Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет120/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Тап, мәртебе және партия 
Осы талдаудың маңызды аспектісі – Вебердің стратификацияны экономика-
лық факторлар (немесе таптар, Вебер терминдерінде) деңгейіне дейін түсі-
ру ден бас тартуы және оны көп өлшемді құбылыс ретінде қарастыруы бо лып
табылады. Осылайша қоғам экономика, мәртебе және билік негізінде страти-
фикацияланады. Нәтижесінде адамдар стратификацияның осы өлшемдерінің 
бір немесе екеуіне – жоғары, басқасына (басқаларына) төмен баға беруі ықти-
мал. Бұл стратификацияны белгілі бір экономикалық жағдайдың өзгеруіне жай 
аудара салудан (кейбір марксистер сияқты) гөрі, әлеуметтік стратификацияны 
әлдеқайда жүйелі түрде талдауға мүмкіндік береді. 
Таптан бастап Вебер өзінің іс-әрекет бағытын ұстанды және тап қауымдас - 
тық емес екенін айтады. Сірә, тап – жағдайлары ортақ, көбінесе топтық іс-әре-
кеттердің ұйтқысы болатын адамдар тобы (K. Smith, 2007). Вебер төменде көр-
сетілген үш шарт орындалған кезде «таптық жағдай» («class situa tion») пайда 
болады деп санайды:
1) кейбір адамдардың өмірлік мүмкіншіліктерінің бірегей себеп-сал-
дарлы құрылымы бар; 2) бұл компонент тауарларға иелік ету мен пай-
да көру мүмкіндіктеріне негізделген экономикалық мүддені білдіреді;
3) тауар немесе еңбек нарығы жағдайларында ұсынылады. Бұл – «таптық 
жағдай».
(Weber, [1921] 1978:927)
«Тап» ұғымы бір таптық жағдайдағы адамдардың кез келген тобына жата-
ды. Осылайша тап – қауымдастық емес, бірдей экономикалық немесе нарықтық 
жағдайдағы адамдар тобы.
Тапқа қарағанда мәртебелі топтар әдетте аморфты болса да, қауымдастық-
тарға жатады. «Мәртебелік жағдай», Вебердің анықтамасы бойынша, «абы-
рой ерекше, оң немесе теріс әлеуметтік бағалаумен анықталған адамдардың 
өмір сүруінің әдеттегі компоненті» ретінде қарастырылады ([1921] 1978: 932). 
Жалпы ережеге сәйкес мәртебе өмір стилімен өзара байланысты. (Мәртебе – 
өндірілген тауарлардың тұтынуына, ал тап – экономикалық өндірумен байла-


139
4-тарау

Макс Вебер
нысты). Мәртебе иерархиясының жоғарғы сатысындағылар төменгі сатыда-
ғыларға қарағанда өзгеше өмір салтына ие. Бұл жағдайда өмір салты немесе 
мәртебе таптық жағдаймен байланысты. Бірақ тап пен мәртебенің бір-бірімен 
байланысы міндетті емес: «Ақша және кәсіпкерлік позиция мәртебе болып 
саналмайды, дегенмен сол мәртебеге алып келуі мүмкін; ал мүліктің жоқты-
ғы мәртебені дисквалификациялау емес, бірақ бұл оған себеп болуы мүмкін» 
(Weber, [1921] 1978:306). Тап пен мәртебе арасындағы байланыстың күрделі 
жиынтығымен бірге партиялар өлшемін қосқанда, ол одан да күрделірек бола 
түседі.
Таптар экономикалық жағдайда және мәртебелі топтар әлеуметтік жағдайда 
болғанымен, партиялар саяси жағдайда болуы мүмкін. Вебердің пайымдауын-
ша, партиялар – «әрдайым билік ету үшін күресетін құрылымдар» (Gerth and 
Mills, 1958:195; italics added). Осылайша, партиялар – Вебердің стра тификация 
жүйесінің ең белсенді элементтері. Вебер партиялар туралы кең ауқымды ойла-
ғанда, олардың тек мемлекетте ғана емес, сонымен бірге әлеу меттік топтарда да 
болуы мүмкін түрлерін атайды. Партиялар әдетте тапты немесе мәртебелі топ-
тардың мүдделерін қорғайды. Нені қорғайтынына қарамастан, партиялар билік-
ке қол жеткізуге бағдарланған.
Ол кездері Вебер әлеуметтік стратификация туралы өзінің идеясындағы 
әрекет ету тәсіліне жақын болғанымен, бұл идеялар макродеңгейдегі қауымдас-
тықтар мен құрылымдар бағытындағы қозғалысты әлдеқашан көрсетті. Көпте-
ген басқа жұмыстарында Вебер осындай кең ауқымды талдау бірліктеріне назар 
аударды. Бұл – Вебер іс-әрекеттен көз жазып қалды дегенді білдірмейді; актор 
әрдайым Вебер дің назарында болып, көптеген кең ауқымды күштермен анық-
талатын тәуелді айнымалыға айналды. Мысалы, көріп отырғанымыздай, Вебер 
жеке кальвинистер нормалары, құндылықтары мен өз діни нанымдары бойын-
ша әртүрлі әрекеттер жасауға мәжбүр болғанына сенді, бірақ ол индивидтерден 
гөрі акторды түрткілейтін ұжымдық күштерге ден қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет