239
6-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: кейінгі кезең
Бір кезде марксистік лагерьдің қатарындағы айрықша ғалым енді, міне,
марксизмнің анағұрлым радикал сыншыларының біріне айналды. Басқалар
қиындықтарды мойындайды, алайда түрлі әдістермен марксизмнің заманауи
қоғамға бейімделуіне бағытталады (Brugger, 1995; Kellner, 1995). Бұл өзгеріс-
терге түрлі әдістер арқылы бейімделуге тырысқан
марксистік теорияшылар
үшін әлеуметтік өзгерістер үлкен мәселелер туындатты. Сондай-ақ марксистік
әлеуметтік теорияның «өркендеу дәуірі» аяқталды делінді. Марксистік әлеу-
меттік теорияшылар өмір сүруін тоқтатпайды, алайда әлеуметтанудың жаңа
тарихында бұрынғыдай дәрежеде қуатты серпін туғыза алмайды.
Неомарксистік теориялар жаһандану жағдайында әлемдегі теңсіздік пен
өзге де әділетсіздік нәтижесінде бай елдер бай бола береді, кедей елдер кедей-
лене түседі деген түсінік қалыптасқан кезде (Stiglitz, 2002) бұрынғы дәреже-
сіне жете алмаса да, кіші ренессансты бастан кешіп жатыр (Hardt and Negri,
2000). Көптеген марксист авторлардың ойынша, міндетті түрде ауыздықтал-
ған капитализммен және қанағатсыздықпен қоян-қолтық бірге жүретін жаһан-
дану бүкіл әлемнің ашық болуына ықпал етті (Ritzer, 2004). Егер, шындығын-
да, жоғарыда айтылғандай, қайшылық барған сайын асқына түссе, жаһандық
капиталистік экономикаға қолдануға келетін марксистік теорияға қызығушы-
лық туындауы әбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: