Алеуметтану тероиясы indb


Джозеф Шумпетер (1883–1950)



Pdf көрінісі
бет169/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Джозеф Шумпетер (1883–1950). Веблен сияқты, Джозеф Шумпетер де әлеу-
меттанушы емес, экономист еді, алайда әлеуметтануда ол маңызды тұлғалар қа-
тарында болды, ол әсіресе экономикалық әлеуметтану саласында маңызды тұл-
ға болып саналды (Dahms, 2011a; Swedberg, 1991). Капитализм теориясын, яғни 
капиталистік жүйенің негізінде жатқан «шығармашылық бұзылу» процесін 
тұжырымдаған еңбегі оны ғылыми ортаға кеңінен танытты (Shumpeter, 1976). 
Капитализм үшін жаңашылдық немесе инновация маңызды болды, алайда ол 
жаңа элементтер мен капиталистік жүйеге кедергі келтіретін ескі және ескірген 
элементтер жойылмайынша жүзеге асуы мүмкін емес. Бұл – капитализмнің ди-
намикалық теориясы және Шумпетердің жоғары динамикалық экономикалық 
теориясының бір бөлігі. Ол өз әдісін экономикалық салаларда басымдыққа ие 
және оның сынына көбірек ұшырайтын статикалық теорияларға (сұраныс пен 
ұсыныс) қарсы қояды.
Чикаго мектебі
1
Чикаго университетінің әлеуметтану бөлімін 1892 жылы Альбион Смолл құр-
ды. Смоллдың шығармашылығы оның Құрама Штаттардағы әлеуметтанудың 
дамуындағы жеке рөлімен салыстырғанда маңызы төмендеу болды (Faris, 1970; 
Matthews, 1977). Ол осы елдегі көптеген жылдар бойы әлеуметтану пә ні нің 
орталығына айналған Чикагодағы бөлімді құрды. 1894 жылы Смолл әлеу мет-


216
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
тану бойынша алғашқы оқулық авторларының бірі болды. 1895 жылы ол қа-
зіргі күнге дейін әлеуметтану саласындағы ең беделді басылымдардың бірі бо-
лып саналатын American Journal of Sociology журналының негізін қалады. 1905 
жылы Смолл әлі күнге дейін маңызы зор америкалық әлеуметтанушы лардың 
кәсіби қауымдастығы – Америкалық әлеуметтанушылар қоғамының негізін 
қалаушылардың бірі болды (Rhoades, 1981) (Америкалық әлеуметта ну шылар 
қоғамының сәтсіз аббревиатурасы ASS [American Sociological Society], Амери-
калық әлеуметтану қауымдас тығына – ASA [American Sociological Association] 
деп өзгертілді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет