260
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Стратификацияның құрылымдық-функционалдық теориясы 1945 жылы
жарық көрген сәттен бастап (see Tumin, 1953, for the first important criticism;
Huaco, 1966, for a good summary of the main criticisms to that date; and
P. McLaughlin, 2001, for a philosophical overview) үлкен сынға ұшырады. Стра-
тификацияның функционалдық теориясына айтылатын ең негізгі сын – қо-
лында билігі, беделі және ақшасы бар адамдардың артықшылық жағдайын
сақтап қалуға тырысуы.
Мұндай адамдар сыйға әбден лайық. Шын мәнінде, оларға қоғамның игілігі
үшін мұндай сый ұсынылуы керек.
Функционалдық теорияны бұрынғы қоғамдардағы стратификацияланған
әлеуметтік құрылымның болашақта да дәл солай өмір сүруін жалғастыра беруі
қажет деп есептегені үшін сынға аламыз. Болашақ қоғамдардың басқа, бейтарап
жолдармен ұйымдастырылуы әбден мүмкін.
Бұған қоса қоғам үшін маңыздылығына қарай ажыратылатын функционал-
дық позицияларды қолдау оңайға соқпайтыны тұжырымдалды. Шын мә нінде,
қоқыс жинаушылар қоғамның өмір сүруі үшін жарнамалық басшыдан гөрі ма-
ңызды ма? Қоқыс жинаушылардың айлығы мен беделінің төмендігіне қарамас-
тан, олар қоғамның өмір сүруі үшін аса маңызды болуы мүмкін. Қандай да бір
позиция қоғам үшін маңыздырақ қызмет атқарады деп айтқан жағдайдың өзін-
де, жоғарырақ марапаттаудың маңызды позицияға тиесілі болуы міндетті емес.
Медбикелер кино жұлдыздарына қарағанда қоғам үшін әлдеқайда маңыздырақ
болуы әбден мүмкін, алайда олардың фильм жұлдыздарымен са лыстырғанда қа-
дірі, беделі және кірістері төменірек.
Жоғары деңгейдегі лауазымдарды атқаруға қабілетті адамдар тапшылығы бар
ма? Шындығында, көптеген адамдардың қабілеті болса да, беделді лауазымдар-
ға қол жеткізу үшін қажетті білім алуға мүмкіндігі болмайды. Медици налық ма-
мандықта, мысалы, тәжірибелі дәрігерлердің санын шектеу бағытында тұрақты
жұмыс жүргізіледі. Жалпы алғанда, көптеген қабілетті адамдар қоғамда өздерінің
қосатын үлесіне деген қажеттілік бар болса да, ешқашан жоғары лауазымдарда
жұмыс істей алатынын көрсете алмайды. Жоғары лауазымдардағы адамдар өзде-
рінің саны жағынан аз, ал күші мен табысы жағынан жоғары болуға мүдделі.
Ақыр соңында, біз жоғары деңгейдегі лауазымдарға ие болғысы келетін адам-
дарға билік, бедел мен табыс ұсынуға міндетті емеспіз деп айтуымызға болады.
Адамдар көбінесе тең деңгейдегі жақсы жұмысқа қанағаттанып немесе өзгелерге
қызмет ету арқылы өздерін ынталандыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: