Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет83/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   94
етті, гүрсілде, т. б.
VIII. Эмоционалды етістіктер. Бұл топтағы етістіктер адамнын 
көңіл-күйімен, психологиялық қалпымен байланысты болады да 
мынадай семантикалық топтарға бөлінеді. 1. Таңдану етістіктері: 
таңоану, таңырқау, аузы ашылу, т. б. 2. Қуану етістіктері: шатта- 
ну, қуану, мәз болу, т. б. 3. Қанағаттану етістіктері: рахаттану, 
қанағаттану, көңлі толу, т. б. 4. Қайғы-мұц етістіктері: қапалану, 
қайғыру, қабырғасы қайысу, т. б.
IX. Қалып-сапа етістіктері. Бұл топтағы етістіктер адамнын не 
басқа заттардың табиғи күйін, қалпын білдіреді де бірнеше семан- 
тикалық топқа бөлінеді. 1. Созылыцқы амалды білдіретін етістік- 
тер: отыр, түр, жатыр, жүр, т. б. 2. Заттардың түсінің өзгеруімен 
байланысты қолданылатын етістіктер: қарай, сарғай, қызар, т. б.
3. Заттардың көлемінін өзгеруімен байланысты қолданылатын 
етістіктер: иіөк, тапалдану, мықыраю, т. б. 4. Заттардың сандық 
мөлшерінің өзгеруімен байланысты қолданылатын етістіктер: 
азай, көбей, молай, т. б. 5. Адамның не заттардың ішкі қасиеттері- 
нің өзгеруімен байланысты қолданылатын етістіктер: ірі, шірі, үгіл.
190


тоз, т. б. 6. Әдеттенуге байланысты етістіктер: әдеттену, үйрену, 
дағдылану, т. б.
X. Өсіп-өну етістіктері. Бұл топтағы етістіктер туу, өсіп-өну 
процестерімен байланысты болады да сан жағынан онша көп бол- 
майды. Оларға ту, төлде, қозыла, ботала, т. б. етістіктері жатады.
XI. Субъектив реңктерді білдіретін етістіктер. Бұл етістіктер- 
дің мағынасында эмоциялық реңк болады да айтушының не жа- 
зушының көзқарасын білдіреді. Оларға кісімсі, адамсы, аспанда, 
баласын, т. б. етістіктері енеді.
XII. Табиғн құбылыстарға байланысты етістіктер. Бұлар табиғи 
құбылыстарға байланысты қолданылатын етістіктерді қамтиды: 
азына, гуілде, борандату, найзағай түсу, т. б.
Мұндай жалпылауыш семаларына қарай сөздерді топтарға 
бөлу зат есімдерге, сын есімдерге байланысты да қолданылады. 
Зат есімдердің тематикалық тобының саны өте көп, сондықтан 
мысал ретінде ғана азын-аулақ үлгі береміз.
1. Туысқандық терминдері: ата, ене, ана, бала, қыз, қарын-
дас, т. б.
2. Дене мүше атаулары: бас, көз, қүлақ, к,ол, аяқ, бет, арқа, т. б.
3. Киім-кешек атаулары: тон, шапан, қалпақ, тақия, жейде, 
көйлек, т. б.
4. Төрт түлік мал атаулары: сиыр, қой, тоқты, саулық, гу­
сак,, т. б.
5. Жабайы аң атаулары: елік, киік, қүралай, марал, қүлан,
жайран, т. б.
6. Құс атаулары: қаріиыға, бүркіт, қарлығаш, үйрек, қаз, т. б.
7. Ыдыс-аяқ атаулары: пияла, кесе, зере, леген, шара, т. б.
8. Ауру атаулары: түмау, көкжөтел, маңқа, лоққы, сүзек, т. б.
Зат есімдерге қарағанда сын есімдердің тематикалық тобының
саны аз, сондықтан сын есімдерді тематикалық топтарға бөлуші- 
лер өте аз. Сын есімнің мынадай тематикалық топтары бар (үлгі 
ретінде береміз).
1. Заттың түсін білдіретін сын есімдер: ақ, көк, қара, торы, боз, 
күрең, шауқар, жирен, қүла, т. б.
2. Дәмді білдіретін сын есімдер: тәтті, ащы, қышқыл, қыш- 
қылтым, т. б.
3. Заттың көлемін білдіретін сын есімдер: дәу, ірі, үлкен, кі- 
ші, т. б.
4. Заттың салмағын білдіретін сын есімдер: ауыр, жеңіл,
зіл, т. б.
5. Заттың табиғи күйін білдіретін сын есімдер: қалың, сирек, 
жуан, жіңішке, селдір, қаба, ну, бітік, өсік, тықыр, т. б.
6. Заттық ішкі қасиетін білдіретін сын есімдер: жақсы, жаман, 
тәуір, жүйрік, алғыр, талантты, ынталы, жалқау, т. б.
7. Заттың не адамдардың физиологиялық сипатын білдіретін 
сын есімдер- семіз, арық, тырық, шолак,, ақсақ, т. б.
8. Адамның не жан-жануарлардың мінез-құлқына байланысты 
сын есімдер: асау, жуас, шадыр, бір бет, устамды, ашушаң, қор- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет