Жоғарыда біз В. А. Звепшцев пен Д. Н. Шмелевтердің
сөздер-
де эмоциялық, экспрессивтік мағына болмайды дегенде кей автор-
лардың көңіл-күйі, адамдардың психологиялық қалпын білдіретін
сөздерді де эмоциялық-экспрессивтік лексиканың қатарына қосып
жіберетіндігін ескерткен болатынбыз. Шындығында да ондай сөз-
дер барлық тілдерде кездеседі. Мысалы, қазақ тілінде
қайғы, қуа-
ныиі, жылау, күлу, шаттану, өлім сияқты сөздердіқ барлығы анық.
Жадпы олардың мағынасында эмоцияны білдіретін семаның бар-
лығы да анық, бірақ олар сөздің
лексикалық мағынасына негіз
болып тұрған жоқ. Сондықтан да В. А. Звегинцев пен Щмелевтер-
дің
қайғы, қуаныіи, ашу, араз сияқты сөздерде эмоциялық-экспрес-
сивтік мағына жоқ деп оларды нейтрал лексикалық қатарына кос-
қаны дұрыс. Сонымен бірге эмоционалды-экспрессивті сөздер мүлде
жоқ деу дұрыс емес. Қазақ тілінің материалдарының көрсетуінше
негізгі түбір арқылы да, туынды түбір сөздер арқылы да эмоция-
лык мағына беріледі. Мысалы,
Ал, Ербол аға, мыналардың орын-
сыз күлкі, жаман сықағын. тыйыңызшы (М. Әуезов).
Әрбір жаман
кісінің жаман қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза бол-
ғандықтан күл (Абай).
Ақ көңілді жақсыдан, Аянбай салыс орта-
ға, Ақылы, ары тапиіыдан, Қу сөзін алма қолқаға (Абай) деген
еөйлемдердегі
жақсы, жаман сөздерінің мағынасында эмоция (ба
га беру) бар. Сонымен бірге эмоциялық
ұғым атауын білдіретін
сөздердің эмоциялық-экспрессивтік мағына білдіру үшін қолда-
нылуы ғажап емес. Тек эмоциялық-экспрессивтік мағына білдіретін
жалқау, жағымпаз, парахор, кінәміиіл, милау, сыпсыңдау, көй-
ту, ыржақ, жеңілтек, үиіқалақ, бөспе, бадырай, едірей, жосу, жөң-
ку, ақымақ, есалаң, есер, ауыш, тырбық, мәстек, мықыр, алаңға-
cap, аңғырт, аңқау, жымысқы, қомағай, ашқарақ, тамақсау, обыр,
әккі, қақсал, жырынды, әуей, әуселе, сылбыр, самарқау, майпаң-
day, бәйпектеу, ыбылжу, былжырау, кәззап, сүмеңдеу, жансабіл,
алжу, жексүрын, сүмырай, сүмпайы, зүлым, жылпос сияқты
сөздердің барлығы шындық.
Сын есімнің мағынасында заттардың түр-түсін, табиғатын, ішкі
қасиетін білдіретін мағыналық элементтердің болуымен бірге, оған
баға беріп, айтушынын көзқарасын білдіретін мағыналық реңктер
де бар. Сондықтан сын есімдерге байланысты сөз болғанда осы екі
мағынаны ажырату керек. Әрине бұл жерде контекстің де қызметі
болатындығын естен шығаруға болмайды.
Мысал ретінде жақсы,
жаман сөздерін алып көрелік. X. Нұрмұқанов
жақсы, жаман, пысық
сөздерімен байланысты сөз қозғайды да оларды барлық кезде
эмоциялық-экспрессивтік мағынаны білдіру үшін қолданылатын
сөздердің қатарына енгізеді (Нұрмұқанов 72, 119—120) *.
Жаз
жайылымдағы жақсы суат пен қыс айларында қарапайым да бол-
са қүрыльіқпен қамтамасыз ету керек жылқы фермасын (Ж. Тіле-
ков).
Көріскенше күн жақсы (сөйлеу тілінен).
Мүбәрәк үйіндегі-
лер —
той думанға жиналған ауылдық бос белбеу, кең балақ ауыл-
дың еріккендері емес, жаман шапан, жыртық етік кедейлері
(I. Есенберлин) деген мысалдарымыздағы жаман сөзінде тек са-
паны көрсету ғана бар да, эмоция жок.
117
И. Р. Гальперин ағылшын тілінің стилистикасын зерттей оты-
рып, эмоционалды-экспрессивті сөздерді жеке топ ретінде бөліп
алуды ұсынады да, эмоциялық мағына мен эмоциялық мағыналық
реңкті, сөздердегі эмоциялық бояуды ажыратады (Гальперин 58,
118) *. Шындығында да эмоционалды-экспрессивті мағыналы сөз-
дердің негізгі лексикалық мағынасы ретінде эмоцияны алу керек
те, ондай сөздерде эмоция-экспрессия контекстен тыс та, контек
сте де берілуі керек. Мысалы,
жексүрын сөзін қазақ тілінің түсін-
дірме сөздігінде жеккөрінішті, сұмпайы, сүйкімсіз деп анықтама
берген.
Сүлтанмахмүт туберкулездің мүндай жексүрын жебір сыр-
Достарыңызбен бөлісу: