тін семаларымен байланысып жатады
(семір, аз, арықта, жүде,
майлан, т. б.) Демек архисеманың өзі турлі дәрежедегі семанти-
калық топтың топтастырылуына себепші болады. Тіпті, кейде, бір
сөздің бірнеше лексико-семантикалык топтың құрамына енуіне де
себепші болады. Салыстырыңыз:
қуану, шаттану, жылау, т. б. етіс-
тіктерін біреулер қалып-сапа етістіктерінің құрамына енгізсе,
екінші біреулер көңіл-күй етістіктерінің кұрамына енгізеді. Тео
рия жағынан ол екі адамның екеуі де дұрыс шешім жасаған.
Дифференциялды семаның да бір сөз мағынасында біреу не
бірнешеу болуы мүмкін. Бірақ бұдан сөз мағынасының құрамын-
дағы семалардың саны мүлде көп екен деген қорытындыға келмеу
керек. Егер сөзді лексикалық және грамматикалық мағыналардың
жиынтығы дейтін болсақ, онда сөздің мағынасында кемінде екі
не одан көп семаның болуы қажет. Орыс
тілінің етістіктеріндегі
семалардың катынасын арнайы зерттеген Л. М. Васильев сема-
ларға талдау жасай отырып, «Қозғалу етістіктеріндегі снпат
(вид — О.М.), етіс, рай, жақ, шақ сиякты грамматикалық оппози-
циялармен бірге, бағытты, бағытсыз козғалысты (идти — ходить,
лететь — летать), бір бағытты, көп бағытты қозғалысты (идти в
город — ходить в город), амал-әрекет етістіктері үшін — объекті-
лік; объектсіздік (работать — делать, учительствовать — учить),
психологиялық физиологиялық етістіктері үшін де объектілік,
объектсіздік және нәтижелі, нәтижесіздік семалары оппозицнясы,
физиологиялық, эмоциялык калып етістіктері үшін бұрыннан
бар, жаңа қалыптасқан (бодриться — взбодриться, волноваться —
взволноваться) семалары арқылы оппозиция жасайды»,— деп көр-
сетеді (Васильев 81, 35) *. Осы берілген цитатаның өзінен-ақ көрі-
ніп тұрған нәрсе сол семалардың саны біршама көп, бірақ түрлі
лексикалық мағыналардың санына карағанда аз. Дифференциалды
сема
осы мағыналардың ішінде болып, оның саны бірнешеу бола
алады. Оны анықтау үшін сол сөздің өзі мүше болған лексикэ-се-
мантикалық топтың баска мүшелерімен салыстыру керек. Өте
жақын семантикалық қатынаста болған парадигмалык катардын
мүшелері арасында да дифференциялы сема болады, бірақ баска-
ларға қарағанда аздау болады. Мысалы,
кел мен
кет етістіктерінін.
арасында бір ғана сема (бағыттық) дифференционалды сема қыз-
метін атқарып тұр. Яғни
кел дегенде козғалысқа түскен адам не
заттың белгілі бір нүктеге жақындағанын білдіретін мағына ацға-
рылса, кет дегенде алыстауды білдіреді.
Ата мен
ана сөздері де бір
ғана семалары арқылы ажыратылып жатады. Салыстырыңыз: ата
сөзінде 1) қандық туысқандык, 2) тікелей туысқандык, 3) жасы
үлкен, 4) еркек жынысты сияқты семалары бар. Ал
ана сөзі
ата
сөзінен бір сема арқылы бөлектеніп жатады,
ата еркек жынысты
болса,
ана эйел жынысты.
Ата мен
келін сөздерін салыстырып қа-
райтын болсак, онда бір ғана архисема бар да, бірнеше айырушы
сема бар.
Сөз мағынасының қалыптасуында кай сема негізгі қызмет
атқарады деген сұраудың тууы заңды. Қазақ тіл білімінде бұл
мәселе әлі арнайы зерттеу объектісі бола қойған жоқ. Орыс тіл
186
білімінде бұған Л. М. Васильев арнайы тоқталған. Ол сөздердің
мағынасын майда элементтерге бөле отырып, оны 1) өте қажетті
болған семалар, 2) қосалқы (факультативтік) қызмет атқаратын
семалар деп екіге бөледі. Қажетті семалар сөздің мағына құра-
мына енуі қажет және ол сөздің сигнификаттык мағына элемент-
терімен байланысты болады. Ал қосалқы
сема сөздердің денотат-
тык мағыналарымен байланысты болады да сөз мағынасының
құрамына толық енуі шарт емес. Соңғы типтегі семалар сөйлеу
процесі кезінде анықталады (Васильев 81, 25) *. Сондықтан да
сөйлеу кезінде қосалқы деген сема хабарлайтын информацияға
тиісті сөздің мағынасының ядросын жасауы мүмкін. Нақ осындай
сөз мағынасының құрамындағы семаларды негізгі және қосалқы
деп екіге бөлу шартты болу керек. Бірақ жеке алғанда сөздердіқ
семаларын олай екіге бөлу толығымен мүмкін. О. Н. Селиверстова
орыс тіліндегі
холостяк сөзіне семантикалық талдау жасай оты
рып: 1) адам, 2) ер жеткен, 3) еркек жынысты, 4) бұрын да,
қазір
де некеде тұрмаған семалары бар, олардың соңғысы шешуші деп
көрсетеді (Селиверстова 76, 131) *. Қазақ тіліндегі сөздерді де
семантикалық жақтан семаларға бөлгенде оларды да осылай
екіге бөлу мүмкін. Мысалы,
жорғала етістігінде 1) қозғалу, 2) жыл-
дам қозғалу, 3) жерде қозғалу, 4) бағытсыз қозғалу, 5) қозғал-
ғанда өте жайлы, козғалғаны білінбеу сияқты семалары бар. Бұл
семалардың ішінде жайлы, қозғалғаны білінбеу семасы — негізгі
мағынаға ядро болып тұрған сема. Кейде семалардың екеуі бірдей
мағынаның ядросын жасап тұруы мүмкін. Мысалы,
ата сөзінде
еркек жынысты және жасы үлкен семасы,
бала сөзінде ұрпақ жә-
не еркек кіндікті семалары негіз болып тұр.
Баска семалар сөз
мағынасының кұрамына енгенмен сөз мағынасының ядросын жа
сай алмайды, мағынаны толыктырып тұрушы қызметін аткарады.
Бұл жерде бір нәрсені ескеру керек сиякты. Семалар объектив
дүннедегі заттардың, көбінше, түйсік аркылы берілген информа-
циясына негізделінеді дедік, бірақ сөз мағынасын талдағанда сол
семалардың барлығы бірдей аныкталына бермейді. Екінші сөзбен
айтканда, сөздің мағына кұрамындағы сема мен сол сөзді туғыз-
ған түйсік аркылы кабылданған информация тең түсе бермейді;
не кен болады, не аз болады. Мысалы,
нан дегенде біз әйтеуір
тамактың бір түрін көз алдымызға келтіреміз, бірак арнайы көңіл
аудару
керек болмаса оның формасына, түсіне, дәміне мән бер-
мейміз. Егер бұл баска (тамақ атауы болмай) мағынада колда-
нылса, онын баска семалары барлығын да көруге болады. Салыс-
тырыңыз:
Ынсапсызға не керек, Істің ақ пен қарасьі, Нан таппай-
Достарыңызбен бөлісу: