138
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
немесе басқа мінез-құлықтың құндылығы тек өз пайдасына деген саналы се-
німмен анықталатын» әрекет (Weber, [1921] 1978:24–25).
Аффективті әрекет
(Вебер аз көңіл аударған) актордың эмоционалды жағдайымен анық талады.
Дәстүрлі іс-әрекет (Вебер үшін айрықша маңызды болды) актор мінез-құлқы-
ның әдеттегі және дәстүрлі тәсілдерімен айқындалады.
Вебер әрекеттің төрт идеалды түрін бөліп саралағанымен, кез кел ген әрекет-
тің барлық төрт идеалды типтерін түгел қамтуы мүмкін екенін жақсы түсінді.
Вебердің пайымдауынша, әлеуметтанушыларға рационалды әртүрлілік әреке-
тін түсіну салт-дәстүр немесе аффекті басым болатын әрекеттерді түсінгеннен
гөрі әлдеқайда оңай екенін айтты.
Енді Вебердің әлеуметтік стратификация туралы немесе оның таптар, мәр-
тебелер және партиялар (немесе билік) туралы танымал идеяларына назар ау-
дарамыз. Оның стратификация жайлы талдауы – Вебер іс-әрекет теорияшысы
ретінде жұмыс жасаған салаларының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: