деген салымды еді (М. Сүндетов).
5. Жабайы андардан елік, қүралай сияқты нәзік, әдемі түстіле-
рі метафоралы мағынада қолданылғанда жағымды мағына береді.
Мыс.: Өте ме сүм өмірдің тепкісінде, Бота көз Қүләнда атты қүра-
лайың (Ж. Санн). Ақ сәулеге бойы үйренген елігім, Қара түннен
иіоіии ма деп қорқамын (С. Жиенбаев).
6. Құрт-кұмырсқа атаулары да метафоралы магынада қолда-
нылып жаман, жек көру мағынасын білдіреді. Мысалы, Ажар, Ажар
деп ауыздарыңнан тастамай әулие аспан ғып жүргендерің сүр жы-
120
ланның өзі болып іиықты (С. Жүнісов). Ер бойында дерт едің, Ер
мойнында бит едің, Жүрт устіне жайылған (I. Жансүгіров).
7. Тірі жәндіктерге, жан-жануарларға байланысты қолданы-
латын мал, мақүлық, аң сияқты жалпы атаулар да метафоралы
қолданылып жек көру, ұнатпау сияқты эмоцияны білдіреді. Мы*
салы, Қандай ортада, қалай өскен екен бүл екі аяқты мақүлықтар
(«Қаз. әдебиеті» газеті). Оның өзі айтқанга көнбейтін, айдауға
жүрмейтін мал екен т. б.
8. Кейбір өсімдік атаулары да метафоралы мағынада қолда-
нылғанда жағымды, жағымсыз мағынаны білдіруі мүмкін. Мыса-
лы, гүл — сұлулықты, пәктікті білдірсе, ақ қайың — сымбатты-
лықты, нәзіктікті білдіреді. Ал бәйтерек, шынар — күштілікті,
алыптықты білдірсе, тікенек — қара дүрсіндікті, жамандықты
білдіретін мағынада колданылады. Мысалы, Осынау сәтте жүздері
алуан түрлі қүбылып: — Білеміз бүны біз дейді.— Орнынан екі
гүл түрып (М. Ниеталиев). Мүхит тағы да ән салды, қойиіы, не ке-
рек, жиынның гүлі болды (М. Дүйсенов). Кеткенімде сәулем-ай,
Алма жүзің алаулап (Б. Тәжібаев) т. б.
9. Ай, күн сияқты планета атаулары да метафоралы мағынада
қолданылып жағымды эмоцияны білдірсе, бүлт, дауыл сияқты та-
биғи құбылыс атаулары жағымсыз эмоцияны білдіру үшін қолда-
нылады.
10. Дерт, ауру атаулары метафоралы мағынада қолданылып
жағымсыз эмоцияны білдіреді.
Метафоралы мағынада колданылған сын есімдер де, етістіктер
де, эмоциялық мағынаны білдіреді.
Қазақ тілінде эмоциялық-экспрессивті мағынаны берудің бір
жолы — тұрақты сөз тіркестері болып саналады. Бірак бұдан бар-
лык тұрақты сөз тіркестері бірдей эмоционалды-экспрессивті ма-
ғына білдіреді екен деген қағида шығармау керек. Мысалы, ат ізін
салмау, жүмған аузын ашпау, таяқ жеу, жүрек жалғап алу, арам
тер болу, бетке иііркеу салу, жаны аиіымау, жаны алқымға келу
сияқты тіркестердін, мағынасында эмоция да, экспрессия да жоқ,
тек басқа сөздің мағынасына тең, атауы болатын мағынаны білді*
pin тұр. Яғни ат ізін салмау — келмей кою; жүмған аузын аиіпау —
сөйлемеу; жүрек жалғап алу — жеңіл тамактану сиякты мағынаны
білдіріп тұр. Сонымен бірге көпшілік тұракты тек екінші бір сөздің
баламасы ретінде колданып кана коймастан, оған эмоциялык-экс-
прессивтік те мағына үстеп отырады. Жалпы фразеологиялык тір-
кестердің дүниеге келуінің бірден бір себепшісі болмағанымен, ең
негізгі себепшісінің бірі — осы адам ойының бейнелі, әсерлі етіп
жеткізу талабы (Шмелев 77, 291) *. Сондыктан да көпшілік ғалым-
дар фразеологиялык тіркестердің эмоциялык-экспрессивтік мағы-'
нада колданылатындығын мойындайды. Қазақ тілі фактілері де
бұл пікірдің дұрыстығын көрсетеді. Мысалы, төбе иіаиіы тік түр-
ды — тек корыккандыктан көрсетіп тұрған жок, өте катты корку-
ды, төбесі көкке жету — катты куануды, т. б. білдіреді. Бұл сияқты
эмоционалды-экспрессивті мағына білдіретін фразеологиялык Tip-
121
кестерді кез келген тілдерден мыңдап мысал ретінде алып көрсе-
туге болады (Кеңесбаев 77; Шмелов 77) * т. б.
Эмоционалды-экспрессивті сөздермен байланысты басы ашы-
луы қажетті болған иәрсе — олардың объектив дүниемен байла-
нысы мәселесі, семантикалық үш бұрыштың қай бұрышынан орын
алатыидығын анықтау. Эрине, эмоция денотаттық мағынамен тіке-
лей байланыспайды, сигнификатпен байланысады. Сондықтан да
оларды ұғыммен, оймен байланыстыру кажет. Себебі ой да, эмоция
мен экспрессия да жеке адамға, индивидуалдық сипатқа ие, жеке
адамдарда болатын, әлеуметтік жағдайлармен байланысатын про-
цестер. Айырмашылығы сол— ой объектив дүниені, объектив дү-
ниедегі заттармен, заттардың түрлі қарым-қатынасы негізінде, зат-
тардың амал-әрекеті мен табиғи құбылыстардың түйсік арқылы
берген информацияларына сүйене отырып, объектив дүниені нақ
өзіндей етіп бейнелеуге әрекет етсе, эмоция мен экспрессия сол
түйсіктер арқылы қабылданған информацияға негізделініп заттар
мен құбылыстарға баға береді, өздерінің көзқарасын білдіреді.
Ойлау мен эмоцияның гнесиологиялық негізі бір (Додонов 78, 24—
29) *. Ойлау процесінің негізі және түпкі мақсаты объектив дүние-
ні танып-білу, объектив дүниенің субъектив бейнесін жасау, олар
туралы дұрыс бағдар жасап, заңдылығын ашу. Эмоция болса сол
субъектив бейнелер негізінде, адамдар жасаған ортаға негізделіп
айналадағы дүниеге баға беру жатады. Бірақ эмоция кейде дүние-
ні дұрыс тануға себі тисе, кейде оған тосқауыл да болады.
Эмоциялы-экспрессивті мағыналы сөздердің лексикалық мағы-
насында тікелей денотаттық мағынамен байланыстың болуы қажет,
онсыз эмоция өмір сүре алмайды. Тіпті одағай сөздерде де сигни-
фикаттық мағынамен байланыс болады. Одағайлардағы сигнифи
кат нейтраль лексиканың элементтеріндегі сигнификаттан сәл
өзгешелеу характерге ие. Мысалы, жексүрын ұнатпауды білдіреді.
Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде оған «жеккөрінішті сұмпайы, сүй-
кімсіз» деп анықтама берген (КТСС 4, 54). Ең алдымен бұның ма-
ғыналарын бірнеше семаларға белуге болмайды. Екіншіден, затқа,
амал-әрекеттерге баға бергенде оның қасиеттері басқа заттың
қасиеттерімен салыстырылады, кейін ғана баға беріледі. Демек
заттардың белгілері, қасиеттері дерексізденеді. Мұнда ойдыц, ой
лау процесінің қызметі барлығы сөзсіз. Бұл өз жолымен сигнифн-
каттық мағынаның калыптасуына алып келеді.
Психолог-ғалымдар рационалды ойлаумен бірге эмоционалды
ойлаудың да болатындығын мойындайды (Проблемы 64, 137—
159) *. Рационалды ойлау объектив дүниені тура, дұрыс тануға
бағытталады да жеке адамдардың эмоциясы мен түрлі сезімдеріне
байланысты болмайды. Ал эмоциялық ойлау болса жеке адамдар-
дын ішкі дүниесімен, оның білімі мен табнғи талғамына, әлеумет-
тік көзқарасына байланысты болады. Кейде эмоция адамдардың
ұлттық және жас ерекшелігімен де байланысты болады деген ка
тила да бар. Қыскасы адамдардың ішкі дүниесін толкытатын, эмо-
циясына козғау салатын бірнеше себептер бар. Эмоция каншалыкты
индивидуалды сипатка ие болмасын оларда әлеуметтік мән болады.
122
Адамзат эмоциясында тарихи-әлеуметтік сипат болатындығын бір
оқиғаның белгілі бір кезде ұнамды, жағымды эмоцияны білдірсе,
екінші бір әлеуметтік жағдайда жағымсыз эмоцияны білдіру үшін
қолданылатындығынан да байқауға болады. Мысалы, Ұлы Октябрь
революциясынан бұрын ақсаусақ, төре, манап, мырза, сщсүйек
сөздері құрметтеу, жақсы көру мағынасында айтылса, қазіргі күн-
де жағымсыз эмоцияны білдіру үшін қолданылады. Сондай-ақ
Совет үкіметінің алғашқы жылдарында белсенді сөзі жағымды
эмоцияны туғызған болса, қазір асыра сілтеуді білдіріп, жағымсыз
эмоция туғызады.
Кез келген заттар мен құбылыстар, адамдар арасындағы түрлі
қарым-қатынастардың барлығы бірдей эмоция туғыза бермейді.
Эмоция туғызу үшін жеке адамның ынтасы, оларды танып-білудегі
мақсаты да болу керек. Сондықтан да кей адамға эмоциялық ықпал
еткен жағдайлар екінші бір адамға ондай сезім туғызбауы мүмкін.
Бұл, әрине, адамның табиғи ерекшелігіне де, өмір сүрген ортасына
да, көңіл-күйіне де, т. б. байланысты болады. Мысалы, көп бала-
лы үйде жасайтын адамға үйдегі айқай-шу ешқандай эмоция ту-
ғызбайды, оның оған көңіл бөлмеуі заңды, себебі ол оның дағдылы
тіршілігі. Егер баласы жоқ, жеке жасайтын адамның үйінде ай-
қай-шу шықса жағымсыз эмоция туғызатыны, жақтырмайтындығы
анық. Сондықтан да қазақта «Диірменде туған тышқан айқайдан
қорықпайды» деген мақал бар. Біздіңше, кез келген эмоцияның
индивидуалдық негізі болса да ол қоғамдық, әлеуметтік сипатқа
не болады, сол қоғам мүшелеріне түсінікті болады.
К- А. Левковская эмоциялық-экспрессивті сөздердің семанти-
калық құрылымын көрсету үшін семантикалық үш бұрыштан пай-
даланбастан ромбиктен пайдалануды ұсынып мынадай схема бер-
ген. Схеманың көрсетуінше, дыбысталу мен ұғым аралығындағы
эмоционалдық зона бар. Автор бұны арнайы көр-
сетіп, эмоционалды-экспрессивті лексикалардың
бір ерекшелігі деп белгілейді (Левковская 62,
162) *. Эмоционалды-экспрессивті лексикалардың
мағыналарында ондай элементтердің барлығы
анық, сондықтан оларды жеке топ ретінде бөліп
алғанбыз. Бірақ барлық эмоционалды-экспрес-
сивті сөздер К. А. Левковская көрсеткен схема-
ға семантикалық құрылымы жағынан сәйкес ке-
ле бермейді. Мысалы, малғүн, топас, кеще сияқ-
ты сөздердің мағынасының өзі эмоциядан ғана
тұратын сөздер болғандықтан оларды семанти-
калық кұрылымы жағынан екі қабаттан (эмо-
ционалдық элемент пен ұғым) құралмайды.
Г. В. Қолшанский «Эмоциялық мағынаға ие бол-
ған сөздердің мағынасын екі қабатты (ұғым —
эмоция — мағына) деп көрсетуге негіз жоқ, себебі ондай сөздердің
семантикасының өзі эмоциялық, адамның объектіге қарым-қаты-
насын көрсететін сипатқа ие»,— деп жазады (Колшанский 67,
197) *. Автор бұл пікірлерін екінші бір еңбегінде толықтырып:
123
«Егер тілдің мағыналық жағынан басқа, адамның санасына ыкпал
жасамай тікелей эмоция мен сезімге эсер ететін жасырын күш бол-
са, онда тілдің эмотивтік қызмет атқаратындығын логикалық жак-
тан мойындау керек. Бірақ тілде бұндай екі жақтылық (дуализм)
табиғатын жақтау ешқандай ғылыми фактімен дәлелденбеген. Бұл
материалистік көзқарастағы ғылым мойындамайтын тіл мен сана-
дағы рационалдық пен иррационалдықтың өзі ғана»,— дейді (Кзл-
шанский 63, 9) *. Г. В. Колшанскийдің пікірлерінің кей жерлеріне
қосылып, кей жерлеріне қарсы дау айтуға болады.
Шындығында да эмоционалды-экспрессивті сөздердің мағына-
сы екі қабаттан тұрмайды ма? Малғүн, топас, меіикей, сүмырай,
Достарыңызбен бөлісу: |