Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет36/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   94
ған бала, су тасыған бала деген мысалдарымызда бала сөзінің
91


мағынасы нактыланып, белгілі бір балаға байланысып тұр (Кол- 
шанский 75, 68).
Сөздердін лексикалық мағыналарының күрамына талдау жа- 
сағанымызда барлық сөздің мағына кұрамынан (тіпті өте кон- 
кретті зат есімдердің арасынан да) денотаттык, сигнификаттык 
мағына сыңарларын табу кейде оңай болмайтындығына көз жет- 
кіздік. Абстракты зат есімдерде (әруақ, жын, қүдай т. б.) дено­
таттык қатынасты білдіретін мағыналық компонент болмаса, жал- 
қы есімдерде сигнификаттык мағыналык компонент болмайды 
деген пікірлердің бар екендігін ескерсек те жоғарыдағы мысалы- 
мызға дәлел бола алады. Сондыктан да кей ғалымдар дерексіз 
зат есімдердің ішінде (мысалы, қатынас, байланыс, ар, ұждан, 
ой т. б.) тікелей үғымды білдіретіндері бар, олардың денотаттык 
мағына компоненттері объектив дүниедегі заттардың бейнесі бол­
майды, керісінше, үғым негізінде қалыптаскан дерексізденген 
заттар, қүбылыстар арасындағы катынастар, байланыстар бола- 
ды дейді. Біздіңше, сөз мағынасын ұғыммен тең деушілердің көп- 
шілігі өз пікірлерін жоғарыдағы тезис арқылы дәлелдеуге әрекет 
етеді (Солнцев 74, 6—7) *. Бірақ бұл жолмен мәселенін, басын 
ашуға болмайды. Біріншіден, объектив дүниемен, бізден тыс жат- 
кан заттармен, кұбылыстармен байланыспаған, оның субъектиа 
бейнесіне негізделінбеген лексикалык мағына да болады ма деген 
сұрауға жауап беру керек. Екіншіден, сөз мағынасы тек субъектив 
характерге ие болса, объектив негіз, денотаттык мағына компо­
нент! болмаса, адамдар сөз мағынасын бірдей түсінбеген болар 
еді. Демек сөйлескен екі адам әр сөзге өздерінше мағына беріп, 
өздерінше түсінген болар еді. Бірак бұл шындык емес. Үшіншіден, 
ойдың да негізінде объектив дүниедегі заттар, болмыс жатпай- 
ды ма?
1955 жылдың өзінде-ак проф. А. И.Смирницкий орыс тіліндегі 
русалка, домовой, фавн сиякты сөздерге байланысты мынадай 
пікір айткан болатын. «Бұрын айтқанымыздай бұл жерде накты- 
лы бір зат туралы пікір жок. Сондай-ак жаңа ғана сөз болғандай, 
акикат болмыстағы заттардың бейнесі де жок. Соған карамай 
русалка, домовой, фавн, марсианец, т. б. сөздерде жеткілікті дә* 
режедегі нактылы мағына бар» (Смирницкий 55, 84) *. Егер бұл 
пікірді сөздің мағыналык компоненттерімен салыстыратын бол- 
сак, онда русалка, домовой сиякты сөздердің мағынасының күра- 
мында денотаттык мағына компоненті жок, бірак толык лексика­
лык мағынасы бар деген ұғым туады. Демек денотаттык мағына 
элементі жок, сигнификаттык мағына элементтерінен кұралған 
лексикалык мағына да бола алады. Шындығында да солай ма? 
А. А. Уфимцева А. И. Смирницкийдің көрсеткен мысалдарына 
жиырма жыл өткеннен сон кайта оралады да, олардын денотаты 
нөлге тек деп ескертеді. Кез келген тілде нөлдік денотатка ие 
болған танбалар (знаки) бар, яғни білдіретін объектісі реалды 
болмаған нактылык (зат), бұл өмірде жок заттар, өзінше ойша 
кұрастырылған, нактылы өмірде оған ешнәрсе сәйкес келмейтін
92


қиялдағы объект дей отырып, орыс тіліндегі кентавр, бог, русалка, 
черт сияқты сөздермен салыстырады (Уфимцева 74, 46—47) * 
Әрине бұл саналыгі өтілген қасиеттер мен түсініктерге ие болғаи 
ұғым атаулары күнделікті өмірде толық және монолитті түрде 
кездеспейді. Бұл типтес сөздердің (олар дүниедегі барлық тілдер- 
де кездеееді) өмірге келуіне түрлі жағдайлардың себепші бола- 
тындығын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ, себебі философ ғалым- 
дардың еңбектерінде бұл мәселе жан-жақты дәлелденген. Деген- 
мен де су перісі, шайтан, жезтырнақ сияқты заттар өмірде кезде- 
седі. Салыстырыңыз: С. И. Ожеговтың сөздігінде русалка сөзіне: 
«В народных поверьях и сказках: существо в образе обнаженный 
женщины с длинными распущенными волосами и рыбьим хвостом, 
живущее в воде»,— деп анықтама берген (Ожегов 73, 634) *. Ал 
шайтан сөзіне: «В старинных суеверных представлениях — злой 
дух, сверхестественное существо, олицетворяющее злое начало 
образе человека с рогами, копытами и хвостом»,— деп түсінік- 
теме берген (Ожегов 73, 810). Русалканың бейнесін шашы жал- 
быраған жалаңаш әйелге балықтың құйрығын механикалық түр- 
де жалғастыру негізінде жасаған. Сана-сезімі төмен басқышта 
болған адамдар дүниедегі жаман қылықтарды, зұлымдықтардың 
барлығын шайтанға теліп, оның бейнесін дүниеде кездесетін түр- 
лі заттар мен адамдардық қасиеттерінен жинақтап жасаған. Яғни 
шайтан дегенде ешкінің мүйізіндей мүйізі бар, құлағы қалқиған, 
айыр тұяқты, шұбалаңқы құйрықты, түкті адам сияқты тік жүре- 
тін мақұлықты көз алдымызға келтіреміз. Шайтанды ертектерде 
солай бейнелейді. Мұндай сөздерде нақтылы, материалды денотат 
болмағанымен, түрлі заттардың қасиеттерінен жинақталынған, 
дерексізденген идеалды денотат бар.
В. 
И. Ленин Гегельдің «Логика ғылымы» деген еңбегінен кон­
спект жасай отырып: «Адамньщ санасы объектив дүниені тек бей- 
нелеп қана қоймайды, сонымен катар оны жасайды»,— деп жа- 
зады (Ленин 29, 202). Демек адам ойы объектив дүниені әрі 
бейнелейді, әрі сол бейнелеу негізінде жаңа нәрсе (адамның сезім 
мүшесіне 
түйсік 
туғызбайтын, ойша жасалынған) жасайды. 
Адам ойының творчестволық мәні де осында. Шындығында да 
адамдар өздерінің өмір тәжірибесіне, біліміне негізделе отырып, 
өзінің 
сезім 
мүшелеріне 
тікелей түйсік туғызбайтын, бірақ 
объектив өмір сүретін заттардың түрлі қатынастарын, белгіле- 
рін, заттар арасындағы 
түрлі қарым-қатынастарды, олардың 
заңдылықтарын анықтай алады. Мысалы, қалампырдың ащы зат 
екендігін жемей-ақ білеміз, себебі оның ащы екендігін бұрын 
бірнеше рет жеп көргенбіз. Сондықтан да өмір тәжірибемізге 
сүйене отырып, оны жемей-ақ ащы қасиеті барын білеміз. «...егер 
дүниені тану табиғаттағы дүниенің нақ өзіндей қалай болса со­
лай, табиғаттағы күйінде ағашты ағаш, тасты тас т. б. күйінде 
бейнелесе, онда үй, өндіріс құралдары қалай пайда болғаны түсі- 
ніксіз болған болар еді. Егер таным табиғаттағы заттарды өз 
күйінше нақтылы көшірмесін (копировка) беретін болса, адамның 
тіршілігіндегі өз қызметін атқара алмаған болар еді»,— деп жа-
93


зады (Копнин 74, 105) *. Егер адам ойының творчестволңқ қыз- 
меті болмаса абстракты зат есімдер де, сан есім мен етістіктер де 
болмаған болар еді; адамдар табиғат заңдылықтарын ашып, оны 
өз өміріне пайдалана алмаған болар еді. Бірақ адам ойынын. 
қызметі заттардың өзін де, заттар аралығындағы қарым-қатынас- 
тарды да жасай алады деу қате. Дерексіздену, абстракциялау 
дүние сырын жете білуге, адам ойының объектив дүниеге жақын- 
дай түсуіне жағдай жасайды. «Ойлау нақтылы нәрседен абстрак­
ты нәрсеге көтерілгенде — егер ол дұрыс ойлау болса, (ал Кантта, 
басқа философтардың бәрі сияқты, дұрыс ойлау туралы айта- 
ды) — ақиқаттан алшақтамайды, қайта оған жакын келеді. Ма- 
терияның, табиғат заңының абстракциясы, құн абстракциясы бәрі 
табиғатты тереңірек, дұрысырақ, толығырақ бейнеледі»,— деген 
еді В. И. Ленин (Ленин 29, 159).
Қез келген абстракция тақыр жерге құрылмайды, оның негі- 
зінде конкретті өмір, нақтылы зат не олардың бір қасиеті, не 
басқа заттармен карым-қатынасы жатады. Марксизм-ленинизм 
классиктері адамдардың таным процесінің дамуын деректіден де- 
рексізге, жалқыдан жалпыға қарай деп түсіндіреді (Горький 61, 
15) *. Тілдегі абстракцияны да осылай түсіну керек. Бірақ тілші- 
леріміздің кейбіреулері бұны басқаша түсіндіруге әрекет етеді. 
Мысалы, Н. Г. Комлев денотаттардың бірнеше түрі бар екендігін 
көрсете отырып, «Мынадай кей сөздердің мысалы ретінде айдың 
табиғи серігі (естественный спутник луны), ешқандай нақтылы 
заты, десигнаты жоқ, яғни олармен байланысты қолданылатын, 
олар көрсететін зат жоқ. Бұл атаулардың денотаты ретінде бос 
зат (пустой класс) алынады» дейді. (Қомлев 69, 87) *. Ең алды- 
мен айдың табиғи серігі деген түсінік бар ма? Бұны анықтау, әри- 
не, тіл білімінің аясына енбейді. Тілде өтірік айту, алдау сияқты 
түсінік бар. Ол сөйлемдегі пайымдау мен сөйлемде айтылатын 
оймен байланысты. Біз сілтеме ретінде беріп отырған үзіндідегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет