257
7-тарау
•
Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы
Құрылымдық функционализмде
құрылымдық және
функционалдық тер-
миндер әдетте тіркесіп келгенмен, біртұтас мағынада қолданылмайды. Біз
қоғамның құрылымын басқа құрылымдардың функцияларына (немесе сал-
дарларына) байланыссыз зерттей беруімізге болады. Дәл сол сияқты, біз құ-
рылымдық формасы жоқ түрлі әлеуметтік процестердің қызметтерін де қарас-
тыра аламыз. Дегенмен осы элементтердің екеуі де құрылымдық функциона-
лизмді сипаттайды.
Құрылымдық функционализм әртүрлі формада болса да (Abrahamson, 1978),
қоғамдық функционализм әдетте әлеуметтік құрылымдық функционалистер
арасында басым бағыт (Sztompka, 1974) және сол себепті осы тараудың басты
тақырыбы болып отыр.
Қоғамдық функционализм бірінші кезекте қо ғамның кең
ауқымды әлеуметтік құрылымдары мен институттары, олардың өзара байланы-
сы мен акторларға тигізетін шектеулі әсеріне баса назар аударады.
Достарыңызбен бөлісу: