100
жосықсыздығы және қауіптілігі турасында сөз қозғады. «Меніңше, өнер әлемін ой мен
талғам қалыптастыратын ат төбеліндей азшылық жаулап алған». «Осы күмәнді адамдар
өздерін нән санап,- деп ойын ары қарай жалғастырады ғалым: «Маған ұнаған саған да
ұнауы керек, олай болмаса, сенің ақымақтығың» деуге құқылықтарын танытады. Біз
адамдарды өз талғамына ден қоя білуге үйретуміз керек» [413].
Өнердегі қайтаткерлердің тар ауқымды "тұйықталуы" оны қоғамның қалың тобынан
алшақтатып, шетіндіктің бөлекше түрі антиэлитарлық
қарама-қайшылықты туғызады,
атап айтсақ: көпшілік қабылдамайтын, игермейтін көркем туындыны қатаң да, сөзсіз
жоққа шығару. Руссо "ғылыми" өнер жайында скептиктік пиғылда болды. Л.Н. Толстой
өзінің "Өнер деген не?" трактатында көптеген алдыңғы қатарлы туындыларды көпшілікке
жетімсіздігі үшін қатал сынға ұшыратты.
Екі концепция да (элитарлық пен антиэлитарлық) бір жақты болып келіп, бірін бірі
жоққа шығарып, араларындағы үйлесімсіздік әмбебап және орнына
келтіруге болмайды
деп санайды.
Шынайы, жоғары өнер (көркем классика және онымен туыстастар) аталған антитездан
тысқары тұрып, оған бағынбайды және оны еңсеріп, жоққа шығарады. Ол көбіне көпшілік
қауымның игілігіне айналмағанымен, онымен қарым-қатынас жасауға құлықты болып
келеді де; кейбірде азшылықтағы және тар ауқымдағы қоғамдық топтар арасында
(Пушкиннің жас кезіндегі "Арзамасты" еске алайық) туындап бекемделеді, бірақ кейінірек
те, қауымдастықтың ортақ игілігіне айналады. "Үлкен әдебиеттің" нәрлі топырағы болып,
"азылықтың" қауымдастығының өмірі де, тұтас халықты қамтыған әлеуметтік топтар
тағдыры да табылады. Жоғары баға алуға тек қана көркем білімді азышылыққа арналған,
әуелі өздері арасында ғана ұғынылған әдебиет (мысалға, символистер поэзиясы) те,
сондай-ақ, әу баста қалың көпшілікке арналған әдебиет (А.С Пушкиннің "Капитан
қызы", Н.А. Некрасовтың өлеңдері мен поэмалары, А.Т. Твардовскийдің "Василий
Теркині") те бірдей құқықты. Сондықтан, элитарлы-жоғары өнерді төменшіл-бұқаралыққа
немесе элитарлы-шектеуліні шынайы халыққа қатаң бағамдаумен қарсы қоюдың еш реті
жоқ.
Өнердің элитарлы "тұйықтықтығы" мен қолжетімділігі (танымалдық, бұқаралық)
арасына
шек қоюға болмайды, қайта бұл қозғалмалы, әрі өзгермелі: бүгін көпшілікке
қолжетімсіз болған нәрсе, күні ертең жоғары бағаланады. XVIII-XIX ғғ. тоғысында Ф.
Шиллер ("Эстетикалық тәрбие туралы хатында") жариялап, кейінгі дәуірлерде ықпалды
болған эстетикалық тәрбие бағдарламасы өнердегі жауынгер-элитарлық, сондай-ақ,
жауынгер-антиэлитарлық туралы ұғымдарды еңсерудің жемісті амалы болып табылады.
Өнертанушылар мен әдебиеттанушылар (оның ішінде, теорияшылар) көркем
құндылықтарды игеру – қиын да, күрделі және ауыр процесс деп батыл да, әділетті атап
өтеді. Әдебиет пен өнер қайраткерлерінің таңдаулары туындыны замана оқырманының
талғамы мен сұранысына бүйрегі бұратын "бейімдеушіліктен" тұрмайды, өнер өзінің
барша байлығымен қоғамның қалың ортасының құндылығы екендігін ұғындырудың
жолын іздеуден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: