Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет113/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

МАКС ВЕБЕР
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/1/16/Max_ W
eber_1894.jpg


126
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
МАКС ВЕБЕР 
Өзінің талаптылығының арқасында 1896 жылы Вебер Гейдельберг университетінің экономика 
ғылымдарының профессоры лауазымына ие болады. Алайда 1897 жылы Вебердің оқытушы-
лық мансабы шарықтау шегіне жетіп тұрған кезде әкесі дүниеден өтеді, екеуінің арасындағы 
кезекті кикілжіңнен кейін көз жұмады. Осы жағдайдан кейін артынша Веберде жүйке бұзы-
луына әкелетін қатерлі дерттің симптомдары пайда бола бастайды. Вебер жиі ұйқысыздыққа 
ұшырап, жұмыс істеу қарқыны төмендеп кетеді. Алты-жеті жыл ішінде оның жағдайы толық 
күйреуге ұшырауға жақын болады. Ұзақ уақыт өткеннен кейін денсаулығы біртіндеп оңала 
бастайды. 1904 жылы өзінің оқытушылық қызметіне қайтып оралады. Сөйтіп алты жарым жыл 
үзілістен соң өзінің алғашқы дəрісін оқиды (Америка Құрама Штатында). 1904–1905 жылдары 
Вебер өзінің ең танымал туындыларының бірі Protestant Ethic and the Spirit of Capitalism («Про-
тестанттық этика жəне капитализм рухы») еңбегін жарыққа шығарады. Бұл туындысында ол 
анасының дінін ғылыми тұрғыда талдаған. Вебер көп уақытын, өзі діндар адам болмаса да, 
дінді зерттеуге арнаған.
Өзінің психикасына қатысты мəселелердің толық шешілмегеніне қарамастан, Вебер
1904 жылы белсенді қызметке кірісіп, аса маңызды бірқатар туындыларын шығарып та үлгер-
ді. Ол əлемдік діндерді зерттеуін тарихи-əлемдік перспективада жариялайды (мысалы, Қытай, 
Үнді жəне ежелгі иудаизм). Өмірінің соңына қарай (1920 жылы 14 маусым ) өзінің Economy and 
Society («Экономика және қоғам») ([1921] 1978) атты аса маңызды туындысына кірісті. Алайда 
бұл кітап басылып, əртүрлі тілге аударылғанына қарамастан, аяқталмай қалған.
Көлемді еңбектер жазумен бірге, Вебер басқа да бірқатар іс-шаралар атқарды. Ол 1910 жылы
Неміс әлеуметтану қоғамының негізін қалауға ат салысты. Оның үйі кең ауқымды интеллек туал-
дар орталығына айналды, олардың қатарында Георг Зиммель, Роберт Мишель және өзінің аға-
сы Альфред Вебер секілді әлеуметтанушылар, сондай-ақ философ және әдебиеттанушы Георг 
Лукач (Scaff, 1989:186–222) болды. Сонымен қатар Макс Вебер саяси тұрғыда белсенді қызмет 
істеп, күнделікті тұрмыстық мәселелер жайында эсселер жазды.
Вебердің өмірінде түрлі қиындықтар болды, аса маңыздысы оның жұмысында әкесінің ұстанған 
бюрократиялық ойлары және анасының діни көзқарастары арасындағы қарама-қайшылықтар 
еді. Бұл түйіні шешілмеген түйткілдер оның жұмысымен қатар жеке өміріне де әсерін тигізді.
ниет құбылысы толығымен жойылып, кейіннен мүлде жаңа контексте қайтадан 
қалыптасады» ([1896–1906] 1976:366).
Неміс тарихи ғылымындағы бұл қарама-қайшы көзқарастарды жоққа шы - 
ғара отырып, Вебер екі бағыттың қосындысынан тұратын өзінің жеке перспек-
тивасын құрады. Вебердің ойынша, тарих (яғни тарихи әлеуметтану) инди-
видуалдықпен де, жалпылықпен де екіжақты бірдей байланыста. Біріктіруге – 
жеке тұлғаларды, жағдайларды немесе қоғамды зерттеуде – жалпылама түсі-
нік терді (кейінірек «идеалды типтер» деп атайды) қалыптастыру және оларды 
қолдану арқылы қол жеткізді. Бұл жалпы тұжырымдамалар «адамдарды бір-бі-
рінен ажырату үшін әрбір даму мен сипаттауды анықтау кезінде қолданылуы 
тиіс. Осылайша айырмашылыққа алып келген себептерді анықтауға болады» 
(Weber, [1896–1906] 1976:385). Осындай каузалдық талдау барысында Вебер, 
кем дегенде саналы деңгейде, барлық тарихи кезеңде бір себеп-салдарлы агентті 
іздеу идеясынан бас тартты.
1
Оның орнына аталған тарихи жағдайға байланыс-
ты әртүрлі факторларды себептік мәні тұрғысынан анықтау үшін өзінің концеп-
туалды арсеналын қолданды (G. Roth, 1971).


127
4-тарау

Макс Вебер
Вебердің тарихи әлеуметтану көзқарасы кейбір эмпирикалық тарихи мәлі - 
меттердің қолжетімдігі әрі өзінің зерттеуге бейімдігі арқасында ерте қа лып-
тасты. Ол әлемнің түрлі тарапындағы тарихи құбылыстар туралы шынайы 
ақпараттарға молынан қанық ғалымдардың алғашқы ұрпағының қатарында 
болды (MacRae, 1974). Вебер тарихтың негізгі күші туралы абстрактілі жал-
пылама ойлаудан гөрі тарихи деректерді тереңірек зерделеуге ынта танытты. 
Бұл оның кейбір маңызды түсініктерді пайымдауда көрегендік танытуына кө-
мектескенімен, оның жұмысын түсінуде де елеулі қиындық тудырды; тарихи 
деректерге еліккені соншалықты – ол тарихи зерттеудің негізгі себептерінен 
көз жазып қалды. Сонымен қатар оның тарихи зерттеулері көптеген дәуірлер
мен қоғамдарды қамтығаны соншалықты – көп ретте жалпылама долбармен 
шектеліп қалды (G. Roth, 1971). Осы мәселелерге қарамастан, Вебер эмпи ри-
калық құбылыстарды ғылыми тұрғыда зерттей отырып, Құрама Штаттардағы 
әлеу меттанудың дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Тұтас алғанда, Вебер «тарих нақты құбылыстардың сарқылмайтын жиын-
тығынан тұрады» деп есептеді. Осы құбылыстарды нақты әлемде зерттеу үшін 
пайдалы болатын түрлі түсініктерді әзірлеу қажет еді. Жалпы ереже бойынша, 
Вебер (байқап отырғанымыздай) және әлеуметтанушылар мен тарихшылар дың 
көпшілігі оны қатаң ұстанбағанымен, әлеуметтанудың міндеті нақты тарихи құ-
былыстарды себеп-салдарлық талдауда қолданатын ұғымдарды дамыту болды. 
Осылайша, Вебер әлеуметтік өмірдің күрделі табиғатын айқындайтын ғылым-
ды дамытуда нақты және жалпылама түсініктерді ұштастыруға ұмтылды.
Түсіну
Вебер әлеуметтанушылардың жаратылыстану ғылымы өкілдерінен артықшы- 
лығы бар екенін сезінді. Бұл артықшылық әлеуметтанушының әлеуметтік құ-
былыстарды түсіну (verstehen) қабілетінде болды, ал сол уақытта жаратылыс-
танушы атомның немесе химиялық қосылыстың іс-әрекеттері туралы мұндай 
түсінікке ие болмады. Бұл құбылысты түсіну үшін неміс тілінде түсіну сөзі 
қолданылады (Soeffner, 2005). Вебердің тарихи зерттеулеріндегі түсіну терми-
нін арнайы пайдалануы – қазіргі заманғы әлеуметтану әдіснамасына қосқан ең 
танымал және ең қайшылықты үлесінің бірі. Біз Вебердің түсіну арқылы не айт-
қанын түсіндіргенде, оның тұжырымдамасына қатысты кейбір мәселелерді атап 
өтеміз. Түсіну тұжырымдамасына қатысты пікір талас, сондай-ақ Вебердің сөзін 
түсіндіруге байланысты кейбір мәселелер оның әдістемелік ойлары мен жалпы 
ғылыми тұжырымдарынан туындайды. Томас Бургердің пікірінше, Вебердің 
әдістемелік тұжырымдары өте күрделі әрі онша жүйелі емес (1976, Hekman, 
1983:26). Неміс тарихшылары арасындағы танымал идеяларды қайталап отыр-
ғандай, самарқау, тиянақсыз баяндайды. Сонымен қатар, осы айтылғандай, Ве-
бер әдіснамалық ойларды аса жоғары бағаламаған.
Вебердің түсіну туралы ой-пікірлері өз уақытында неміс тарихшылары 
арасында кең таралған және ол герменевтика деп аталатын ілімнен алынған 
(R. Brown, 2005, M. Martin, 2000, Pressler and Dasilva, 1996). Герменевтика 
(hermeneutics) жарияланған жазбаларды түсіну мен түсіндіруге ерекше көз-
қарас болды. Оның мақсаты – автордың ойларын, сондай-ақ мәтіннің негізгі 
құрылымын түсіну. Вебер мен өзге де ғалымдар (мысалы, Дильтей Вильгельм) 
бұл идеяны мәтіндерді түсінуден әлеуметтік өмірді түсінуге дейін кеңейтуге 
тырысты:


128
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
«Біз тарихи әдіс – мәтіндерге емес, айқын әрекеттерге қолданылатын аз-
ды-көпті классикалық интерпретация тәсілі және адамзат құрылымын, 
бақыланып отырған оқиғалар «мағынасын» анықтауға бағытталған әдіс 
екенін түсінген соң, бұл әдістің жеке акторлар сияқты адамдардың өзара 
әрекеттесуіне де қатысты қолданылу мүмкіндігін қиындықсыз мойындар 
едік. Осы тұрғыдан алғанда, тарих – бұл әртүрлі тұлғалардың бәсекелес-
тік жоспарлары арқылы түсіндірілген
 өзара әрекет».
(Lachman, 1971:20)
Басқаша айтқанда, Вебер акторларды, өзара әрекеттесуді және шын мәнін-
де адамзат тарихын түсіну үшін герменевтика құралдарын қолдануға тырысты.
Түсіну туралы жаңсақ пікірдің бірі – ол зерттеушінің жай ғана «түйсігін» пай-
далану. Осылайша көптеген сыншылар оны «жұмсақ», ирра ционалды, субъек тив-
ті зерттеу әдіснамасы ретінде қарастырады. Дегенмен, Вебер түсіну симпатияға 
немесе эмпатияға қатысты тек қана түй сінуден тұрады деген идеяға түбегейлі 
қарсы болды ([1903–1917] 1949). Оның ойынша, түсіну мәтін немесе әлеумет-
тік құбылысты «сезінуді» емес, оны жүйелі және мұқият зерттеуді қамтиды. 
Басқаша айтқанда, Вебер үшін ([1921] 1978) түсіну зерттеудің рационалды про-
цедурасы болды.
Вебердің түсіну тұжырымдамасын түсіндірудегі басты мәселе – Вебердің 
жеке тұлғалардың субъективті жағдайына немесе талдаудың кең ауқымды бір-
ліктерінің субъективті аспектілеріне (мысалы, мәдениетке) қолдану қолайлы-
ғына қатысты ойы. Байқағанымыздай, Вебердің әрекеттің мәдени және әлеу-
меттік-құрылымдық контекстеріне назар аударуы түсіну макродеңгейдегі тал-
дау құралы екенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет