120
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
Дюркгейм әлеуметтануындағы негізгі екі тақырып – әлеуметтіктің жеке-даралық-
тан басымдығы және қоғамның ғылыми тұрғыдан зерттелуі туралы идеясы. Бұл тақы-
рыптар оны әлеуметтік фактілер тұжырымдамасына әкелді. Әлеуметтік фактілерді эм-
пирикалық түрде зерттеуге болады, жеке адамның болмысынан тыс, адамға қатысты
мәжбүрлі және басқа да әлеуметтік фактілермен түсіндіріледі. Дюркгейм әлеуметтік
фактілердің материалдық және материалдық емес екі негізгі түрін анықтады. Ол үшін
аса маңызды тақырып әлеуметтік емес фактілерге қатысты болды. Соның ішінде мо-
ральдық, ұжымдық сана, ұжымдық көзқарастар және әлеуметтік бағыттар деген факті-
лерді терең талдады.
Дюркгейм
The Division of Labor in Society («Қоғамдағы еңбек бөлінісі») атты ең үлкен
еңбегінің бірінде ұжымдық сананың орнын жаңа еңбек бөлінісіне сәйкес тәуелсіз дербес
құрылған органикалық ынтымақтастық басатынын айтады. Ол түрлі құқықтық жүйе-
лерді талдау арқылы механикалық және органикалық ынтымақтастықтың арасындағы
айырмашылықты зерттеді. Механикалық ынтымақтастықты репрессивті заңдармен, ал
органикалық ынтымақтастықты қалпына келтіруге негізделген құқықтық жүйелермен
байланыстырады.
Дюркгеймнің келесі кітабындағы суицид туралы зерттеуі – оның еңбектеріндегі ма-
териалдық емес әлеуметтік фактілердің маңыздылығын дәлелдейтін жақсы мысал. Ол
өзінің негізгі себеп-салдарлық моделінде материалдық емес әлеуметтік факторлардың
өзгеруі, ақыр соңында, өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіштері айырмашылығының себеп-
тері болатынын айтады. Дюркгейм өз-өзіне қол жұмсаудың эгоистік, альтруистік, ано-
миялық және фаталистік төрт түрін анықтаған, әрқайсысының әлеуметтік бағыттардағы
әртүрлі өзгерістерге байланысын көрсетеді. Дюркгейм мен оның ізбасарлары өзін-өзі
өлтіру құбылысын зерттеу арқылы әлеуметтанудың әлеуметтік ғылымдарда заңды орны
бар екенін дәлелдеді. Жалпы алғанда, әлеуметтану өз-өзіне қол жұмсау әрекетін инди-
видуалды тұрғыда түсіндіре алатын болса, онда әлеуметтану «қоғамдық өмірдің басқа,
индивидуалды көрсеткіші төменірек аспектілерін қарастыруға пайдаланылуы мүмкін»
деген ойға әкеледі.
Дюркгейм өзінің
The Elementary Forms of Religious Life («Дін ұстанудың қалыпты фор-
малары»)
атты соңғы негізгі еңбегінде мәдениеттің тағы бір аспектісі – дінді қарасты-
рады. Дюркгейм қарапайым дінді талдай отырып, қоғамның әлеуметтік құрылымында
діннің шығу тегін көрсетуге тырысты. Бұл қоғам белгілі бір заттарды – қасиетті, ал бас-
қаларын зайырлы деп санайды. Дюркгейм діннің әлеуметтік шығу тегін қарапайым тоте-
мизмді және оның әлеуметтік құрылымындағы тамырын талдаумен көрсетті. Ол жалпы
процестің екі көрінісі – «дін мен қоғам – тұтас және өзара ұқсас» деп қорытындылайды.
Сондай-ақ осы еңбегінде білім әлеуметтануын ұсынды. Оның тұжырымдамасына сәйкес,
біздің негізгі түсініктеріміз және қалыптасқан саналық категорияларымыз – бастапқыда
діни рәсімдер арқылы қалыптасқан ұжымдық көзқарастар.
Дюркгейм кез келген түбегейлі өзгеріске қарсы болса да, оның негізгі моральға ден
қоюы қоғамдағы ұжымдық моральға әкеледі деп үміттендірген екі реформаны ұсынуға
себептесті. Балалар үшін Францияда балаларды тәрбиелеуге, қоғамға және автономияға
тәрбиелеуге бағытталған жаңа білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асырды. Ере-
сектер үшін ұжымдық моральды қалпына келтіруді және қазіргі заманғы еңбек бөлінісі-
нің ауытқушылық ауруларымен күресуде кәсіптік бірлестіктерді ұсынды.
Тарау Дюркгейм теорияларына айтылған бірнеше сыни пікірмен және оның қазіргі
кезде қолданылуымен аяқталады. Көптеген сынның оның құрылым дық функционализ-
мі, позитивизмі мен оның болжамды консерватизміне қатысы бар. Оның теориясы әлеу-
меттануда кеңінен қолданылады, сондай-ақ нәсілдік, ақпараттық және коммуникация-
лық тех нологиялардың пайда болуы сияқты заманауи әлеуметтік мәселелермен де өзара
сабақтасып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: