Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


§4. ӘДЕБИ АБЫРОЙДЫҢ ТОЛҚУЫ. БЕЛГІСІЗ ЖӘНЕ ҰМЫТ БОЛҒАН



Pdf көрінісі
бет61/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

§4. ӘДЕБИ АБЫРОЙДЫҢ ТОЛҚУЫ. БЕЛГІСІЗ ЖӘНЕ ҰМЫТ БОЛҒАН 
АВТОРЛАР МЕН ТУЫНДЫЛАР 
Қаламгерлер мен олардың туындыларының беделі көп немесе аз тұрақтылығынан 
байқалады. Мысалға, әдебиет жұлдыздары Данте немесе Пушкиндерді оларға қарама-
қарсы XIX ғ. басындағы танымал сентименталист П.И. Шаликов классик дәрегейіне 
көтеріліп алмастырады дегенді ойға алудың өзі мүмкін емес. Сонымен бірге, әдеби 
беделдің күрт шатқаяқтануыда орын алады. Осылайша, Шекспир XVIII ғ. ортасына дейін 
толық танымалдықта болмаса да, жоғарғы беделге ие болмай, өзіне еш назар аудартпады. 
Ф.И. Тютчевтің поэзиясы көпке дейін өзінің жоғары бағасын ала алмады. Керісінше, В.Г. 
Бенедиктов, С.Я. Надсон, И. Северяниндер замандастарының ыстық ықыласына бөленсе 
де, кейін әдеби өмірдің түпкіріне ысырылды.
Оқыман қауымның ықыласындағы қаламгерлерге және олардың туындыларына 
қатысты "күрт өзгеріс" кездейсоқ жағдай емес. Әдеби табыстың факторы бар. Ол әр қилы 
болып келеді.
Оқырман үміт артуында (аталған дәуірдің қоғамдық өмірінің ауанына байланысты) 
өзгеріске ұшырап, өзге мазмұн мен өзіндік бағдар ұстанған туынды бірде өзіне назар 
аудартса, енді бірде тарих қойнауына ығыстырылады. Осылайша, соңғы он жылдықтарда 
өмірді бейсәйкесімдікте айшықтаушы, трагизмді универсалдандыруға, скептицизмге, 
пессимистікке, амалсыз-мұңылық көңіл ауанына бейім жазушылардың біршама беделі 
арта түсті. Ф. Вийон мен Ш. Бодлер, Ф. Кафка мен обэриуттіктер ең көп оқылатын болды. 
Ең көп сөз етіліп келген, оқырман санасын жаулаған Л.Н. Толстой өз орынын қазір 
жұрттың бәрінің аузында жүрген трагедиялық ауандағы Ф.М. Достоевскийге босатты. 
Авторлардың ой ауанының уақыт рухымен үндесіп, әдебиетте қабылдануы дегеніміз – 
туындының "оқылуы" мен олардың беделінің өрістеуінің ең басты факторының бірі болып 
табылады.
Қаламгер беделінің толқуының басқа факторына 1928 жылғы монографиясында И.Н. 
Розанов өзінің назарын аударды. Ғалым формалды мектептің өкілдерінің пікірлеріне 
сүйене отырып, әр әдеби дәуірде аға және іні буындар арасындағы талғам мен көзқараста 
күрт пікір ала-құлалығы орын алады да, соңғылары алғашқыларын мүйіздейді: аға 
буынның әдеби "кумирлары" өз тағынан тайып, қаламгерлер мен олардың туындыларын 
қайта қарау орын алады; кешегі "көшбасшыларға" жаңа да, бүгінгі шынайы заманалық 
қарама-қарсы қойылады деген тұжырым жасайды. Осының бәрі ғалымның қарастыруында 
әдеби өмірдің тоқырауынан шығып, "ары қарай қозғалуы" жағдайының кепілі.
Замандастары алдындағы (әсіресе, бізге жақын дәуірлердегі) табысқа жетуге автордың 
зор үнімен аңғартқан өзіндік дербестігі мен жаңашылдығын септеседі. Егер жаңашыл-
қаламгер "өз жолымен дабырсыз өтетін болса", онда оны көп уақытқа дейін ешкім 
байқамайды деп жазды И.Н. Розанов. Егер де ол (Пушкин, Гоголь, Некрасов, символизм 
көшбасшылары сияқты) "ескі сенімдегілердің" аза бойын қаза етіп, "қисық пікір, шу мен 
былапытты" туындатып, "көкорай көгалға өз ескектерін қатты соқса", онда өздеріне 
жұрттың назарын аудартып, замандастары арасында беделге ие болып; тіпті кейде 


98 
"маңызды бастың кеңірдегіне" (бұл арада футуристердің даңғаза бой көрсетулері сөз 
етіліп тұр) айналады[401]. Бұл пікірде көптеген дұрысты ой бар. Сонымен бірге, 
қаламгерлерді ресми биліктің, ықпалды қоғамдық топтардың, БАҚ-тың арқаға қағулары 
да маңызға ие. Талантсыз автордың тауы шағылмай тынымысыз тырбаңдап, елеулілікке, 
көп жариялануға, сыншылар назарына ілігушілікке қол жеткізуі де белгілі бір рөл 
ойнайды.
Сонымен қатар, өмірлік танымалдыққа ие, өз замандастары жоғары бағалаған Н.М. 
Карамзин мен В.А. Жуковский, Н. Островский мен А.П. Чехов сынды қаламгерлер "шулы 
жаңашылдар" болып көрмеген еді. Әлбетте, өзін танытуға жан сала өлеулегеннен бөлек 
замандастары арасында жоғарғы беделге ие болудың өзге жолда бар. Оқырман арасында 
ұзақ та, мәңгілік орнығудың бірден бір сенімді факторы (мейлі ол бірден іске аспайтын) 
автор тұлғасының ауқымдылығы, туындысының төлтумалығы мен айырықшалығы, 
"шығармашылық пайымының" терең шынайылығы және де жазушының өз талантын 
толық ашып көрсете алуды жүзеге асыра білу екендігін мойындауға тиіспіз.
Оқырмандар пікірі қанша жерден мәнді болсын, туынды мен қаламгердің бағасы 
оқырман қауым арасындағы, оқылуындағы, атақтылығының табысымен өлшенеді деуге 
негіз жоқ. Т. Манның (Р. Вагнер шығармашылығы негізінде) айтуынша, шынайы да кең 
ауқымды өнердің үлесіне замандастары тарапынан үлкен табыс сирек тиеді[402]. 
Шынында да, әдеби-көркем өмірде бір жағынан «орынсыз көтермеленген даңқ» 
(Пастернактың: "Танымал болу ұнамды емес" дегенін еске алайық), екінші жағынан – 
"орынсыз ұмытылу" жағдайы кең орын алады[403]. Осындай кеңкелестікке жүгініп, осы 
бір сәйкесімсіздік турасында В.В. Розанов: "Біздің таланттар (сондай-ақ атақты - В.Х.) 
әлдебір кесір-кесепатпен, ал, ізгілеріміз – белгісіздікпен байланысты" деген ой айтады. 
Осы бір қаламгер-эссеисті естен шыққан авторлар қатарына қосып: "Тағдыр өзі даңқтан 
айырған адамын сақтайды", - деп ұйғарады[404]. А.С. Хомяков осындай ой ауанына 
былайша мәртебе береді:
Счастлива мысль, которой не светила
Людской молвы приветная весна,
Безвременно рядиться не спешила
В листы и цвет ее младая сила,
Но корнем вглубь взрывалася она.
Ахматовтық: "Түнде дұға оқы/Таңертең кенеттен даңқты болып оянбас үшін" деген екі 
тармағын ойға оралтайық. Оқырман арасындағы кең тараған белгілік пен танымалдық 
ақын үшін шын бағалау емес.
Замандастары тарапынан аз еленген немесе тез ұмытылған қаламгерлер 
шығармашылығы әр текті. Бұл мәселе оқырман назар аударуы мен әдебиеттану 
талқылауына жатпайтын тек қана графомания деп аталып қоймайды, сонымен бірге, 
әдебиет тарихындағы елеулі құбылыс та болып табылады. Аз еленген және естен шыққан 
қаламгерлер турасында А.Г. Горнфельд орынды байқаған олардың "құмрысқадай 
тынымсыз тірлігі еш кетпейтін" еңбек болып табылады[405]. Ғалымның бұл сөздері тек 
өзі зерттеген И.А. Кущевскийге ғана қатысты емес, егерде Ю.Н. Тыняновты пайдаланып 
тіл безейтін болсақ, жеңіліске ұшыраған (не болмаса, көпшілікке танылуға құлшынбаған) 
көптеген қаламгерлерге де қатысты. Олардың арасында – А.П. Бунин мен Н.С. 
Кохановская (XIX ғ.), А.А. Золотарев пен Б.А. Тимофеев (XX ғ. басы) бар. Отандық 
әдебиеттің ең өзекті міндеті аз танымал авторларды ірі әдеби құбылыс ретінде айқындау 
құлшынысы қанат жайып келеді; М.Л. Гаспаровша, "осы бір көбедей көп есімдер 
оқырмандар үшін елеусіз болып қалмауы үшін әрбір автордың" әлдебір өзіндік нышан-
белгісін таныта білуіміз қажет[406].
Бүгіндері сан алуан және аса бай әдебиеттің қатпары (аз еленген және белгісіз 
қаламгерлер шығармашылығы) егжей-тегжей зерттелуде. Оның үсітіне, жартылай жарық 


99 
көріп үлгерген көп томдық "Русские писатели 1800 - 1917. Биографический словарь" 
энциклопедиялық басылымы гуманитарлық қауымның назарын өзіне табандылықпен 
аударып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет