тердің барлығын ескере отырып, A. А. Уфимцева атауыш сөздерді
а) заттың атын білдіретін (предметный), ә) заттың түрлі белгісін,
қасиетін (признаковый) білдіретін сөздер деп бөліп жүр. Бірінші
топқа тек зат есімдерді ғана енгізсе, белгіні білдіретін сөздерге
сын есім, сан есім, етістіктерді және үстеулерді енгізген (Уфимце
ва 80, 36) *.
Заттың атын білдіретін сөздердің заттың сынын, белгісін білді-
ретін сөздерден айырмашылығы сол— зат есімдерде денотаттық,
сигнификаттық мағына компоненттер анық байқалынады да мағы-
на солармен тікелей байланысады. Нақтылы денотаттық негіз жоқ
делінетін абстракты зат есімдердің де идеалдық денотаты, гнесио-
логиялық бейнесі нақты болады. Ал етістіктер мен сан есім, сын
есімдерде олар мұндай нақтылылық қасиетке ие бола алмайды.
«Етістіктер мен сын есімдерде болса, олардың денотаты, дұрысы-
рағы сигнификаты, заттар, адамдар, тағы басқаларға тікелей бай-
ланысты болады да белгіні білдіреді»,— дейді А. А. Уфимцева
(Уфимцева 86, 94) *. Түркі тілдерінде де етістіктер ағылшын тіл-
деріндегідей қасиетке ие. Сондықтан да кез келген етістік белгілі
бір заттың не табиғи құбылыстың қалпын, қозғалысын, амал-әре-
кетін білдіреді де зат есімдерге катысты болады. Ал, үстеулер бол
са мезгіл, мекен, амалдың орындалу тәсілімен байланысты болады
да етістіктерге мағына жағынан жақындығы байқалынады. Мыса-
лы,
Көиіенің сүлу табиғатына қатты қызығамын, (Р. Тоқтаров).
Мысалымыздағы
қызығу етістігі жеке тұрып-ақ мағына білдіретін-
дігі анық, бірақ кімнің қызығатындығы, неге қызығатындығы анық
болғанда ғана мағынасы толық болады.
Көкше — жер атауы, жал-
қы есім, оның мағынасы басқа сөздерге байланыспай-ақ нақты бо-
лып тұрады. Сондықтан да етістіктердің мағынасының бір шеті өзі
тіркескен сөздермен (синтагмалық қатынасқа түскен сөздермен)
де байланысты болады. Француз тілшісі Ш. Балли етістіктердің
мағынасы туралы айта келіп: «Сонымен, процестер өздерінен бөлін*
бейтін заттармен бірге қабылданады. Қалыпты біз қозғалыстың
сөзсіз жалғасы деп қабылдаймыз... Бірақ сөзсіз етістік білдіретін
ұғым өте түсініксіз не күрделі болады»,— деген болатын (Балли
55, 52—53) *. Етістіктердің мағынасы жайылыңқы болатындығын
В. В. Виноградов та ескерткен болатын.
Етістіктердің лексикалық мағынасының жайылыңқы болуы
оның денотаттық, сигнификаттық мағыналарына да байланысты.
Етістіктің денотаттық мағынасы дегенде заттардың қозғалысы,
амал-әрекеті, қалпы көз алдымызға келеді. Ал қозғалыстың өзі бел-
гілі бір уақытта, белгілі бір жерде болатындығы анык. Сонымен
бірге амал-әрекетті орындаушы адам (субъект), орындау мақсаты
толып жатқан қосымша элементтер де етістіктің мағынасын толык,-
тырып тұрады. Мысалы,
Шаңғышылар селоға кіргенде көз байла-
Достарыңызбен бөлісу: