларды
өздеріне шәлкем-шалыс қарап келген жабайыланған қатпарлардан құтқаруға тырысамыз.
Форма мен мазмұны – түрлі білім салаларында қолданылатын философиялық
санаттама. "Форма" (лат. forma) сөзі көне гректің morphe және eidos сөздерімен туыстас
болып келеді. "Мазмұн" сөзі жаңа еуропа тілдерінде (content, Gehalt, contenu түрінде)
қалыптасты. Антикалық философияда форма материяға қарама-қарсы қойылды. Оның
соңғысы сипатсыз, хаостық, өңдеуге жататын, нәтижесінде тәртіпке түскен нәрсе форма
болып табылады деп пайымдалды. Оның үстіне, "форма" сөзінің мағынасы (ежелде,
сондай-ақ, орта ғасырда, оның ішінде Фома Аквинскийде) "мәніс", "идея", "Логос"
сөздерінің мәндеріне жуықтау болып келді. "Форма деп мен әр заттың болмысының мәнін
атаймын",-деп жазды Аристотель[435]. Аталған ұғымдық жұп (материя -форма)
табиғаттың, құдайлардың, адамдардың жасампаздық, шығармашылық әлеуетін таңбалау
үшін адамзаттың ақылман бөлігінің қажеттілігінен туындады.
Жаңа уақыт (әсіресе, XIX ғ. белсене түскен) философиясында "материя" ұғымын
"мазмұн" ұғымы ығыстырып шығарды. Соңғысы формаға логикалық тұрғыдан қатысты
болып келіп, әлдебір ой жетімді мәнділікті: жалпыболмыстықты (табиғи-ғарыштық),
психикалықты, руханилықты бойына сіңіріп (материалдандырып) маңызын айшықтаушы
делініп, жаңаша ұғынылды. Өздік көркем туындыгерліктің аясына қарағанда айшықтаушы
форма әлемінің ауқымы мүлдем кең. Біз бұл дүниеде өмір сүріп, өзімізде соның бір
бөлшегі болып табыламыз, өйткені, адамның келбеті мен қылығы әлденеден хабар береді
және әлденені танытады. Осы жұп ұғымның (айшықтаушы мәнділік формасы және оның
сіңірген ой жетерлік мазмұны) заттарды, құбылыстардың, тұлғалардың күрделілігімен,
олардың көп қырлылықтарын, ең алдымен, олардың адамның рухани тірлігімен
байланысты айқын емес терең мәнін адамдардың ұғынуының қажеттілігіне жауап береді.
Форма мен мазмұн ұғымдарын ішкі мен сыртқыны, мән мен мәністі, олардың көрініс
беруі мен тіршілік кешу амал-тәсілдерінен парасатпен шектеу үшін қызмет етіп, яғни,
адамзат санасының аналитикалық талпынысына жауап береді. Мазмұн бұл арада заттың
негізі, оның айқындаушы жағы болып табылады. Форма болса, бұл – оның анықталатын
жағының сыртқы келбеті мен ұйымдастырылуы.
Осылайша, форма ұғымы, қосымша, туынды, мазмұнға тәуелді болып келіп, сонымен
бірге, заттың өмір сүруінің жағдайы болып табылады. Оның мазмұнға қатысты
қосалқылығы оның екінші дәрежедегі мәнісін танытпайды: форма мен мазмұн болмыс
феномендерінің теңдес шамадағы қажетті жақтары. Заттарға қолданылатын
қалыптасатын, эволюцияланатын форма тұрақты, барлық жүйені қамтитын орнықты
байланыстардың бастауы деп саналса, ал, мазмұн даму аясын қамтиын өзгерістің түрткісі
деп есептелінеді [436].
107
Мазмұнды айшықтайтын форма онымен түрлінше байланысқа түсуі мүмкін: істің бір
парасы – өзінің дерексіз-мағыналық бастау көзімен ғылым мен философияда, екінші
жағынан – мүлдем өзгеше образдылыққа ие және жекелік пен қайталанбас
индивидуалдық басым болып келетін көркем шығармашылықтың жемісі. Гегельдің
сөзімен айтқанда, аулақтанған ойдың аясын құраушы ғылым мен философия "өз
бойындағы формаға емес, одан сыртқарыға ие". Бұған алып қосарымыз, бұл арада мазмұн
оның қайыра бедерленуінен өзгермейді, бір ойды әр түрлі қалыпта беруге болады.
Айталық, "(а + b)2=a2+2ab+b2" формуласымен берілетін математикалық заңдылық
мүмкін өзін түгесуші табиғи тілде ("екі тең санның квадрат жиынтығы..." түрінде де)
берілу мүмкін. Қайыра бедерлеу бұл жерде оның мазмұнына түбегейлі әсер ете алмайды,
ол сол күйінде қала береді.
Өнер туындысында мәселенің мәнісі мүлдем бөлек, онда мазмұн (идея) және оның
жүзеге асуы бір-біріне сәйкеседі де, көркем идея нақты болып табылып, "өзінің принципі
мен көрініс беру амалын білдіріп, өзінің өзіндік формасын еркін дүниеге әкеледі" деп
тұжырымдайды Гегель [437].
Осы жинақтау романтикалық эстетикада қорытылды. "Кез келген шынайы форма
шектеулі, яғни, көркем туындының мазмұнымен анықталады. Бір сөзбен айтқанда, форма
дегеніміз сыртқы түрдің толық мәні болып табылады, әрбір заттың тұрпаты айшықты,
әлдбір кезейсоқ нышандармен бұрмаланбағандығына оның жасырын мәні дәлел
болады"[438] деп жазды Авг. Шлегель. Тап осындай қалыпта сыншы-эссеистің тілімен
ағылшын романтик ақыны С.Т. Колридж: "Мильтон мен Шекспирдің өлең жолдарының
сөздерін және орындарын өзгерткенге қарағанда, жалаң қолмен Мысыр пирамидасынан
тасты суырып алу оңай <...>. Ол жолдар тіл үшін мағынасын жоғалтпай, басқа сөзбен
берілер болса, поэзияға өлшеусіз зиянын тигізеді"[439] деп ой толғады.
Басқаша айтар болсақ, шынайы көркем туынды мазмұнға бейтарап болатын қайыра
әрлеуді қажет етпейді. А. Блок мына бір сөзді: "ақынның жан дүниесі бәріннен танылады,
тіпті үтірден де" деп тауып айтқан. ХХ ғ. басындағы (жүз жылдық басындағы неміс
эстетикасының өкілдері) кейбір ғылымдардың түйіндеулерінде өнер туындыларында
мазмұндық форма (Gehalterfulte Form - Й. Фолькельтше) төбе көрсетіп, шешуші рөл
ойнайды делінеді. Бұл дәуірде тілдік іс-әрекет формасының маңызы туралы ой айтылды.
Бұнда "материалдық бірлік (яғни, сөз өзінің фонетикалық кейпінде. - В. X.) өзінде бар
мағынаға орай өмір сүреді", ал "мән, функция болса, олар әлдебір материалдық формаға
иек артқандықтан тіршілік кешеді"[440] деп жазды Ф. де Соссюр.
Отандық әдебиеттануда мазмұндық форма ұғымын теориялық поэтика құрамындағы
бірден бір басты нәрсе екендігін жүйелеген М.М. Бахтиннің 20-шы жылдардағы еңбектері
болды. Ол көркем форма мазмұнмен корреляциядан тыс жерде мәнсіз деп тұжырымдап,
ғалым оны эстетикалық объектінің болмысты тану мен бағалаудағы танымдық-этикалық
сәті деп анықтайды: "мазмұнның сәті" дөкір гедонистікке қарағанда "форманы байыптап
қарастыруға" мүмкіндік береді. Осы турасындағы басқа бір түйіндеуінде: көркем формаға
керегі "мазмұнның эстетикадан тысқары салмақсыздығы". "Мазмұндық форма",
"мазмұнды безендіру", "форма түзуші идеология" сөз тіркестерін қолдана отырып Бахтин
форма мен мазмұнның бөлінбестігі мен қосылмастығын атап өтіп, "эмоционалдық-жігер
әлеуеті формасының"[441] маңызы туралы айтты. "Поэтикалық структураның әрбір ең
кішкентай элементінен, әрбір метафорадан, әрбір эпитеттен біз танымдық анықтауды,
этикалық бағалаудың және көркем аяқтаушы безендірудың химиялық қосылыстарын
табамыз"[442] деп жазды.
Біз келтірген сөздерде көркем іс-әрекеттің маңызды принциптері: өмірге келген
туындылардағы мазмұн мен форманың бірлігінің мақсатты ұстанымы сендімді де, нық
сипатталған. Толықтай жүзеге асырылған форма мен мазмұн бірлігі туындыны
ойсыздықпен қолдан құрастырылмаған табиғи тұтастықтағы тіршілік иесіне айналдырады.
108
Тіпті, Аристотель поэзияның міндеті "біртұтас тірі жан иесі сияқты ләззат туғызуға
арналған" деп пайымдаған болатын[443]. Көркем шығармашылық турасында осы
тақлеттес ойды Ф.В. Шеллинг, В.Г. Белинский (туындының өмірге келуін баланың дүние
есігін ашуымен теңдестірген), әсіресе, табандылықпен "органикалық сынның"
жақтаушысы Ал. Григорьев айтты.
Табиғи туындаған тұтастық деп қабылданатын туындыны реттелген, тұтасқан
болмыстың әлдебір аналогы деп ұғына аламыз. Бұндай жағдайда (ал ол жетіп артылады)
көркем туынды (Вяч. Ивановтың сөзін кәдеге жаратар болсақ) "рухани аштықтың"
негізінде емес, "өмірдің толықтығынан" туындайды[444]. Аталған дәстүр өз бастауын
дифирамб, гимн, акафистен алып, XIX-XX ғғ. әдебиетіне дейін созылады (Л.Н. Толстой
прозасы 50-60-ші жылдардағы, P.M. Рильке мен Б.Л. Пастернактың поэзиясы). Көркем
құрылым "әлемтектестікке" айналып, ал туындының тұтастығы "болмыстың тұтастығын
эстетикалық айшықтау"[445] ретінде өмірге келеді.
Бірақ та қашанда осылай бола бермейді. Бізге жақын дәуірлердің әдебиетінде "рухани
аштықтың" негізінде туындаған көркем тұтастық жетілмеген өмірді еңсерудің
нәтижесінде туындайды. А.Ф. Лосев, осы тура сөз етіп, тіршілікте бар нәрселер "баршаға
ортақ безендіру мен бірлікке" ие емес, өнер не олай, не былай адами болмысты қайыра
түлетуге талпынып, бұрмаланған тіршілікке қарсы өзінің құрылымын түзеді деп
тұжырымдайды[446].
Байқайтынымыз, көркем тұтастық ұғымы XX ғ. талай мәрте дау-дамайға ұшырады.
Өнердің пайымдама-механикалық, ісмерлік аспектілеріне зер салған конструктивистер
концепциясы мен 20-шы жылдардағы формалды мектептің теориялық түзілімдері тап
сондай болып келеді. Б.М. Эйхенбаумның аты оғаштау: "Гогольдің "Шинелі" қалай
жасалған" мақаласы. В. Б. Шкловскийдің ұйғарымынша, "әдеби туындының бірлігі"
дегеніміз – ғылым төңірегіндегі миф және де "біртұтас туындының" болу мүмкіндігі тек
"жекелеген жағдай": "Әдеби форманың жеке тұстары бір-бірімен тату-тәтті тұрмақ түгіл,
бірін-бірі беттен алады"[447]. Тұтастық ұғымы тікелей және шешуші шабуылға
деконструкция концепциясын алға тартқан постмодернизмде ұшырады, Мәтіндер (оның
ішінде көркем) онда мақсатсыздық пен қарама-қайшылықтың алғышарты, олардың
буындары арасындағы өзара келіспеушілік ретінде қарастырылады. Осы тәріздес скепсис
пен күмәнданудың мейлі салыстырмалы түрде болса да, парқы бар. Көркем іс-әрекет
әлемінің жемісі дегеніміз – бұл толықтай жүзеге асырылатын реалдылық емес, тұтастыққа
ие туындыны өмірге әкелу жолындағы талпыныстың шеңбері.
Сонымен, көркем туындыдағы айқын шалынатын бастаулар формалық-мазмұндық және
мазмұндықтың тап өзі болып табылады. Әрине, олар өз кезегінде алуан түрлі болып
келеді. Форманың құрамында кез келген әдеби туындыға тән болып келетін мазмұнды
танытатын дәстүрлі үш қыр айқындалады. Бұл, біріншіден, заттық (заттық-бейнелеуіштік)
бастау, онда барша жекелеген құбылыстар, фактілер сөздің көмегімен айшықталып,
(олардың жиынтығы) көркем туындының әлемін құрайды. Сонымен бірге, туындының
"поэтикалық әлемі", "ішкі әлемі" деген сөз қолданыстары тараған. Бұл, екіншіден,
туындының өзіндік сөздік тіні: кейде "поэтикалық тіл", "стилистика", "мәтін"
терминдерімен аталатын көркем сөз. Және, үшіншіден, бұл туынды бойына заттық
бірліктердің және сөздік "қатарлардың" қатыстылығы мен орналасуы, яғни, композиция.
Аталған әдебиеттану ұғымы семиотиканың санаттамасы структура (күрделі
ұйымдастырылған заттың элементтерінің арақатынасы) туыстас болып келеді.
Түрлі бағдарды ұстанған ғалымдардың (В.М.Журмунский, Г.Н.Поспелов, Цв.Теодров
және басқалар) туындыны оның негізі үш қырына орай бөлуі антикалық риторикадан
бастау алады. Шешенге керегі: 1) материал табу (яғни, сөзінде сипатталатын тақырыпты
таңдау); 2) осы материалды әлдеқалайша орналастыру; 3) осы сөздердің тыңдаушыларға
тиісінше әсер етуін іске асыру деп әлденеше рет айтылды. Осыған сай көне римдіктерде
109
inventio (тақырыпты ойлап), dispositio (оларды орналастыру, түзу), elocutio (айшықтау,
бұның астарында айқын сөз саптау жатыр) терминдері ұшырасты.
Теориялық әдебиеттану туындыны сипаттауда, бір жағдайда, оның заттық-сөздік
құрамына (Р. Ингарден өзінің "көпдеңгейлік" ұғымымен) назар аудаса, келесі жағдайда,
формалды мектеп, әсіресе, онан да әрмен структурализм композициялық (құрылымдық)
сәттеріне зер салады. 20-шы жылдардың соңында Г.Н. Поспелов, өз кезіндегі ғылымнан
озып, теориялық поэтиканың тақырыбы екі ұдай сипатқа ие: 1) туындының "жекелеген
қасиеті мен жақтары" (образ, сюжет, эпитет); 2) осы құбылыстардың "байланысы мен
өзара қарым-қатынасы" туындының түзілімі және құрылымы деп атап өтті[448].
Мазмұнды мағыналы форма, әлбетте, көп қырлы болып келеді. Бұл ретте, туындының
заттық-сөздік құрамы және оның түзілімі (композициялық ұйымдастырылуы)
ажырағысыз, дәрегейлес, бірдей мөлшерде болуы қажет.
Әдеби туындыдағы ерекше орынға оның өздік мағаналық қатпар жатады. Оны
туындының тағы бір бөлігі ретінде емес, түп негізі деп сипаттаған орынды. Көркем
мазмұн өз алдына объективті және субъективті бастаулардың бірлігі болып табылады. Бұл
авторға сырттан келген, әрі танылған және оның тарапынан көрініс табатын оның
орныққан пікірі, түйсігі, индивидуалдық нышанының жиынтығы болып табылады.
"Мазмұн" (көркем мазмұн) терминіне "концепция" (немесе "авторлық концепция"),
"идея", "мән" (М.М. Бахтинде: "соңғы мәндік саты") сөздері азды-көпті синонимдес болып
келеді. В. Кайзер туындының тақырыптық қатпарын (Gnhalt), сөздігін (Sprachliche
Formen) және оның композициясын (Afbau) талдау жасаудың негзгі ұғымдары деп
сипаттап, мазмұнды (Gehalt) синтез ұғымы деп атады. Көркем мазмұн шын мәнісінде,
туындының синтездеуші бастауы болып табылады. Бұл – оның форманы міндетті
(функциясын) тұтастық түзуші ретінде танытатын терең негізі.
Көркем мазмұн әлдебір жеке сөздерде, сөз тіркестерінде, фразаларда жүзеге аспайды
(материалданбайды), олардың жиынтығы есебінде туынды бойына тән болып келеді.
"Идея әлдебір сәтті таңдап алынған цитаталардың бойында болмайды, бүкіл көркем
құрылым бойында айшықталады. Зерттеуші, бұны түсінбей, идеяны жеке цитаталардың
бойынан іздейтін болса, онда ол үйдің жоспары бар екенін біліп, жоспарды табу үшін
оның қаланылып, бітеп тасталған қабырғасын талқандаған жанға ұқсап кетеді. Жоспар
қабырғаға тығылып бітеліп тасталмаған, керісінше, ғимаратта пропорциялықпен жүзеге
асқан. Жоспар – архитектордың идеясы да, ғимараттың құрылысы – оның жүзеге
асуы"[449] деген Ю.М. Лотманмен келісеміз.
Айтылған ой-пікірлерді басшылыққа ала отырып, біз мазмұндық форманың түрлі
аспектілерін сипаттаймыз, әрі қарай әдеби туындыны ғылыми тұрғыдан қарастырудың
принциптерін сөз ететін боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |