101
IV ТАРАУ
ӘДЕБИ ТУЫНДЫ
Алдыңғы үш тарау әдебиет теориясының жалпы
проблемаларымен және осы ғылыми
пәнмен эстетиканың және өнертанудың, аксиологияның және герменевтиканың
арасындағы байланыстарға арналды. Енді біз (осы және келесі тарауларда) теориялық
әдебиеттанудың ең маңызды орталық буыны саналатын поэтикаға ден қоямыз.
1. ТЕОРИЯЛЫҚ ПОЭТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ МЕН ТЕРМИНДЕРІ
§1. ПОЭТИКА: ТЕРМИНДІК МӘНІ
Бізден алыс ғасырлардағы (Аристотель мен Горацийден
классицизм теорияшысы
Буалоға дейін) "поэтика" терминімен сөз өнері туралы ілім тұтастай аталып келді. Бұл сөз
бүгінде әдебиет теориясы деген атылымға синонимдес болды.
Соңғы жүз жылдықтар аралығында поэтика (немесе теориялық поэтика) деп
қарастыратын тақырыбы туындының құрамы, құрылымы және қызметі, сондай-ақ,
әдебиеттің тектері мен жанрлары болатын әдебиеттану саласы атала бастады. Белгілі бір
әдеби бағытқа бағдар ұстанушы және оған негізделген нормативті поэтика және сөздік
көркем туындылардың әмбебап қасиетін түсіндіруші жалпы поэтика өзара ерекшеленіп
тұрады[414].
XX ғ. "поэтика" терминінің басқа мағынасы да пайда болды.
Осы сөзбен әдеби
процестің белгілі бір қыры жеке қаламгерлердің туындыларындағы ұстанымдар мен
принциптер, сондай-ақ, көркем бағыттар мен тұтас дәуірлер таңбаланады. Біздің белгілі
ғалымдарымыздың еншісінде көне орыс, ерте византия поэтикасы туралы,
романтизм
поэтикасы жайындағы,
Гоголь, Достоевский, Чехов поэтикалары
жөніндегі
монографиялар бар. Осы терминологиялық дәстүрдің бастау көзінде еской традиции -
исследование А.Н. Веселовскийдің В.А. Жуковский шығармашылығына арналған
зерттеуіндегі "Жуковскийдің романтикалық поэтикасы" тарауы тұр.
"Поэтика" сөзі өзінің "тарихи" анықтамасымен
тіркесіп, жаңа бір мәнге ие болып: бұл
пән әдебиеттану құрамына еніп, сөздік-көркем формалардың эволюциясын және бүкіл
әлемдік ауқымдағы қаламгерлердің шығармашылық принциптерінің тақырыптарын
қарастырады.
Біздің елімізде теориялық поэтика 1910 және 1920 жылдары (белгілі бір дәрежеде неміс
ғылыми дәстүріне арқа сүйеп, сонымен қатар, дербес және шығармашылықпен)
қалыптасты. XX жүз жылдық бойы ол Батыс елдерінде жан-жақты зерделенді[415]. Осы
факті әдебиетті ұғынудағы байыпты да, маңызды дәуірлік алға басушылық болып
табылады. Өткен жүз жылдықта басым жағдайда зерттеу тақырыбы туындының өзі емес,
оған енген және сәулеленгендер (қоғамдық сана, аңыздар мен мифтер; мәдениеттің ортақ
құндылығы
сюжеттер мен мотивтер; қаламгердің ғұмырнамасы мен рухани тәжірибесі)
болып келіп: ғалымдар туындыны бір шетке ысырып, оған жете көңіл бөлмеді. Беделді
америка ғалымдары өткен ғасырдағы әдебиеттанудағы тап осындай диспропорция
романтикалық қозғалысқа басыбайлылықтың нәтижесінен туындады деп тұжырымдайды.
XIX жүз жылдықта ең алдымен көркем шығармашылықтың рухани, өміртанымдық,
жалпымәдени алғышарттарына назар аударылды: "Әдебиет
тарихы туындының қалай
өмірге келу жағдайын зерттеуден қолы босамай, ал, тап туындының өзін талдауға
жұмсалатын күш-жігер, басқа бағыттаға жұмыстарға қарағанда түкке тұрмайтын
еді"[416]. XX ғ. бәрі де түбегейлі өзгерді. Талай мәрте қайыра басылып шыққан неміс
ғалымы В. Кайзердің "Сөздік-көркем туынды. Әдебиеттануға кіріспе" кітабында
заманалық әдебиет туралы ғылымының басты тақырыбы туындының тап өзі, қалғандары
102
(психология, автордың
көзқарасы мен ғұмырнамасы, әдеби шығармашылықтың
әлеуметтік генезисі және туындының оқырмандарға әсері) көмекші және қосалқы деп
әділетті айтылады[417].
В.Ф. Переверзевтің "Гоголь шығармашылығы" (1914) кітабы мен оның кіріспесіндегі ой
түйіндеуі (орыс әдебиеттануындағы алға басудың нышан-белгілері) қызғылықты. Ғалым
әдебиеттану мен сын көркем туындыдан "аулақ кетіп" басқа нәрселермен айналысып жүр
деп сөз етеді. Ол "Менің этюдім Гоголь туындыларымен ғана істес болып, басқа жаққа
бұрылмайды" деп мәлімдеді. Өз алдына гогольдік туындылардың ерекшелігіне "барынша
тереңдей ену" міндетін қойды[418].
20 жылдардағы теориялық әдебиеттану әр текті және әр бағытты. Формалдық әдіс (В.Б.
Шкловский бастаған жас ғалымдар тобы) және К. Маркс пен Г.В. Плеханов (В.Ф.
Переверзев пен оның мектебі) жасап шыққан әлеуметтік
принцип өздерін біршама
жарқырата танытты. Бұл кезде теориялық поэтика саласының айтулы жетістігі болып
саналатын әдебиет туралы ғалымның тағы бір қатпары бар еді. Ол өз замандастарының
назарын өзіне онша аудара қоймаған М.М. Бахтиннің (көп бөлігі таяуда ғана жарияланған)
еңбектерінен, А.П. Скафтымовтың[419], С.А. Аскольдовтың, А.А. Смирновтың[420]
мақалаларынан тұрды. Бұл ғалымдар герменевтика дәстүрін жалғастырып, көп және аз
мөлшерде ғасыр басындағы отандық діни философия тәжірибесіне арқа сүйеді.
30-шы одан кейінгі жылдардағы біздің еліміздегі жағдай теориялық поэтика үшін өте
қолайсыз болды. 10-20-шы жылдардың мұрасын игеру және байықтыру тек 60-шы
жылдары ғана басталды. Ең зор жетістікке Ю.М. Лотман
тарту-мәскеу мектебі жете
алды[421].
Кітаптың аталған тарауында бұрынғы және қазіргі қолданыстағы мектептер аясында
бекемделген "бағыттаушы", сондай-ақ, индивидуалды-авторлық "бағытаудан тысқары"
сынды түрлі ғылыми концепцияларды есепке ала отыра, теориялық поэтиканың басты
ұғымдарына жүйелі сипаттама беру тәжірибесі қолға алынды.
Достарыңызбен бөлісу: