140
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
пен таңдаулы орта қалыптастырады деп» ойлады (Mommsen, 1974). Вебер бе-
делді құрылымдар әр әлеуметтік институтта бар екенін және оның саяси көзқа-
растары осы құрылымдарды барлық жағдайларда талдауымен байланысты еке-
нін атап өтті. Әрине, олар оның мемлекеттік құрылымға
қатысты көзқарастары
үшін аса маңызды болды.
Вебер өзінің беделді билік құрылымдарын талдауын іс-әрекеттер сипаты ту-
ралы болжамдарына сәйкес келетін жолмен бастады. Ол
үстемдік түсінігін бы-
лай анықтады: «Кейбір нақты топтардың (немесе барлық топтардың) белгілі бір
адамдар тобына бағыну ықтималдығы» (Weber, [1921] 1978:212). Үстемдік әр-
түрлі негіздерге, заңды және заңсыз, сүйенуі мүмкін,
бірақ Веберді қызықтарға-
ны үстемдіктің заңды нысандары немесе
бедел деп аталған түрі болды (Leggewie,
2005). Рационалды, дәстүрлі және харизматикалық заңдылыққа негізделген
басты үш түрі Вебер әлеуметтануында басты рөл атқарды. Осы үш түрді анық-
тау барысында Вебер жеке әрекеттер туралы өзінің идеяларына сүйенді, бірақ
ол кең ауқымды билік құрылымдарына тез ауысып кетті.
Рационалды негізде бекітілген уәкілеттік «қабылданған
ережелердің заң дылы-
ғына және өкілеттік берілгендердің осы ережелерге сәйкес өкім шығару құқығына
деген сенімге» негізделеді (Weber, [1921] 1978:215).
Дәстүрлі негізде заңды түрде
бекітілген билік «ежелгі дәстүрлердің қасиеттілігіне деген сенім мен соларға сәй-
кес билікті жүзеге асырушылардың заңды әрекетіне бағытталған» (Weber, [1921]
1978:215). Ақыр соңында
харизмамен заңдастырылған бедел көшбасшылардың
әулиелігіне, үлгілік
сипатына, қаһармандығына немесе ерекше күшіне (мысалы,
ғажайып жасау қабілетіне), сондай-ақ олар орнатқан тәртіп жүйесіне деген ізба-
сарлардың адалдығына сүйенеді. Заңдастырушы биліктің барлық осы тәсілдері
жеке субъектілерді, ойлау үдерістерін (ілімдерді) және іс-әрекеттерді анық көрсе-
теді. Бірақ осы сәттен бастап Вебер бедел туралы ойлай отырып, легитимділіктің
осы түрлерінің негізінде орныққан билік құрылымдарын
талқылау кезінде көре-
тініміздей, жеке әрекет ету негізінен өте алшақ кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: