Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет49/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   94
дарақы, жынды сияқты сөздердің әр қайсысының өздеріне тән же­
ке-жеке мағынасы бар. Бірақ олардың барлығының басын бірік- 
тіріп тұрған интенсионал мағына — жек көру, ұнатпау мәні де 
бар. Эмоциялық-экспрессивтік сөздердің аумағы кең емес. Олар 
заттар мен құбылыстарға баға беріп салыстырғанда мағынаны 
анықтамайды, айтушы не жазушыныц сол затқа не құбылыстарға 
берген бағасын анықтайды. Ол екі параметр негізінде іске асады, 
яғни не ұнатады, не ұнатпайды, жақсы не жек көреді т. б.
Эмоционалды-экспрессивті мағына сын есімдерде сөздің лекси- 
калық мағынасының негізі ретінде (номинативтік) бой көрсетсе, 
зат есімдер мен етістіктерде номинативтік магыналарға үстеме 
мағына (коннотативтік) ретінде не денотаттық мағынаның бір. 
көрінісі ретінде белгілі болады. Мысалы, едірей, барпылда, безі
рей, бажыраңда, далбалақта, далбаңда, тыржи, ыржаңда сияқты 
сөздердін барлығында да адамның бір амал-әрекетін, көзқарасын
115


білдіретін мағыналық реңк бар. Осы магыналық реңк оның негізгі 
мағынасына қосымша болып тұрады. Мысалы, бақши етістігінің 
негізгі мағынасы қарау, бірақ ол сөздің мағынасы тек қарау се- 
масымен ғана шектелінбей бақырая, жақтырмай қарау мағынасы 
да бар. Өкіл мен Досқожа үйге кіріп шам жақты. Көрпені ашқан- 
da кемпір бақшиып басын көтерді (Б. Майлии), т. б.
Тілдің сөздік құрамындағы эмоционалды-экспрессивтік мәнді 
білдіретін сөздерді эмоционалды-экспрессивті лексика деп атау 
бар. Олардың саны басқа тематикалық топтардай көп болмағаны- 
мен, тілде белгілі дәрежеде орын алатындығы белгілі. Бірақ күн- 
делікті практикамызда эмоция мен экспрессивтікті беру тек түбір 
сөздер арқылы берумен шектелініп қалмайды. Тіпті эмоция мен 
экспрессивтікті қосымшалар арқылы да, сөздердің мағына шекара- 
сынан шығып, сөйлем арқылы берілетіндігі де, сөздердің стильдік 
қолданылуы арқылы берілетін жағдайының бар екендігі де ғылым- 
да сыр емес. Жалпы сөздердегі эмоция мен экспрессивтік төрт 
түрлі жол арқылы беріледі. 1. Сөздердің тура номинативті мағы- 
насы ретінде. 2. Қөп мағыналы сөздердің бір мағынасы ретінде. 
3. Түбірге қосымшалар қосу арқылы. 4. Тұрақты сөз тіркестері ар- 
қылы. Кей еңбектерде сөздердің белгілі бір тіркес арқылы, стиль- 
дік қолданылулар арқылы берілген эмоциялық-экспрессивтік 
мағынаны да сөз мағынасы ретінде бөліп корсету бар (Узбек 81, 
161) *. Стилистік амал-тәсілдер арқылы берілген эмоция мен экс­
прессия тұрақты болмағандығы үшін, сол тіркестен баска тіркес- 
терде ол мағына берілмейтіндігі үшін біз оларды сөз мағынасы 
ретінде қабылдай алмаймыз.
Сөздердің түбір формасы арқылы, номинативтік мағына ретін- 
де, эмоциялық-экспрессивтік мағына беру жолы сөздік құрамдағы 
эмоциялық-экспрессивтік лексиканы жасайды. Бұл лексикалық 
топтың құрамына енген сөздер, әдетте, нейтраль лексикаға карсы 
қойылады да адамдардың психологиялық қалпын, амал-әрекетін, 
еондай-ақ, табиғаттағы заттар мен құбылыстарға айтушыныц 
көзқарасын білдіру үшін қолданылады. Мысалы, Батырдан ба- 
рымташы туар даңғой, Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой 
(Абай). Егер шын айғайды көргенде, кірер жерін таба алмайтуғын 
дарақы, жұртты осы сөзімен айдындырамын, «мына кәпірден кісі 
шоиіитұғын -екен» дегіздіріп айдындырайын деп айтып отырған қур 
дамбытпасы болып, босқа қорқытып отырса, соны не дейміз (Абай). 
Миың болса жолама, Бос желігіп шапқанға (Абай). Жоғарыда 
келтірілген үш мысалымызда қолданылған даңғой, дарақы, желік 
сөздерінің негізгі лексикалық мағынасының өзі эмоцпялық экс­
прессивен мағына, айтушыныц ұнатпауын, жек көруін көрсетіп 
тұр. Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиынынан қиыстырар ер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет