Алеуметтану тероиясы indb


Әлеуметтік өзгеріс және интеллектуалды ағымдар



Pdf көрінісі
бет165/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Әлеуметтік өзгеріс және интеллектуалды ағымдар
Америкалық әлеуметтану теорияларының пайда болу тарихын талдау бары-
сында Роско Хинкл (1980) мен Эллсуорт Фурман (1980) осы теорияның дү-
ниеге келуінің бірнеше алғышарттарын анықтады. Америка қоғамында Аза-
маттық соғыстан (Bramson, 1961) кейінгі әлеуметтік өзгерістердің маңызы 
өте зор болды. 1-тарауда біз Еуропадағы әлеуметтану теорияларының даму 
факторларының жиынтығын талқыладық, олардың кейбіреулері (индустрия-
ландыру мен урбанизация сияқты) Америкадағы әлеуметтану теорияларының 
дамуымен ты ғыз байланысты. Фурманның көзқарасы бойынша, алғашқы аме-
рикалық әлеу меттанушылар индустрияландырудың позитивті мүмкіндіктерін 
көре білді, сондай-ақ оның қаупін де түсінді. Бұл алғашқы әлеуметтанушылар-
ды индустрия ландыру тарапынан туатын қатерлерді жеңу туралы жұмысшы 
қозғалыстары мен социалистік топтар идеялары қызықтырғанымен, олар қо-
ғамды радикалды қайта құруға қарсы болды.
Артур Видич пен Стэнфорд Лайман (1985) америкалық әлеуметтанудың 
қалыптасуына христиандықтың, әсіресе протестантизмнің ықпалы туралы 
нақты дәлелдер келтіреді. Америкалық әлеуметтанушылар әлемді сақтап қа-
лудың протестанттық жолын таңдап, бір тілдің орнына басқа тілге, яғни ғы-
лымның орнына дінге зейін қойды. «Құрама Штаттарда әлеуметтану жөнінде-
гі алғашқы жұмыстар пайда болған 1854 жылдан бастап Бірінші дүниежүзілік 
соғысқа дейін әлеуметтану америкалық өмірдің, ойлардың, институттар мен 
сенімдердің сан алуан сұрақтарына моральдық және интеллектуалдық тұрғы-
дан жауап берді» (Vidich and Lyman, 1985:1). Әлеуметтанушылар әлеуметтік 
мәселелерді анықтап, зерттеп олардың шешілу жолдарын қарастырды. Шіркеу 
қызметкері адам өмірін дін арқылы жақсартқысы келсе, әлеуметтанушы да бү-
кіл қоғам аумағында дәл солай әрекет етті. Өзінің бастауын діннен алғандық-
тан және дінмен қатар жүретіндіктен, әлеуметтанушылардың басым көпшілігі 
қоғамның фундаменталды заңдылығын жоққа шығармайды.
Хинкл мен Фурман өз еңбектерінде тағы бір маңызды фактор ретінде атап 
өткендей, америкалық әлеументтану 1800 жылдардың соңына қарай Амери-
када бір мезгілде ғылыми мамандықтар (оның ішінде әлеуметтану) мен қа-
зіргі университет жүйесінің қалыптасуына ықпал етті. Еуропада, керісінше, 
университет жүйесі әлеуметтану пайда болғанға дейін қалыптасып үлгерген. 
Әлеуметтанудың Еуропада өз жолын тауып кетуі қиынға соққанына қарамас-
тан, жаңадан құрылып келе жатқан америкалық университеттік жүйеде жолы 
жеңіл болды.
Ерте кезеңдегі америкалық әлеуметтанудың (өзге де әлеуметтік пәндер 
сияқты) тағы бір ерекшелігі – тарихи көзқарастан бас тартып, позитивистік 
немесе «ғылыми» бағытқа бет бұрды. Дороти Росс жазғандай, «біріктірілген 


210
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
абстракцияға қол жеткізу ынтасы және сандық әдістерді қолдану америкалық 
әлеуметтік ғалымдарды тарихи және мәдени антропологиядағы түсіндіруші-
лік интер претативті модельдерінен, сондай-ақ Макс Вебер ұсынған түсіндір-
мелі интерпретативті модельдерді жалпылаудан бас тартқызды» (1991:473). 
Ұзақ мерзімді тарихи өзгерістерді түсіндірудің орнына әлеуметтану қысқа 
мерзімді процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеуге бет бұрды.
Беделді, қалыптасқан еуропалық теорияның америкалық әлеуметтану тео-
риясына тағы бір факторының ықпалы болды. Еуропалық теорияшылар ай-
тарлықтай деңгейде әлеуметтану теорияларының негізін қалаушылар болды, 
ал америкалықтар осы негізді қолдана алды. Америкалықтарға еуропалық ға-
лымдар Спенсер мен Конт айрықша ықпал етті. Алғашқы кезде Зиммельдің 
шығармашылығы да белгілі деңгейде маңызды рөл атқарды. Ал Дюркгейм, 
Вебер және Маркстің алғашқы жылдары айтарлықтай ықпалы болған жоқ. 
Герберт Спенсер идеяларының тарихы ерте кезеңгі еуропалық теориялардың 
америкалық әлеуметтануға қаншалықты ықпал еткенінің қызықты әрі ақпа-
раттық мысалы бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет