Алеуметтану тероиясы indb


I бөлім • Классикалық әлеуметтану теориясы Қытайдағы дін мен капитализм



Pdf көрінісі
бет135/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

162
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Қытайдағы дін мен капитализм. Веберге Батыс пен Қытайды салыстыруға 
мүмкін дік берген болжамдарының бірі – осы екеуінде де капитализмді дамы-
тудың алғышарттары болуы. Қытайда қарқынды иелену және жосықсыз бәсе-
келестік дәстү рі болды. Үлкен индустрия және халықтың жұмыс істеуі үшін 
мол мүм кіндіктер бар. Күшті гильдиялар болған. Халық көбейе түсті. Қымбат 
бағалы металдарға қызығушылықтың тұрақты өсуі байқалды. Осы және басқа 
да материалдық алғышарттар бола тұра, неге Қытайда капитализм пайда бол-
мады? Бұған дейін айтылғандай, Вебердің қорытынды жауабында Қытайдағы 
әлеуметтік, құрылымдық және діни кедергілер капитализмнің дамуына жол 
бермеді. Бұл – капитализм Қытайда мүлде болған жоқ деген сөз емес (Love, 
2000). Пайда табудың жоғары қарқынын іздеген өсім алушылар мен жеткізу-
шілер болды. Бірақ нарық, сондай-ақ рационалды капиталистік жүйенің басқа 
компоненттері болмады. Вебердің пікірінше, Қытайдың қалдықты капитализмі 
«рационалды экономикалық корпоративтік кәсіпорындардың дамуына қара-
ма-қарсы бағытта болды» ([1916] 1964:86).
Құрылымдық шектеулер. Вебер Қытайдағы капитализмнің өсуіне бірнеше құ-
рылымдық кедергілерді тізіп көрсетті. Біріншіден, Қытай қоғамы қауымдастық 
құрылымға негізделді. Ол біркелкі қатаң туыстық байланыстар негізінде құ-
рылды. Туыстарға дәстүрлі діни қамалдар жасаған ақсақалдар басшылық етті. 
Туыстар өздеріне тән кәсіппен айналысты, басқалармен көп шаруасы болмады. 
Бұл қатынас нарыққа, экономикаға емес, шағын, бекітілген жер қожалығы мен 
үй шаруашылығына негізделді. Жерді кеңінен бөлу ірі технологиялық дамуға 
жол бермеді, өйткені ауқымды экономика мүмкін емес еді. Ауылшаруашылық 
өндірісі – шаруаларда, ал өнеркәсіптік өндіріс шағын қолөнершілердің қо-
лында қалды. Батыс капитализмінің қозғаушы күші болған заманауи қалалар 
дамуы тежелді, өйткені адамдар туыстарына деген адалдығын сақтап қалды. 
Туыстардың автономиясына байланысты орталық билік ешқашан бұл бөлім-
шелерді тиімді басқара алмады және оларды бүтіндей тұтастыққа айналдыр-
мады. Қытай мемлекетінің құрылымы капитализмнің өсуіне тағы бір кедергі 
болды. Мемлекет рушылдыққа негізделді, сондай-ақ салт-дәстүрмен, айрықша 
құзыретпен және туыстықпен басқарылды. Вебердің пікірінше, индустриал-
ды даму үшін қажетті басқару және құқық қорғау органдарының рационалды
тиімді жүйесі болмады. Сауда-саттықты қамтитын ресми заңдар өте аз болды, 
орталық сот болмады және құқықтық формализм қабылданбады. Бұл әкімші-
лік құрылымның иррационалдық түрі капитализмнің өсуіне тосқауыл болды,
себебі, Вебер айтқандай: «Индустриядағы күрделі салымдар мұндай иррацио-
налды ережеге сезімтал және басқарудың мұндай түрінде пайда болуы үшін,
мемлекеттік аппараттың тұрақты және рационалды жұмысын есептеу мүмкін-
діктеріне тым тәуелді болады» ([1916] 1964:103). Жалпы құры лымынан бас-
қа мемлекеттің көптеген нақты компоненттері капитализмнің дамуына қарсы 
әрекет жасады. Мысалы, бюрократиялық әкімшіліктегі ла уазымды тұлғалар-
дың материалдық мүдделері болды, бұл оларды капитализмге қарсы тұруға 
мәжбүр етті. Шенеуніктер көбінесе пайда табу үшін кеңселерді сатып алды 
және мұндай бағдарлау жоғары тиімділікке қолбайлау болды.
Капитализмнің өсуіне үшінші құрылымдық кедергі қытай тілінің сипа ты
болды. Вебердің пікірінше, ол жүйелі ойлауды қиындату арқылы рационалдыққа 
қарсы әрекет етті. Ол, негізінен, «бейнелеу» және «сипаттау» сала ларында қалды. 


163
4-тарау

Макс Вебер
Логикалық ойлау да қысымға түсті, себебі интеллектуалды ой көбінесе өсиет әңгі-
мелер түрінде қалды және бұл білімнің жиынтық базасының қалыптасуына негіз 
болды. Капитализмнің өсуіне басқа құрылымдық кедергілер болғанымен (мыса-
лы, соғыссыз немесе сыртқы сауда жасайтын ел), басты фактор қажетті «ділдің», 
идеялар жүйесінің болмауы болды. Вебер Қытайдағы діни идеяның басым екі не-
гізгі жүйесін – конфуцийшілдік пен даосизмді және капитализм рухын дамытуға 
қарсы тұрған екеуінің де сипаттамаларын қарастырды.
Конфуцийшілдік. Конфуцийшілдік ойлаудың басты сипаты кеңсе мен әлеу меттік 
мәртебе үшін алғашқы жағдай ретінде әдеби білімге екпін беру болды. Билеуші 
страталарда орынға ие болу үшін адамның әдебиеттанушылар қа уы мының мү-
шесі болуына тура келді. Иерархия бойынша жоғары жылжу кеңсе ісін жүргі-
зуге қажетті техникалық білімге емес, әдеби білімін тексеретін идеялық жүйеге 
негізделген. Бағалау сынағында адам ақыл-ойының мәдениетке қаншалықты
сіңімділігі және оның мәдениетті адамның ойлау ерекшеліктеріне сәйкестігі та-
разыға тартылды. Вебердің көзқарасы бойынша, конфуцийшілдік «жоғары кіта-
би әдеби білімге» үндеді. Осы жүйе бойынша білім алған сауатты адамдар бағы-
нышты адамдарға жүктелетін тапсырмалардың астарындағы басқарудың нақты 
сипатын көрді. Керісінше, әдебиеттанушылар, өз кезегінде, зияткерліктің таза 
әдеби түрлері – тапқырлыққа, сөз ойнатуға, эвфемизмдерге, классикалық дәйек-
сөздерге ұмтылды. Осы бағдарды ұстанған әде биеттанушылар экономиканың 
жай-күйімен де, экономикалық қызметпен де айналысуға онша құлықты бол-
мады. Конфуцийшілердің дүниетаным дық көзқарасы ақыр соңында мемлекет 
саясатына айналды. Нәтижесінде Қы тай мемлекеті экономикаға және қоғамға 
рационалды түрде әсер ететін қызмет түрлеріне мини малды түрде қатысады. 
Конфуцийшілер шенеуніктер ғана қызмет ете алатыны туралы конституциялық 
қаулы бекітіп, конфуцийшілерге (мысалы, буржуазияның, пайғамбарлардың 
және діни қызметкерлердің) бәсекелестері үкіметте қызмет етуге тосқауыл қой-
ды. Шын мәнісінде, егер император осы ережеден ауытқуға батылдық танытса, 
оның апатқа ұшырауы және құлдырауы ықтимал деп ойлаған.
Конфуцийшілдіктің басқа да көптеген компоненттері капитализмге қарсы 
әрекет етті. Бұл, негізінен, әлемге, оның тәртібіне және конвенцияларына бейім-
делу этикасы болды. Материалдық байлық пен басқа да игіліктерді кальвинистер 
секілді құтқару белгісі ретінде көрудің орнына, конфуцийшілер заттарды өз кү-
йінде қабылдады. Шын мәнінде, конфуцийшілдікте құтқарылу туралы идея жоқ 
еді және осы дін мен әлем арасында бұл шиеленістің болмауы да капитализмнің 
өсуін тежеді. Көрсеқызар конфуцийшілге ақша үнемдеуден бас тартуға тура келді, 
себебі ол кеңінен таралған нәрсе еді. Пуритандық еңбек этикасынан айырмашы-
лығы – конфуцийшілдің жұмыс істеуі дұрыс деп есептелмеді, бірақ байлық, мүлік-
ке ие болды. Табысты кәсіпкерлікке белсенді араласу моральдық жағынан күмән 
тудырды және конфуцийшілдің ойларымен үйлеспеді. Мұндай конфуцийшілдің 
лайықты мақсаты жақсы табыс емес, жақсы позиция болды. Этика дамушы ка-
питалистік жүйеге пайдалы бола алатын жоғары мамандандырылған дағдыларға 
қарағанда, конфуцийшілдің қабілеттерін ерекше атап өтті. Сайып келгенде, Вебер 
айтқандай, этика конфуцийлік дәстүрдің үздіксіз канонизациясына айналды. 
Даосизм. Вебер даосизмді ең жоғары игілік шынайы әлемдегі жүріс-тұрыстың 
нәтижесі ретінде қол жеткізуге болатын бақыт нұрына бөлену емес, психика 


164
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
күйі, ақыл жайы деп саналған мистикалық қытай діні ретінде қабылдады. Нә-
тижесінде даосизм өкілдері сыртқы әлемге әсер ету үшін рационалды әрекет 
етпеді. Даосизм дәстүрлі болды және оның негізгі қағидаларының бірі «иннова-
цияларды енгізбеу» болды (Weber, [1916] 1964:203). Мұндай идеялық жүйе, ка-
питализмді айтпағанда, белгілі бір маңызды өзгерістерді тудыруы екіталай еді.
Даосизм мен конфуцианизмге тән ортақ ерекшеліктердің бірі – ешқайсысы 
осы әлемдегі көптеген жаңашыл іс-әрекеттерге ынталандыру үшін өз мүше ле-
рінің арасында шиеленіс пен қақтығыс туғызбады:
«Формалды мемлекеттік дінде де, даосистік аспектісінде де қытай дін-
шілдігі пуритан әдісі сияқты жеке адам үшін діни бағдарланған өмірге 
жеткілікті түрде ықпал ете алмады. Діннің екі түрінде де, Құдайдан қор-
қатын Қытай өзін құтқару үшін қарсы шығатындай, қара күштің немесе 
зұлымдықтың ізі болмады».
(Weber, [1916] 1964:206)
Конфуцийшілдікке қатысты айтылғандай, даосизмде әлемді өзгертуге не - 
месе нақты айтқанда, капиталистік жүйені қалыптастыруға акторларды ынта-
ландыратын күш жоқ еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет