«ат беру» үшін оны танып-білу керек, негізгі белгілерін анықтау
(сол зат туралы түсінікке ие болу) керек; олардың белгілерінің
кейбіреулері сол заттың атауы болған сөздің мағынасының кұра-
мына енуі керек. Сол заттағы
белгілер анықталғаннан кейін, өзі-
нің көрнекілік бейнесінен қол үзіп, сол типтес заттардың белгіле-
рімен, қасиеттерімен салыстырылады. Осы салыстыру негізінде
сол атауы болған заттың басқа заттардан айырмашылығы, өзіндік
белгілері анықталуымен бірге оның басқа заттармен байланысып
жатқан ортақ белгілері де анықталады. Сондықтан Г. В. Колшан-
ский «Ат берудің өзі тек атау ғана емес, сонымен бірге коммуни
кация және дүниені тану да. Сондықтан да атаудың (именование)
құрамына информациялардың тілдік формалар арқылы берілуі
тиімділі, сонымен бірге қоршаған дүниенің дұрыс бейнеленуі»,—
деп дұрыс жазған (Қолшанский 75, 68) *.
Әрине заттарға ат беру
мен оның тілдің элементтерінің мағына құрамына енуі екі түрлі
жағдайды талап етеді. Біздіңше, заттарға ат беру жеке адамдар-
дың қызметімен байланысты да, оның қабылдану, қабылданбауы
жеке адамдарға байланысты болмайды. Мысалы,
субботник сөзін
алайық. Бұл сөздің дүниеге келуіне себеп болған 1918 жылы 10
мамыр күні Москваның Қазан вокзалында өткізілген сенбілік. 20
мамыр күні «Правда» газетінде «Вестник «субботник» для комму
нистов и сочувствующих Александровской железной дороги» деген
мақала жарияланып, сонда
субботник сөзі алғаш рет қолданыл-
ған еді. Алғашқы кездерде ол тырнақша ішінде қолданылып жүр-
се де кейінде тырнақшасы алынып тасталынған. Сөзсіз мақаланың
авторы болғандығы анық. Ал осы сөзді көпшілік халық қабылдап,
тарих, уақыт елегінен өткеннен кейін, қазір, жеке авторы ұмыты-
лып, естен шығып, авторсыз сөздердей қолданылып жүр (Шан
ский 80) *. Тіпті кей сөздердің алғашқы кезде қолданылып барып,
кейін
тілдік қолданылудан шығып қалуы да ықтимал. Бұл
пікірімізге қазақ тіліндегі
жердің жасанды серігі деген сөздің
тарихы мысал бола алады. 1957 жылы 4 қазанда ұшырылған
спутниктен кейін, соған байланысты, жарық көрген еңбектер мен
газеттерде
спутник сөзінің қазақша баламасы
жердің жасанды
серігі қолданылып жүрді. Бірақ уақыт өтуімен байланысты
жер-
дің жасанды серігі деген термин қолданылудан шығып қалды да,
оның орнына халық орыс тілінің
спутник деген сөзін қабыл-
дады.
Сөйлеу процесінде сөз жеке затқа байланысты да, бірнеше зат-
тарға байланысты да, сондай-ақ дерексіз заттарға байланысты да
қолданылады. Зат есімдерді деректі, дерексіз деп бөлгенде осы
мағыналық ыңғайға қарай бөлгенбіз; ол мағына сөздің лексика-
лык мағынасының құрамында бар. Ал
нақтылы не жалпылай
қолданылу сөйлеу процесінде анықталатын нәрсе. Мысалы,
бала
сөзі деректі зат атауын білдіреді де контекстен тыс тұрып ұрпақ,
перзент мағынасын білдіреді. Бірақ нақтылы қай баланы айтып
тұрғанын білдіру үшін оны анықтайтын, белгілейтін сөз тіркесі-
мен келуі керек.
Анау бала, мынау бала, қара бала, жылап отыр-
Достарыңызбен бөлісу: