136
I бөлім
•
Классикалық
әлеуметтану теориясы
«Вебердің әлеуметтік әрекетті себеп-салдарлық түсіндірудегі (жеке) ма-
ғына мен мотивтердің маңыздылығына баса назар аударуы оның әлемдік
діндердің тарихи-салыстырмалы зерттеулерінде қолданатын шынайы
түсіндіру әдісімен сәйкес келмейді. Керісінше, Вебердің негізгі жұмыс-
тарындағы түпкілікті деңгей – мағына мен мотивацияның белгілі форма-
ларының тарихи маңыздылығына қол жеткізе алатын әлеуметтік-құры-
лымдық жағдайлар деңгейі».
(Fulbrook, 1978:71)
Ларс Удейн (1981) Вебердің әдіснамасы мен
оның зерттеу нысанына ай-
налған негізгі мәсе лелерді бөліп қарайды, олардың арасында конфликт немесе
кереғарлық бар екенін мойындай отырып, өз талдауында осы мәселеге назар
аударды. Удейннің (1981) пікірінше, Вебер «индивидуалистік
және субъекти-
вистік әдіснаманы» пайдаланады (1981:131). Соңғысы бойынша, Вебер адам-
ның не істеп жатқанына және неге олай жасауға мүдделі екеніне қызығушы-
лық танытады (олардың субъективті себептері). Біріншісінде, Вебердің жеке
тұлғалардың әрекеттеріне қатысты ұжымдық әрекеттерді қысқартуға мүд де-
лі екені көрінеді. Дегенмен өзінің негізгі әлеуметтануында (көріп отыр ғаны-
мыздай) Вебер үлкен ауқымдағы құрылымға (бюрократия немесе капи тализм
секілді) назар аударады және адамдар не істейтіндеріне
немесе неліктен олай
жасайтындарына көңіл аудармайды. Мұндай құрылымдар, Вебердің тұжыры-
мы бойынша, жеке тұлғалардың іс-әрекеттеріне қайшы келеді. Ал құрылым
ішіндегілердің іс-әрекеттері олардың өз мотивтеріне емес, құрылымдарына
қарай анықталады. Вебердің жұмысында үлкен қайшылық бар екеніне біз кү-
мәнданбаймыз, бұл бізді осы тараудың көп бөлігімен байланыстырады.
Осыған
байланысты Вебердің әлеуметтану анықтамасын келтірейік: «Әлеу-
меттану –
әлеуметтік әрекетті интерпретациялық түсіндірумен және оның сал-
дары мен себептерін түсіндірумен айналысатын
ғылым» ([1921] 1978:4). Бұрын
талқыланған тақырыптардың ішінде осы анықтамада айтылған немесе тұжы-
рымдалған тақырыптар:
«Әлеуметтану ғылым болуы керек».
«Әлеуметтану тарихи байланыстарға қатысты (бұл жерде, мүмкін,
Вебер
әлеуметтану мен тарихты біріктіреді)».
«Әлеуметтану интерпретациялық түсіндіруде
(verstehen) қолданылуы керек.
Біз енді Вебердің әлеуметтік іс-әрекеттер түсінігі арқылы нені білдіретінін
ұғамыз.
Достарыңызбен бөлісу: