196
I
бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
май, оның осы тарауда көтерілген көптеген әлеуметтанулық идеяларын бір
тақырыпқа біріктіруге тырысамыз.
Зиммель бір адам келесі бір адаммен қарым-қатынасқа түсу үшін ол жай-
лы бірқатар ақпарат білуі тиіс деген негізгі фактіден бастайды. Мысалы, біз
кіммен істес болып тұрғанымызды білуіміз қажет (мысалы, дос, туысқан, дү-
кенші). Біз басқа адам жайлы көп нәрсе білуіміз мүмкін, алайда оларды толық
тани алмаймыз. Демек, біз ешқашан өзге адамның барлық ойын, көңіл күйін
біле алмаймыз. Алайда олар жайлы білген там-тұм мәліметімізбен қандай да
бір унитарлы тұжырымдама тұжырымдаймыз. Біз қарым-қатынасқа түсетін
адамдар жайлы тізбектелген менталды бейне құраймыз.
Зиммель қарым-қа-
тынас (бол мыс) пен басқалар жайлы ойша бейне (түсінік) арасынан диалек-
тикалық бай ланыс байқайды: «Біздің қарым-қатынасымыз бір-біріміз жайлы
білімдер және шынайы қарым-қатынас негізінде өрбиді. Олар үздіксіз бір-бі-
рімен шырмалады» ([1906] 1950:309).
Біз өміріміздің барлық аспектісінде шындыққа көз жеткізіп қана қоймай,
білімсіздік пен қателіктерге де ұрынамыз. Алайда басқа адамдармен қарым-
қатынас барысында білімсіздік пен қателіктер өзіндік сипатқа ие болады. Бұл
біз қарым-қатынасқа түсетін адамдардың ішкі өміріне қатысты. Адамдар кез
келген басқа білім объектісіне қарағанда өзі туралы шындықты айтуға немесе
өтірік айтып, қандай да бір сырды жасыруға қабілетті.
Адамдар барлығын ашқысы келсе де (олар үнемі дерлік мұны жасамайды),
олар мұны істей алмайды, себебі ондай көп мөлшердегі ақпарат «барлығын
жындылар үйіне тоғыттырар еді» (Simmel, [1906] 1950:312). Адам
өзгелерге
не жариялайтынын таңдауы тиіс. Сапалық мәселелер туралы Зиммельдің көз-
қарасына сүйенсек, біз өзіміздің ішкі өміріміздің «фрагменттерін» ғана хабар-
лаймыз. Сонымен қатар жарияланатын фрагментті таңдап аламыз.
Бұл шындықты басқалардан
әдейі жасыратын қарым-қатынас формасы –
өтірікке алып келеді. Өтірік тек басқалардың қате тұжырымдаманы қабыл-
дауымен ғана байланысты емес, өтірікшінің басқаларды алдаймын деген бол-
жауымен де байланысты.
Зиммель өтірікті әлеуметтік геометрия тұрғысынан қарастырады, нақты-
рақ алғанда, бұл – оның арақашықтық туралы идеясы. Мысалы, Зиммельдің
ойынша, біз өзімізден алшақ адамдардың өтірігіне шүбәсіз сеніп, бойсұна-
мыз.
Осылайша, «Колумбия аймағы, Вашингтон саясаткерлерінің жиі-жиі
жалған айтатынын түсіну қиынға соқпайды». Керісінше, «жақын адамда-
рымыздың жалған сөйлегені біздің жанымызды ауыртады» (Simmel, [1906]
1950:313). Жұбайыңның, досыңның немесе баланың айтқан өтірігі біз үшін
тек теледидар арқылы ғана таныс мемлекет қызметкерінің өтірігінен әлде-
қайда ауыр тиеді.
Жалпы, арақашықтық көзқарасынан алғанда, күнделікті
коммуникация екі
жаққа да белгілі элементтер мен тек біреуге ғана белгілі фактілермен бірікті-
ріледі. Соңғының болуы барлық әлеуметтік қарым-қатынастардағы «алшақ-
тыққа» әкеп соғады. Зиммель «әлеуметтік қарым-қатынас – қатысушыларға
белгілі бір элементтер мен қатысушының әрқайсысына белгісіз болатын эле-
менттердің болуын қажет етеді» деп тұжырымдаған. Басқаша айтқанда, ең
жақын деген қарым-қатынастың өзі жақындықпен қатар алшақтықты, бір-бірі
туралы мағлұмат пен бір-бірінен құпиялықты қажет етеді. Осылайша,
құпия-
лық – барлық әлеуметтік қарым-қатынастың ажырамас бөлшегі, ал егер құпия
жасырылған адамға белгілі болса, қарым-қатынас мүлдем жойылуы мүмкін.
197
5-тарау
•
Георг Зиммель
Құпиялық қоғамның үлкен-кішілігіне байланысты. Шағын топтарда құ-
пия сақтау қиын: «Барлығы бір-бірімен жақын араласады және айналада бо-
лып жатқан жайларға бәрі де құлақ түріп отырады,
осының бәрі құпиялық-
ты қиындатады». (Simmel, [1906] 1950:335). Сонымен қатар шағын топтарда
құпиялар қажет емес, себебі барлығы бір-біріне тым ұқсас. Ал үлкен топтар-
да, керісінше, құпияны сақтау жеңіл және құпияны сақтау қажет, сондай-ақ
бұл топтағы адамдар арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар.
Көлем мәселесіне келетін болсақ, макроскопиялық деңгейде құпиялық
тек қарым-қатынас формасы ғана емес (шамасы, ол
көптеген бас қа форма-
ларға да қатысты), топтың жалпы сипатын айқындай алады. Бір адамға ғана
тиесілі құпияға қарағанда,
жасырын қоғамда құпия оның барлық мүшелері-
не қатысты болады және олардың арасындағы өзара қарым-қатынасты анық-
тайды. Алайда жеке адамға қатысты туындаған жағдай сияқты, жасырын қо-
ғамның құпиясы да мәңгілік жасырын бола алмайды. Мұндай қоғамда құпия
әшкере болуы мүмкін деген фактіге байланысты үнемі
шиеленіс туындайды,
осылайша жасырын қоғам тіршілігінің бар негізі жойылуы ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: