183
XX ғ. әдебиеті Тургенев пен Гончаровтар рухындағы (осыған байланысты О` де
Бальзак, Э. Золяларды еске түсірейік)дәстүрлі "тізбектегіш" детальдандыруға емес, ең
алдымен Чеховқа тән еркін, жинақы және қозғалыстағы "ұсынуға" сүйенеді.
XIX-XX ғғ. тоғысы жинақтаушы таңбалау мен деталданған картиналарды "бөлу"
аясындағы алға жылжушылықпен танылды. Дәстүр бойынша туындының авансценасына
оқиғалық қатардың егжей-тегжейлігі: қаһармандар өміріндегі өзгермелі кезеңдер
шығарылды. Ал, барша қалғандары (адамдардың психологиялық ахуалы, оларды
қоршаған жағдай, өзінің ұсақ-түйегіне толы күнделікті өмір ағыны)
шетке ысырылып
қалды: не болмаса ат үсті сөз етілді, енді болмаса, туындының басқы эпизодтарына
(экспозицияларда) шоғырланды. Чеховта картина айқын аңғарылатындай кейіпте
өзгеріске түсті, әсіресе, оның пьесаларында, персонаждың өміріндегі күрт өзгерістер тек
айтылып қана кетіп, күнделікті өмірдің егжей-тегжейлігі эмоционалды тонуспен беріледі
деп атап көрсетеді А.П. Скафтымов. Бұл жерде, ғалымның сөзі бойынша, "барша
дәстүрдің бет-жүзіне қарамай, оқиға қысқа уақыттық жекелік ретінде шеткері аймаққа
жіберіліп, ал, әдеттегі, күнделікті қайталанушылық басты ауқым түзіп, пьесалардың
барша мазмұнының негізгі таған тасын құрайды"[679].
И.А. Бунинның прозасы да тап осыған ұқсайды. Осылайша, "Чанганың түсі" әңгімесінде
капитанның
ауыр тарихы, отбасылық өміріндегі кикілжіңдер, ауыр ахуал мәтін бойында
үзікті, азғана ендірімділікпен беріліп, табиғатты сипаттау негізінен капитанның иті
Чанганың еске алу және әсер алуы түрінде түзіледі.
Ежегейлене суреттеудің аясынан тыс жерде тек ат үсті және жинақтаушы сипаттама
ғана емес, сонымен бірге, мәтінді біршама жинақы етіп, қиялды белсендіретін,
суреттелген жайтқа оқыроман қызығушылығын күшейтетін, кейде тіпті ақыл есін алатын
соның арқасында туындыға қызықтылық үстейтін барша ой тасалық жатады.
Ой тасалықтың түрлі сипаты бар. Кейбір жағдайда, оның соңынан бұрыннан танылым
деп аталатынып келген қаһаман және/немесе оқырманнан басы бүтын жасырынғанды
айқындау мен тікелей табу ілесе жүреді[680]. Осылайша, Ф.М. Достоевскийдің соңғы
романында Федор Павлович Карамазовтың өлімі осы тәсілдің көмегімен берілген. Әлдібір
уақыт аралығында автор оқырманын Дмитрий (сол кезде Митя қалай терезеден әкесін
көріп, қалтасынан гүл ұрығын алғанынан Смердяковтың Иванға оны кісі өлтіргені туралы
айтқанға дейін аралықтағы эпизодтарда) кісі өлтіруші болып табылады деген жалған ойға
түсіреді.
Танылым қайыра түзілген оқиғалық қатарды аяқтауы мүмкін. Осылайша, мысалға,
Софоклдің "Эдип патша" трагедиясының финалында кейіпкер өзінің әкесінің амалсыз
қанын мойнына жүктегенін біледі. Бірқатар романдар мен хикаяттарда, ов и повестей,
новеллалар мен комедияларда танылым, керісінше, бақытты шешім табуды білдіреді.
Сонымен, пушкиннің "Боранының кейіпкерлері Бурмин мен Марья Гавриловна
(оқырмандармен бір мезетте) өздерінің ертеден некеге тұрған
ерлі-зайыптылар екендігін
біледі; хикаяттың соңғы фразалары осы турасында. А.Н. Островскийдің "Кінәсіз
жазықты" пьесасының финалдық эпизодында Кручинина мен Незнамов бір-бірімен шеше
мен бала ретінде табысады.
Бірақ та ой тасалық танылымның жетегінде жүрмейді, қайта туынды тінінде ақ таңдақ
болып, көркемдікпен сөз аяғны жұтуыға айналып, кейбірде шешілмейтін жұмбақ, құпия
күйінде қалады. Таковы пропущенные строфы в Байронның "Дон-Жуанындағы",
Пушкиннің "Евгений Онегиніндегі" қалдырып кетілген шумақтар; Ахматованың
өлеңдеріндегі кейбірдегі сөз айтпай кетушілік тап осындай. Міне оның М.А. Булгаковтың
жесіріне арнаған "В этой горнице колдунья..." өлеңінің соңғы жолдары төмендегідей:
Я сама не из таких,
Кто чужим подвластен чарам,
Я сама... Но, впрочем, даром
184
Тайн не выдаю своих.
Ақтаңдақ астар мәтінмен туыстас болып келеді. Бұл туынды мәтінін құрайтын
сөздерден ғана ұғылатын заттық-психологиялық болмыс. Астар мәтін туралы ұғым XIX-
XX ғғ. тоғысында қалыптасты. Осы құбылыстың мәнісі М. Метерлинктің "Күнделікті
өмірдегі трагизм" мақаласында названием "екінші диалог" деген атаумен пайымдалды.
К.С. Станиславский айтуынша, астар мәтін Чехов пьесаларының өн бойында өріп жүреді,
қатысушы тұлғалар көбіне
сөз еткені турасында ойлап, сезінбейді де[681]. Әдеби
бейнелеу кейбір жағдайда мұзтау (ңоң-О.Әубәкіровше) сияқты: автор "мүмкін өз
білгенінің көбін тасалап тасайды да, егер ол шындықты жазар болса, онда оқырман оның
ақтаңдағын айқын сезінеді..."[682]. Астар мәтін, әдетте, персонаждар мен лирикалық
кейіпкерлердің ішкі өмірімен байланысты терең құпиялы қатпарларының қойнауына
"кетеді". Оның аясы ең бастысы адамның жанының "құпиялы жазуын" құрайды.
Жақ ашпай қалу бұдан мүлдем өзгеше, ашық айту өмірге қауіп тудыратын байыпты,
өзекті тақырыптар мен кей ойларды әлсіз сезілетін етіп беруді көздейді. Бұл кез келген
аллюзия (өткен туралы тарихи туынды бойындағы бүгінгі заманның қоғамдық-саяси өмір
шындығына ишарат). "Ходить бывает склизко/По камешкам иным,/ Итак, о том, что
близко,/Мы лучше умолчим" деген жолдармен А К. Толстой өзінің "История государства
Российского от Гостомысла до Тимашева" өлеңіндегі орыс патшалары турасындағы
әңгімесін үзіп жібереді де, әужалы-сарказмдік өткеннің келбеті бүгінгі өмірмен
қабысатындығы мәнінде ұғынуға оқырманын мүмкіндік береді.
Аллюзияны М.Е. Салтыков-Щедрин эзоп тілі деп атады. Бұл – туындыны (негізінен
сатиралық) цензуралық тыйым салудан қорғайтын ерек құпия жазу. Осылайша, Н.А.
Некрасов орыс Сібірін "Вестминстер аббаттығы сенің отаның" (бұл аббаттықта
Англияның танымал адамдары жерленгентін) деп атады. О.Э. Мандельштамның
"Станларда" (1935) өлеңінде эзоп тіліндегі әлдене трагедиялықпен аңғарылады:
Подумаешь,
как в Чердыни-голубе,
Где пахнет Обью и Тобол в раструбе,
В
семивершковой я метался кутерьме!
Клевещущих козлов не досмотрел я драки: ,
Как петушок в прозрачной легкой тьме...
Не турасында сөз болып отырғаны аталмайды. Бірақ "түрме" сөзі фонетикалық
ұқсастықтар ("кутерьма", "тьма") арқылы санамызға сақ етеді.
"Ірі" және "жалпы" көріністерді бөлуде, олардың тікелей айтылғандар мен іште бүгіліп
қалғандарға (немесе үнсіздікке) қатыстылығы жазхушының орналыстырылымға өз назар
аударуының маңызды амалы.
Достарыңызбен бөлісу: