Алеуметтану тероиясы indb


I бөлім • Классикалық әлеуметтану теориясы Кәсіптік бірлестіктер



Pdf көрінісі
бет108/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

116
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Кәсіптік бірлестіктер
Жоғарыда айтып өткендей, Дюркгеймнің заманауи қоғамда көрген басты мә-
селесі интеграцияның және реттеудің жоқтығы болды. Табынушылық адамның 
ұжымдық бағытын ұсынса да, Дюркгейм адамның өзін сезінуі және олар жаса-
мауға тиіс нәрселер туралы айтып бере алатын қоғамдық ұйымдардың жоқты-
ғына сенді. Қазіргі заманғы мемлекет көптеген адамға әсер етуден тым алшақ. 
Шіркеу адамдардың ойлау бостандығын қудалау арқылы біріктіруге ұмты-
лады. Отбасы тым оқшау және жеке тұлғаларды қоғамға біріктірмейді. Көріп 
отырғанымыздай, мектеп – балалар үшін керемет ортаны қалыптастырды. Ал 
ересектерге Дюркгейм кәсіби бірлестік деген басқа мекемені ұсынды.
Шынайы моральдық міндеттемелер қазіргі қоғамның негізгі ұйымдасты-
рушылық қағидасына, еңбек бөлінісіне байланысты нақты топты талап етеді. 
Дюркгейм кәсіптік бірлестіктердің дамуын ұсынды. Белгілі бір салада істейтін 
барлық жұмысшылар, менеджерлер мен қожайындар кәсіптік және әлеуметтік 
сипаттағы бірлестікке бірігуі тиіс. Дюркгейм қожайындардың, менеджерлер 
мен өнеркәсіп қызметкерлерінің арасында негізгі мүдделер қақтығысы болға-
нына сенбеді. Бұл, әрине, Маркстің меншік иелері мен жұмысшылар арасында 
маңызды қақтығысты көргеніне қарама-қарсы түсінік еді. Дюркгейм кез кел-
ген мұндай қақтығыс тек түрлі құрылымға біріктірілген адамдардағы ортақ мо-
ральдың жоқтығынан пайда болады деп санайды. Ол осы интегративті мораль-
ды қамтамасыз ету үшін қажетті құрылымды – «бір саланың барлық агенттерін 
ұйымдасқан бір топқа айналдыратын кәсіптік бірлестік» деп атады (Durkheim, 
[1893] 1964:5). Мұндай ұйым, Дюркгеймнің пікірінше, қожайындар мен басқа-
рушылардың және жұмысшылардың арасындағы айырмашылықтарды күшей-
туге қызмет ететін кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінен ғана 
жоғары болды. Жалпыға бірдей ұйымға кірген осы санаттағы адамдар өздерінің 
ортақ мүдделерін, сондай-ақ интеграциялық моральдық жүйеге жалпы қа жет-
тілігін мойындайды. Бұл моральдық жүйе өзінің қабылданған ережелерімен, 
заңдарымен қазіргі қоғамда бөліну үрдісіне қарсы тұруға, сондай-ақ ұжымдық 
мораль маңыздылығының құлдырауын тоқтатуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет