Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет162/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Қазіргі қолданылуы
Зиммель бөлшектелген немесе жүйелі ойшыл болып сипатталса да, бәрібір 
оның ойлары көптеген заманауи мәселелерді түсіну үшін қолданылады. Осы 
бөлім нің басында айтқандай, Чикаго мектебі Зиммельді микроәлеуметта-
ну дағы түсініктері үшін жоғары бағалаған. Зиммельдің микрофокусталған 
«инте р ак цио низмі» әлі де өзектілігін жоймағандықтан, заманауи әлеумет-
тану оны басқа жолдармен қолданды. Оның мәдениет туралы, әсіресе өнер 
мен (Simmel, [1916], 2005) дін жайындағы (Silver and O’Neill, 2014; Simmel, 
1997) жазбалары мәдени әлеуметтанушылардың зор қызығушылығын ту-
ғызды. Іс жүзінде Зиммель өзінің аздаған импрессионистік және фрагмен-
талды жазу стилін тамаша үйлестіріп, назарды мәдениетке аударды, бұл оны 
1980 және 1990 жылдардағы постмодерндік әлеуметтанушылар арасында 
танымал етті (Weinstein and Weinstein, 1993). Кеңістік пен қаланы зерттеу-
ші әлеумет та нушылар Зим мель дің метрополия мен ақыл-ой өмірі туралы 
эссесіне жиі сілтемелер жасайды, сонымен қатар Зиммельдің физикалық ке-
ңістіктің: есік кенересі, көпірдің адам қарым-қатынасы үшін маңызы туралы 
бұрын бей мәлімдеу шығармаларына сүйенеді (Scaff, 2009).
Нақтырақ айтқанда, Зиммель еңбегі XXI ғасырдағы сандық техноло-
гиялардың жеке өмірге қол сұқпаушылық, құпиялық және жеке сәйкестік 
сияқты әлеуметтік құбылыстарында қолданыс тапты (G. Marx and Muschert, 
2009). Осыған дейін айтылғандай, құпия «жария ету немесе жасыру бол-
сын, ақпаратты игеруге деген ұмтылысты» қамтиды (G. Marx and Muschert, 
2009:221). Заманауи технологиялар ақпаратты жасыру және жария ету мүм- 
кіндігі бар жаңа әдістер енгізуде. Интернет форумдар адамдарға мүлдем 


202
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
бейтаныс, бәлкім, ешқашан бетпе-бет кездеспейтін адамдармен жеке ақпа-
рат пен пікір бөлісуге мүмкіндік туғызады. Электронды поштаны шифрлау 
құпия ақпаратқа қолжетімдікті бақылауға мүмкіндік береді. Г. Маркс пен 
Мушерт (G. Marx and Muschert, 2009:226): «Егер Зиммель заманауи әмбе-
бап дүкенге келіп, өзінің видеомонитордағы бейнесін көрсе, дауыс зорайт-
қыштағы жарнаманы естіп, бақылаушыға дисконт картасын ұсынып, жеке-
леген (немесе салаландырылған) заттарға жеңілдіктер болатыны туралы тү-
біртек хабар ламасын алса қайтер еді?» – деген сауал қояды. Бұдан былайғы 
жерде қандай да бір құпияңыз тек бетпе-бет кездескен адамға айтқаныңызда 
ғана ашылатын қасиетін жоғалтты; себебі ендігі жерде құпияны сақтау үшін 
күнделікті өмрдегі ақпарат жүйесін білу қажет; мәселен, Facebook-тегі жеке 
парақшаңызды бөгде біреудің бұзып, кіріп кету қаупі әрдайым бар және 
мемлекет бұған қатысты биометриялық бақылау техноолгиясын қолданып 
отыр. Адам осындай әлеуметтік ортада жеке және бұқаралық құпия арасын-
дағы айырмашылықты қалай реттеуі керек? Жеке ақпаратты үнемі рұқсат-
сыз пайдаланатын технологиялардың анталаған тұзағында құпияны қалай 
сақтауға болады? Зиммельдің бастапқы тұжырымдамасы өзекті болып қал-
ғанымен, құпиялық және өзін-өзі әшкерелеу мәселесі Зиммель болжамаған 
деңгейге көтеріліп барады.
Таяу уақыттағы зерттеулер заманауи жаһандану мәселесін түсіну үшін 
Зиммель теориясын қолданды. Жаһанданудың басқа ерекшеліктерімен қа-
тар, адамдардың иммиграция, уақытша жұмыс және туризм, халықаралық 
шекаралар арқылы жылдам орын ауыстыру мәселелерін қамтиды. Зиммель-
дің танымал «бейтаныс адам» жайлы эссесі осы жаһандық процестерден 
пайда болатын әлеуметтік қарым-қатынас жайлы ой қозғауға септесуі мүм-
кін. Мысалы, Агнес Хеллер жасаған айырмашылықтарға сүйене отырып, 
Джон Рунделл (John Rundell, 2014) шартты бейтаныс пен күтпеген бейта-
ныс арасындағы айырмашылықтарды келтіреді. Шартты бейтаныстардың 
өздері қайтып орала алатын үйлері болады. Оларға еңбек етуші мигранттар, 
сарбаздар мен туристер жатады. Босқындар сияқты күтпеген бейтаныстың 
қайтып барар үйлері бол майды. Жаһандануды зерттеудегі басқа маңызды 
түсінік – космополитизм. Космополит – өзін әлем азаматы деп есептейтін 
адам. Олар адамдар легімен, ағыммен және әлеуметтік әртүрлілікпен сипат-
талатын қоғамда қолайлы (әсіресе қалалық кеңістікте). Зиммель тек қана 
космополиттік қала лардағы өмірді сипаттап қоймай ([1903] 1971), космо-
политтілікті немесе, Котестаның (2009) айтуынша, адамзаттың «жаһандық» 
идеалын қолдайды. Бұл жердегі космополиттік идеал дегеніміз – барша 
адамға тән бірегей индивидуалды қасиетке ие адам. Заманауи жаһандану 
процестері индивидуалдықты жоятыны рас (Ritzer, 2004), айырмашылық-
ты мойындау бір-бірін құрметтеп бағалауға емес, нәсілшілдік пен басқа да 
зорлық формаларына әкеп соғады. Дегенмен Котеста Зиммельдің еңбектері 
шығармашыл және өркениетті «жаһандық адамзатты» қалыптастыруға қа-
жетті әлеуметтік алғышарттардан бастау алатынына күмән келтірген.


203
5-тарау

Георг Зиммель
Георг Зиммель еңбектері көптеген жылдар бойы америкалық әлеуметтану теориясына 
әсер етті. Бұл әсер етудің түпқазығы – микроәлеуметтанудан жалпы әлеуметтану тео рия-
сына жылжу, «Зиммель еңбектері ортақ теориялық тәсілді қамтиды» деген идея болды. 
Зиммель әлеуметтануы әлеуметтік және индивидуалды деңгейлерді байланыстыратын кең 
ауқымды диалектикалық теорияға біріктірілген. Оның еңбектерінде мазасыздықтың төрт 
негізгі деңгейін ұштастырамыз: психологиялық, интерактивтік, құрылымдық және инсти-
туттық, сонымен қатар өмірдің шеткі метафизикасы.
Зиммель диалектикалық бағдармен жұмыс жасаған және біз оның диалектикалық 
мәселелерін түрліше көрсетеміз. Олардың өзара қарым-қатынас формасында, нақтырақ 
айтқанда, сәнде қалай көрініс табатынын байқаймыз. Сондай-ақ Зиммель индивидуалды 
және әлеуметтік құрылымдар арасындағы шиеленіске қызығушылық танытқан, алайда 
оның басты мәселесі индивидуалды және объективті мәдениет арасындағы шиеленіс бол-
ды. Зиммель өзінің философиясы мен әлеуметтануын өмірдің ағымы мен ағысы ретіндегі 
теориясымен негіздеді. Өмір – диалектикалық процесс, онда өмір формамен қарым-қа-
тынасқа түседі. Зиммельдің түсіндіруінше, өмір өзінен тыс өрбитін тарихи траекторияны 
сәйкестендіреді, өмір сан қырлы, яғни ол тоқтаусыз өзгеріске ұшырап отырады, субъектив-
ті мәдениет объективті мәдениеттен басым болады. Бұл бөлімнің негізгі бөлігі Зиммельдің 
әлеуметтік шындықтың төрт деңгейіндегі ойларына арналған. Ол бұл жайында жазбаса 
да, оның индивидуалды сана туралы көптеген пайдалы болжамдары болған. Зиммель ин-
дивидуалдықты эстетикалық және идеал тұрғысынан бағалады, себебі ол адамдарға өзінің 
шығармашылық қасиеттерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Оның қарым-қатынас 
формалары мен қарым-қатынас түрлері туралы әлдеқайда көп ұсыныстары болды. Фор-
малды әлеуметтануда Зиммельдің әлеуметтік геометрияға деген, мысалы адамдар санына 
деген, үлкен қызығушылығын көреміз. Бұл тұрғыда Зиммельдің диададан триадаға өту-
дің шешуші мәні туралы еңбегін қарастырамыз. Бір адамның қосылуымен біз диададан 
триадаға өтеміз, сонымен бірге жеке және доминантты бола алатын индивидтер үлкен мас- 
штабты құрылымдарға айналып, дамуы мүмкін. Бұл шиеленіс пен адам және үлкен қо-
ғам арасындағы қарама-қайшылықтардың туындауына мүмкіндік береді. Өзінің әлеумет-
тік геометриясында Зиммель арақашықтық, сонымен қатар қоғамдық өмірдегі «оғаштық» 
мәселесімен айналысқан, мысалы, бұл туралы өзінің «Кедейлер» эссесінде айтқан. Зим-
мельдің әлеуметтік түрлерге қызығушылығы кедейлер туралы талқылауларында, оның 
әлеуметтік формалар туралы ойлары өктемдік пен бағыныштылық, үстемдік жайлы тал-
дауларында көрсетілген.
Макродеңгейде Зиммельдің әлеуметтік құрылымдар туралы айтары аз еді, алайда әлем 
тұжырымдамасы Зиммельге барлығын қамтитын үстем дүниетаным – дін, өнер және ғы-
лым туралы баяндауға мүмкіндік берді. Зиммель кейбір дүниетанымдарға байланысты ой 
қозғай келіп, қосалқы мекемелердің біреуі екіншісіне қарағанда зиянды деп қарастырған, 
мысалы, ақша экономикасы. Зиммель әсіресе өзі объективті мәдениет деп атаған саламен 
көп әуестенді. Оны бұл мәдениеттің кеңеюімен қатар жеке тұлғаларды күйрететін жосық-
сыз жойқын ықпалы алаңдатты (мәдениет трагедиясы). Бұл жалпы мәселе оның көптеген 
нақты эсселерінде көрініс табады, мысалы, қала мен айырбас туралы.
«Ақша философиясында» Зиммельдің дәйекті ойлары ақшадан заманауи қоғамдық құн-
дылық мәселесіне, соңында жалпы өмір мәселелеріне алмасты. Зиммель мәдениетке қатыс-
ты көптеген қатерлердің бір бөлігі ретінде мәдениет трагедиясына көңіл аударды. Соңын-
да біз Зиммельдің барлық тоериялық ойларының шоғырын көрсету үшін оның құпиялық 
жайлы еңбегін талқыладық. Зиммельдің ақша жайлы зерттеулері, сонымен қатар құпиялық 
туралы ойлары, микродеңгейдегі құбылыстар туралы толғамдары мен таныстарының бер-
ген бағасына сүйеніп, оның еңбектерінде көркем және алғыр теориялық ориентацияның 
болғанын айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет