Алеуметтану тероиясы indb


I бөлім • Классикалық әлеуметтану теориясы Мораль



Pdf көрінісі
бет106/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

114
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Мораль
Дюркгейм моральдық тәрбие және әлеуметтану туралы ашық дәрістер мен оқу 
курсын жүргізді. Ол ұзақ өмір сүрген жағдайда өзінің мораль жайын кеңінен 
қамтыған ауқымды ғылыми еңбегін жазып қалдырар ма еді? Дюркгейм байқа-
ған әлеуметтану мен мораль арасындағы арақатынасты әлеуметтанушылардың 
көбі бағалайды:
«Дюркгеймге моральдық, философиялық және интеллектуалды ортада 
басты назар аударылуы керек деп ойлағаным кездейсоқ емес. Бұл әлеу-
меттiк-тарихи жағдайға кәсiби алаңдаушылықпен қарай отырып, онтоло-
гиялық мәселелерге әлеуметтанудың араласуы қажеттiгiн көрсетедi. Егер
он немесе одан көп жыл бұрын көптеген әлеуметтанушылар «этика» мен 
«моральды» көп талқыға салмағанда, біздің қоғамның мем лекеттік және 
жеке секторларындағы аморальдық пен азғындықтың өсуі бізді мораль-
дық негізі идеалды және фактілі болатын заманауи қоғам сияқты фунда-
менталды сұраныстарға қайта оралуға үнсіз жетелеуі не месе мәжбүрлеуі 
мүмкін. Бұл Дюркгеймнің басты теориялық және экзис тенттік алаңдау-
шылығы болды».
(Tiryakian, 1974:769)
Айтып өткеніміздей, Дюркгейм моральға баса назар аударды, бірақ оның 
моральдық теориясын типтік категорияларға сәйкес жіктеу оңай емес. Бір жа-
ғынан, «этикалық ережелер басқа әлеуметтік фактілерге жауап ретінде өзгеруі 
керек» деп санайтын моральдық релятивизм өкілі болды. Екінші жағынан, дәс-
түрлі адам болғандықтан, жаңа мораль жасай алатынына сенбеді. Кез келген 
жаңа мораль тек біздің ұжымдық моральдық дәстүрлерден ғана шыға алады. Ол: 
«Моральды өзгерту үшін оны мұқият зерделеу қажет, оның үстіне, өзгертуден 
бұрын оған құрметпен қарау керек», – деп (Durkheim, cited in Bellah, 1973:хv) 
талап етті. Дюркгеймнің әлеуметтік моральдық теориясы бүгінгі күнге дейін мо-
ральға қатысты позициялардың басым бөлігін жоққа шығарады және дәстүрлі 
отбасылар мен танымал мәдениеттің моральдық мазмұны сияқты, қазіргі заман-
ғы пікірталастарға жаңа көзқарас қалыптастыру мүмкіндігін ұсынады.
Дюркгейм үшін мораль үш компоненттен тұрады. Біріншіден, мораль тәр- 
тіпті, яғни эгоистік импульстарға қарсы тұрған билік сезімін қамтиды. Мұн-
дай шектеу қажет. Өйткені жеке мүдделер мен топтық мүдделер бірдей емес 
және кем дегенде қысқа мерзімді конфликт тууы мүмкін. Тәрбие бір адамның 
моральдық борышына қайшы келеді, ол – Дюркгейм үшін қоғам алдындағы 
мін дет. Жоғарыда талқыланғандай, бұл әлеуметтік тәртіп индивидтерді бақыт-
тырақ етеді, өйткені ол мораль арқылы өзінің шексіз тілектерін шектей ді, сол 
себептен барынша көбірек нәрсені қажет ететін адамзат үшін бақытты болудың 
бірден-бір мүмкіндігін жасайды. Екіншіден, мораль қоғамға қосылуды білдіре-
ді, өйткені қоғам – біздің моральдық көзіміз. Мораль адамды толықтырады. 
Бұл – қойылған міндеттен гөрі дайын және қалаған тіркеме. Тандемде қарас-
тырылған, «(Дюркгейм) бір мезгілде міндет пен тілек ретінде есептейтін» бұл 
екі аспект моральдық міндеттеменің күрделі сипатын көрсетеді (Ogien, 2016:9, 
Calligaro, 2016).
Үшіншіден, мораль автономияны, яғни біздің іс-әрекеттерімізге жеке жауап- 
кершілік сезімін қамтиды. Дюркгеймнің қоғамға моральдық көзқарас ретінде 


115
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
қарауы – көптеген адамдарға оның мінсіз актор болып сырттай бақыланатын 
адам, яғни толықтай конформист саналуы. Алайда Дюркгейм актордың мұн- 
дай анықтамасымен толық келіскен жоқ: «Конформдық интеллектіні толық 
бағындыратын деңгейге жетуіне жол бермеу керек. Осылайша, ол соқыр және
құлдық болу керек деген тәрбие қажеттілігіне сенуден бас тартпайды» (cited in 
Giddens, 1972:113). Автономия – тек қазіргі заманғы моральдар мен символ дар-
дың құлдырауымен ғана бүгінгі кездің толық күші, бұл бұрынғы моральдық жүйе 
тәртіпті талап етеді және тіршілікті көтермелейді. Дюркгейм қазіргі уа қытта бұл 
аңыздардың жойылғанына сенген, ғылыми ойлау ғана моральдық автономияның 
негізін қамтамасыз ете алады. Атап айтқанда, заманауи мораль – Дюркгеймнің 
жаңа әлеуметтану ғылымы анықтаған жеке адамдар мен қоғам арасындағы қа-
рым-қатынасқа негізделуі керек. Осындай әлеуметтанулық та нымның шынайы 
моральға айналуының жалғыз жолы – білім беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет