Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет42/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94
форалык 
сөздерге контекспен байланысты баска сөздердің орнына 
қолданылатын сөздерді косып жүр. Қазак тіл білімінде бұндай 
бөлу дәстүрі жоқ.
102


Лексикалық мағынасы жағынан есімдіктердің басқа сөз тап- 
тарынан бөлініп тұратындығын тілшілеріміз ерте кезден-ақ бай- 
қаған болатын. Сондықтан да оларды жеке сөз табы ретінде бөліп 
алып, тексеріп жүр. Бірақ олардың мағынасын анықтап, семанти- 
калық белгісін көрсетуде пікір алалығы бар. Ең алдымен, есімдік- 
тер атауыш (толық мағыналы) сөз бола алады ма? Екіншіден, есім- 
діктердің лексикалық мағынасын қалай анықтауға болады? Бірін- 
ші сұрауға қазір бір ауыздан атауыш сөздердің қатарынан орын 
алады деп жауап беріп жүрміз. Бірақ тіл білімі тарихында есімдік- 
тер жеке тұрғанда белгілі бір зат не ұғымның нақтылы атауы бол- 
майды, сондықтан да оларды көмекші сөздердің қатарына қосу 
керек деген ғалымдарымыздың болғаны да анық. Совет тіл білімі 
өкілдері есімдікті атауыш сөздерінің қатарына қосады, бірақ зат 
есім, сын есім, етістік сияқты атауыш сөздерден мағынасы жағынан 
өзгешелігінің барлығы, оның лексикалық мағынасы жайылыңқы 
екендігі ескертіледі. Мысалы, С. Д. Кацнельсон есімдіктерді диек- 
тикалық сөздер деп атайды да оны атау сөздерге қарсы (назывные 
слова) қояды. «Әр тілдің лексикалық негізін атау (назывные) сөз- 
дер, яғни атау (номинативтік) функциясына еге сөздер жасайды. 
Семантико-грамматйкалық классификацияда бұларға заттарды 
атап көрсетпей нұсқап (диексис) көрсететін есімдіктер қарсы тұ- 
рады»,— деп жазады (Кацнельсон 86, 10) *. Бұл жерде С. Д. Кац­
нельсон оларды затты атап көрсететін сөздерге қарсы қойғанымен, 
көмекші сөздер деп тұрған жоқ.
Атауыш сөздердің жоғарыдай екі топқа бөлінуі олардың лек- 
сикалық мағынасына негізделінген. Зат есім болсын, сын есім бол- 
сын, етістік болсын белгілі бір зат не ұғым, қозғалыс сияқты адам- 
дардан тыс өмір сүретін зат не құбылыс атауларын білдіреді де бұл 
мағыналарын жеке тұрғанда да сақтайды. Ал есімдіктерде болса 
мұндай нақтылылық, дербестілік жоқ. Сондықтан да есімдіктерге 
зат есімнің, сын есімнің орнына қолданылатын, оларды атап көр- 
сетпей жанамалап, меңзеу арқылы көрсететін есім сөздердің тобын 
айтамыз деп анықтама береміз. Бірақ бұдан есімдіктердің лекси- 
калық мағынасы контексте, сөйлем ішінде пайда болады, олар жеке 
тұрғанда лексикалық мағынасы болмайды деген қорытынды шы- 
ғаруға болмайды. Кез келген диектикалық сөз жеке тұрғанда да 
лексикалық мағынаға не. Мысалы, мен есімдігі айтушы жақты, сен 
есімдігі тыңдаушы жақты, ал ол есімдігі бөгде жақты, қатыспаған 
адамды (кейде жақтық мағынасы жоқ) білдіреді. Тіпті, кейде, ди­
ексис пен анафоралы сөздерді денотаттық, сигнификаттық мағына- 
лармен байланысты да анықтауға әрекет ету бар. Мысалы, 
Е. М. Вольф диектикалық сөздердің таңба мен референттен тұра- 
тындығын айтады. «...нағыз диектикалық көрсету тікелей референт- 
ке бағытталады да екі элементті— таңба мен референтті қамти- 
ды»,— дейді (Вольф 74, 6) *. Еске алатын және бір жағдай бар. 
Есімдіктердің барлығы бірдей мағына дербестігіне ие болып, бел- 
гілі бір сөз табына тиісті сөздердің орынбасарлары ретінде қолда- 
ныла бермейді. Сондықтан да есімдіктерді заттық ұғымды білді- 
ретін сөздердің орынбасары болатын есімдіктер және заттың сы-
J03


нын, белгісін білдіретін сөздердің орынбасары болатын есімдіктер 
деп екіге белу бар (Ысқақов 64, 301). Бұл екі топтағы есімдіктер 
өздерінің мағына құрылымы жағынан да ажыратылып жатады. 
Олардың денотаттық, сигнификаттық мағына компоненттері жайы- 
лыңқы, жалпы сипатқа ие. Сондыктан да олар басқа сөздердің ор- 
нына қолданғанда оның мағынасын өзіне толық қабылдамайды, 
тек сол мағынаны меңзейді, нұсқап көрсетеді. Осы қасиеттеріне 
байланысты ғана кез келген адам мен, сен болып кете беру мүмкін- 
дігіне ие. Мысалы, Менің мазамды алмаңдар,— дейді Александров 
(Ш. Жиенқұлова).— Е, мен әйел алдым ба десем, биші алған екен- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет