135
4-тарау
•
Макс Вебер
дарға әртүрлі құндылық позицияларының арасында таңдау жасауына көмек-
тесудегі әлеуметтік ғылымдардың рөлі туралы идеясы. Негізінен, Вебердің
пікірінше, балама құндылық ұстанымдарында ғылыми таңдау жасау мүмкін
емес. Сондықтан әлеуметтанушылар адамдар үшін мұндай таңдау жасауға жол
бере алмайды. «Қатаң эмпирикалық ғылымдар болып табылатын әлеумет-
тік ғылымдар адамдарды таңдау жасау қиындығынан құтқаруға аз бейімдел-
ген» (Weber, [1903–1917] 1949:19). Әлеуметтік ғалым әлеуметтік зерттеулер-
ден бел гілі бір нақты қорытынды шығара алады, бірақ бұл зерттеу адамдарға
не істеу «керектігін» көрсетпейді. Эмпирикалық зерттеулер адамдарға ақыр
соңын да адекватты құралдарды таңдауға көмектеседі, бірақ ол басқа мақсаттар-
ға қар сы мақсатты таңдауға көмектесе алмайды. Вебердің айтуынша: «Тікелей
прак тикалық қызметтің бағыттары анықталатын міндетті нормалар мен идеал-
дарды қамтамасыз ету ешқашан да эмпирикалық ғылымның міндеті бола ал-
майды» [(1903–1917) 1949:52].
Достарыңызбен бөлісу: