Алеуметтану тероиясы indb


5-тарау • Георг Зиммель Құпиялық жөніндегі басқа да ойлар



Pdf көрінісі
бет160/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

199
5-тарау

Георг Зиммель
Құпиялық жөніндегі басқа да ойлар
Келесі кезекте Зиммель құпиялық салдарынан туындаған функция талдауына 
жүгінеді. Зиммель құпиядан «адамның ең үздік жетістіктерінің бірі... құпия – 
адам өмірінің үлкен кеңістігін тудырады: өмірдің саналуандылығы – толық 
жариялылық болған жағдайда да пайда бола алмайды. Былайша айтқанда, құ-
пияға байланысты айқын әлеммен қатар, екінші әлем пайда болады. ([1906] 
1950:330). Нақты айтар болсақ, функциялы көзқарас тұрғысынан алғанда, егер 
құпияға байланысты бірнеше адам арасында болса, құпияны білетіндер арасын-
дағы «біз сеземіз» деген күшті сезімді тудырады. Жоғарғы статус та құпиямен 
байланысты. Субординациялық позиция мен басым жетістіктерде де жасырын 
әлдене бар.
Адамның қарым-қатынасы – құпиядан және оның логикалық қарама-қай- 
шылығы сатқындықтан құралады. Құпия үнемі оны әшкере етуге бола алатын 
диалектикалық мүмкіндікпен қатар жүреді. Сатқындық екі себептен болуы 
мүмкін. Сырттай басқа адам біздің құпиямызды әшкере етуі мүмкін, ал іштей 
біз өзіміздің құпиямызды басқаға айту мүмкіндігіміз бар. «Құпия адамдар ара-
сында кедергі тудырады, алайда сол кедергіні бұзуға, өсек айту мен тәубеге кел-
тіруге деген ұмтылыс пайда болады... Осы екі қызығушылықтың қарама-қайшы 
ойыны адам бойындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін ашады және жасы-
рады (Simmel, [1906] 1950:334).
Зиммель өтірікке қатысты идеяларын өзінің заманауи әлем туралы ауқым-
ды көзқарастарымен байланыстырады. Ол үшін заманауи әлем бұрынғыға қа-
рағанда шындыққа көбірек тәуелді. Заманауи экономика несиелі экономикаға 
айналып барады және несие адамдардың оны қайтаруға деген қалауына байла-
нысты. Заманауи ғылымда зерттеушілер басқа зерттеу нәтижелеріне тәуелді. 
Өйткені бәрін бірдей егжей-тегжейлі зерттей алмайды. Бұл зерттеулерді басқа 
бірқатар ғалымдар жүзеге асырады және оларды зерттеуші тікелей танымайды. 
Осылайша, заманауи ғалым басқа ғалымдардың адалдығына тәуелді болады. 
Зиммель: «Заманауи жағдайда өтірік бұрынғыға қарағанда әлдеқайда сұрапыл 
талқандаушы күшке айналып отыр, мұның өзі біздің өміріміздің негіздеріне кү-
дік келтіреді», – дейді (1906, 1950:313).
Жалпы алғанда, Зиммель құпиялықты заманауи қоғамның әлеуметтік құ- 
рылымы туралы ойлармен байланыстырады. Бір жағынан, қатты дифферен- 
циацияланған қоғам құпиялықтың жоғарғы деңгейін талап етеді. Екінші жа- 
ғынан, диалектикалық құпия мұндай дифференциацияны күшейтеді.
Зиммель бұл құпияны заманауи ақша экономикасымен байланыстырады; 
ақша құпиялықты бұрын-соңды қол жетпеген деңгейге көтерді. Біріншіден, 
ақшаның «сығымдылығы» біреулердің қатысуынсыз жай ғана чектерін тү-
сіру арқылы баюға мүмкіндік береді. Екіншіден, ақшаның абстрактілі және 
сапасыз сипаты «меншікті алу немесе өзгерту келісімшарттарын» жасыруға 
мүмкіндік береді, егер елеулі объектілер айырбасталса, оларды жасыру мүм-
кін емес (Simmel, [1906] 1950:335). Үшіншіден, ақшаны қашықтағы заттар-
ға инвестициялауға болады, осылайша транзакция тікелей жақындағыларға
көрін бейді.
Сондай-ақ заманауи әлемде әдетте қоғамдық істер, мысалы саясатқа бай-
ла нысты істер, өзінің құпиялығы мен қолжетімсіздігін жоғалтады. Керісін-
ше, постмо дерндік қоғамдарға қарағанда, жеке істер әлдеқайда құпия. Мұн-
да Зиммель өзінің құпиялық туралы ойларын заманауи қалада тұратындар-


200
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
мен байланыстырады, «қаладағы сапырылысқан заманауи өмір жеке істерді
жасау мен сақтауға арнал ған құпияға айналды» деп пайымдайды (Simmel, 
[1906] 1950:337]. Жалпы алғанда, «жалпыға ортақ болған одан әрі жұрт-
шылыққа ортақ болады, ал жеке одан әрі жекеге айналады» (Simmel, [1906] 
1950:337).
Осылайша, Зиммель құпиялықты талдай отырып, өзінің теориялық ориен-
тациясының көптеген тұстарын айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет