185
кейіпкер көз алдындағыға көңілі тікелеә ауса ("Здесь вижу двух озер лазурные
равнины..."), ал, екінші бөлімінде оның қабылдау ракурсы ауқымданып: лирикалық
кейіпкер зарлы көз тігуге пейіл қояды ("Среди цветущих нив и гор/ Друг человечества
всечасно замечает /Везде невежества губительный позор..."). Көзқарастың тегреуінділігі
(тіпті ол бүкіл мәтін бойында субъектілік сөздерде өзгермесе де)
әдебиеттің эпикалық
тегінде айқын да, белсенді болып келеді. Осылайша, Л.Н. Толстойдың "Соғыс пен
бейбітшілігінде" әңгімелеуші өз кейіпкерлерін
әрі сырттай бақылап, әрі олардың ішкі
әлемінің қойнауына құпиялықпен еніп, әрі кең ауқымды панорамалар мен жақында болып
өткендерге байыпты зер салып (Бородина шайқасының басталуын суреттеуді еске
оралтайық), әрі, керісінше, әлдебір затқа толық жуықтап келеді немесе оны шек қарынын
ақтара ежегейлейді.
Қаламгерлер кейбірде (М.Ю. Лермонтовтың "Біздің заманымыздың қаһармандары",
Ф.М. Достоевскийдің "Бейшаралары", Э. Хемингуэйдің "Керек, керексізі", У. Фолкнердің
"Заңғар үй") бірнеше тұлғаға оқиғаларды хабарлауды кезектестікпен "тапсырады".
Әңгімелеудің бір әдісінен екіншісіне көшу терең көркемдік мәнге ие болып орындалады.
Бұның жарқын мысалы – Т. Маннның "Лотта Веймарде" романы, оның қаһараманы ұлы
Гете өзінің зер салуының алуан ракурсында алынуы.
Б.А Успенский осы "көзқарас" ұғымын ежегейлей бекемдеді.
Опираясь на суждения
М.М. Бахтин, В.В. Виноградов, Г.А Гуковскийлердің пікірлеріне сүйене отырып, әрі
көркем мәтіндерді (ең бастысы Л.Н. Толстой мен Ф.М. Достоевскийдің) сараптай отырып,
"көзқарас" проблемасы "композицияның орталық проблемасы" болып табылып, осы
феномен "терең композициялық структура" құрайды "әрі
ішкі композициялық амал-
тәсілдерге қарама-қарсы қойылуы да мүмкін" деп тұжырымдайды[684]. "Қабылдау
нүктелері": бағалаушы, фразеологиялық, кеңістіктік-уақыттық
және психологиялық
жаспарға ие. Оларға Б.А. Успенский еңбегінің арнайы тарауы аранлған.
Достарыңызбен бөлісу: